Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі
Автор: 30101991 • Январь 3, 2018 • Реферат • 2,013 Слов (9 Страниц) • 3,604 Просмотры
Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі
Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі - балаға да және оның ата-анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін баланың дені сау және жан-жақты даярланған болуы қажет.
Мектепте оқу - бала өміріндегі әр түрлі жүктемесі бар ең маңызды кезеңге жатады: бала өміріндегі әлеуметтік -психологиялық өзгерістер - жаңа қарым-қатынастар, жаңа міндеттер, «оқушының» жаңа әлеуметтік рөлі. Оқушы болу баланы саналы түрде өзінің орнын, мұғалімнің позициясын, қарым-қатынастағы белгіленген ара қашықтықты, осы қарым-қатынастар құрылатын ережелерді талап етеді. Мұнда баланың мектепке бейімделуінің бірінші кезеңінде баланы бірге алып жүретін адамдар - мұғалімдер мен ата-аналар қандай іс-әрекеттерді таңдайтындығы; қандай да бір қиын жағдайда тиімді әрі дер кезінде психологиялық қолдау көрсету мүмкіндіктерінің қалай болатындығы өте маңызды рөл атқарады. Әсіресе алғашкы күндер (кейбір балалар үшін алғашқы айлар) қиын болады. Бұл уақытта жаңа жағдайға бейімделудің қиын үдерісі жүріп жатады. Бейімделу кезеңінде баланың ұйқысы бұзылады, тәбеті тартпайды, ашушаңдық, мазасыздық, тұйық мінезділік, жылау, балаға тән емес көп сөйлегіштік немесе сөзге сарандық және т.б. өзгерістер болады. Бұлардың барлығы жүйкесінің шаршауының сыртқы көрінісі болып табылады, бірақ бұл өзгерістер уақыт өте келе қалпына келеді, балалар мектеп өміріне үйренеді, аз шаршайды; көңіл-күйлері көтеріңкі жүреді, ата-аналарымен, құрдастарымен еркін араласады, тапсырмаларды орындауға тырысады.
Көптеген балалардың мектепке бейімделу үдерісі осылайша орын алады. Ал кейбір балаларда жаңа жағдайға бейімделу аса ауыр міндет болып табылады: олар жиі әрі ұзақ ауырады, ауырғаннан кейін ағзалары әлсіреп, қарсы тұру қабілеті төмендейді.
Неліктен көптеген балалар оқудың алғашқы кезеңін бұлай қабылдайды? Мәселе өте күрделі. Балалардың мектепке бейімделу ерекшеліктерінің басты себептердің бірі - баланың денсаулық жағдайы, биологиялық жетілу деңгейі, сондай-ақ оқыту үдерісіне қажетті сол біліктер мен әрекеттердің дамуы болып табылады.
Осыдан барып баланы мектепке оқытуға міндетті түрде дайындау қажет деген қорытынды шығады. Мұндай дайындыққа баланың денсаулығын нығайту, баланың оқуға деген қажетті дағдыларды меңгеруі жатады. Басты табыс - педиатр-дәрігерлердің, ата-аналар мен тәрбиешілердің күштерін біріктіре жұмыс атқаруы болып табылады.
Сондықтан балалар бақшасына бармаған болашақ бірінші сынып оқушысының ата-анасы баланы дер кезінде толық медициналық тексертуден өткізіп, дәрігерлердің нұсқауын толығымен орындауы қажет.
Баланың мектепте оқуға әзірлігі. Мектепте оқуға әзірлік мәселесі - педагогика және психология ғылымдарының теоретиктері мен практиктерінің қызығушылықтарын тудырып жүрген зерттеу саласының бірі. Баланың мектепте оқуға дайын еместігі оның өміріндегі келесі кезеңдерде де көптеген мәселелерді туғызуда.
«Баланың мектепте оқуына дайындығы» ұғымын Л.А.Венгер былай дейді: «Мектепке дайын болу - оқу, жазу және есептей алу ғана емес. Мектепке дайын болу - осылардың барлығын үйренуге дайын болу» [1 ].
Балаға «осылардың барлығына үйренуге» не көмегін тигізеді? Алдымен мектепке деген дәлелді әзірлік болуы қажет, яғни балалардың оқуға деген ынтасы болуы керек. Баланың ынтасы туралы ақпаратты олармен сюжетті-рөлдік ойындар ойнау барысында алуға болады. Мектепте оқуға дайын балалар оқушылардың рөлінде ойнауды жөн көреді, олар жазады, оқиды, есептер шығарады және тақтаға шығып, жауап береді, баға алады. Дайын емес балалар және жас шамасы жағынан кіші балалар мұғалімнің рөлінде ойнайды, сонымен қатар олар үзіліске, мектепке келу мен одан қайтуға, мұғаліммен амандасуға көңіл бөледі.
...