Сөйлеуі бұзылған мектепке дейінгі балалардың сөйлеу дыбысын дұрыс айтылуын қалыптастыруда қазақ фольклорын пайдалану
Автор: Anellya • Июнь 1, 2018 • Курсовая работа • 12,560 Слов (51 Страниц) • 998 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті
Педагогикалық факультет
Педагогика және психология кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Логопедиялық сабақтарда сөйлеуі бұзылған мектепке дейінгі балалардың сөйлеу дыбысын дұрыс айтылуын қалыптастыруда қазақ фольклорын пайдалану
Мамандық шифры | Оқу түрі | Топ |
5В010500 | Күндізгі | ДФ-15к |
АВТОР: Нургасымова Анель ___________
ЖЕТЕКШІ: аға оқытушы Дюсенбаева Б.А. ___________
(қолы, күні)
Петропавл, 2018 жыл
Мазмұны | |
Кіріспе | 3 |
1. Негізгі сөйлеуі бұзылған мектепке дейінгі балалардың сөйлеу дыбысын дұрыс айтылуын қалыптастыруда қазақ фольклорын теориялық пайдалану | 5 |
1.1 Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу дыбысын дұрыс айтылуындағы бұзылыстарының ерекшеліктері 1.2 Сөйлеу тілін дамытудағы халық ауыз әдебиетінің маңызы
| 5 17 |
2. Сөйлеуі бұзылған мектепке дейінгі балалардың сөйлеу дыбысын дұрыс айтылуын қалыптастыруда қазақ фольклорын пайдалану | 25 |
2.1 Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу дамытудағы қазақ фольклорының рөлі | 25 |
2.2 Мемлекеттік білім беру мекемесінің мазмұнын талдау және мектепке дейінгі жастағы балаларды «Үлгілі бала», «Байланыс» бағдарламасы арқылы балалардың сөздік қорын дамыту | 31 |
Қорытынды | 36 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 37 |
Кіріспе
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді, және денсаулығы мықты азаматтар.Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 – 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда.Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды» деген болатын [1].
Өзектілігі: Балабақша жасындағы балаларды жан – жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда тәрбиешілер мен педагогикалық қызметкерлер алдында үлкен мақсатты жұмыс тұрғандығын көрсетеді. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан –жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.
...