Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаңа мектепке-жаңашыл мұғалім

Автор:   •  Февраль 17, 2019  •  Эссе  •  924 Слов (4 Страниц)  •  5,886 Просмотры

Страница 1 из 4

[pic 1]   

Молдабаева Гульден Алмасовна

№6 орта мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі

«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз»

        Мұғалім мамандығы – бар мамандықтың атасы. Бұл – ешқашан өзгермейтін заңдылық. Ол – бар мамандықтың көшбасшысы. Әркез солай бола бермек.                                                                                                                                                                                                                      

    Ұстаз... Жай ғана қарапайым сөз... Осы қарапайым ұғымның әрбір адамзат жүрегінен орын алатыны, тек қана орын алып қана емес, оның өмірлік ұстанымының, дүниеге деген көзқарасының, адами қасиеттерді сіңіруінің қайнар көзі екендігі сөзсіз.   

   Мен - осы қиын болғанмен қасиетті, ауыр болғанмен абыройлы - мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін, өзімді мақсатына жеткен бақытты жандардың бірі санаймын. Ұстаз – бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мағыналы сөз деп танимын. Өйткені, осы сөзде қаншама мағына, қаншама мән жатыр. Ұстаздық жолға келуімнің басты бір себебі- туған анам. Анам Еңбекшілдер ауданында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Сондықтан осы бір мамандыққа деген сүйіспеншілік бойыма бала кезден дарыған болуы керек. «Үлкен бір жұмысты сәтті орындаудың бір ғана жолы бар. Ол істі жан-тәнімен сүю қажет» демекші, адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Жас маман бола тұра табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілеймін. Алға қойылған мақсаттарымның орындалуын көксеймін. Осы үшін әрекет жасаймын, еңбек қыламын. Шәкірттердің әр жетістігіне қуану мен өз еңбегіңнің жемісін көру – ұстаз үшін үлкен бақыт. Өз шәкірттерімді баули жүріп, кез - келген жұмыста нәтижеге жетуге ынталандырамын, оларға сенім білдіремін. Сенім болмаса, адам баласы жетем деген биігіне жете алмайды. Нәтижесінде шәкірттерім түрлі деңгейдегі сайыстар мен олимпиадаларға қатысу, ғылыми жобалар қорғауда жүлделі орындарды иеленіп, жоғары белестерден жиі көрініп жүр. Жан - жағыма жиналған шәкірттерімді көргенде, жапырағымның жайқалып өскеніне, еңбегімнің жемісті болғанына шүкіршілік етем. Жапырақтармен бірге діңім де қатайып, бұтақтарым да жайыла бастағаны жас жүрегімде шәкірттеріме деген махаббаттың одан бетер маздай түскендігін сездіреді. Әрбір шәкірт мені үлгі тұтып, менімен бір мақсатқа бірігуге талпынса, бір мүддеге бағыт алса, қоғамның ауыр да абыройлы жауапкершілігін арқалаудан мен жалықпаспын.

     Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті.

     Ал жаңашыл ұстаз қандай болуы керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Өмірдің көшінен қалмау, яғни білімі мен біліктілігін әрдайым жетілдіріп, жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп отыруы керек. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Ж.Аймауытовтың «Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген сөзін ескере отырып ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуға ұмтыламын. Ұстаз болу жүректің батырлығы. Осынау қиын да қызықты, қастерлі де қасиетті мамандық иесі болу оңай емес. Бірде күліп, бірде шаттанып, бірде мұңайып, өзінің ұлы ісін тастамай алып жүру-ұстаз үшін басты жетістік. Кемшіліксіз болу мүмкін емес, оны түзеу жолында іс жасасаң ғана ілгері басасың. Шығармашылықпен жұмыс істесең ғана, шәкірттің жүрегіне жол табуға болады.
Шәкірттерімді адамгершілігі бар, ұлттық тәрбиені бойына сіңірген, отаншылдық рухы жоғары тұлға ретінде тәрбиелеуде, оқу үшін оқытуда бар күш жігерімді жұмсаймын. Себебі өз мамандығымды, шәкірттерімді жақсы көремін. Жаңашыл мұғалім еңбек ету үшін жаңашылдыққа ұмтылып, ізденуі керек. Әлемдік білім беру жүйесі де, тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Кейбір ұстаздар біздің жасымыз ұлғайған, сондықтан жастар ізденсін, жаңашылдықты солар меңгерсін дейді. Өзінің заман ағымына ілесе алмай тоқырауға ұшырағанын білмейді де. Мен оған келіспеймін. Қазақстанның жаңашыл ұстазы , жас ерекшелігіне қарамай үнемі жаңашылдыққа ұмтылуы, ізденуі, шығармашылыққа бағытталуы керек. XXI ғасыр – білімділер ғасыры. Мәңгілік ел атануымыз үшін ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, парасатты ұрпақ тәрбиелеп жатқанымызды бір сәт те естен шығармауымыз керек.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (109.1 Kb)   docx (24.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club