Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің даму тарихы

Автор:   •  Декабрь 16, 2018  •  Лекция  •  19,965 Слов (80 Страниц)  •  3,175 Просмотры

Страница 1 из 80

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР ФАКУЛЬТЕТІ

БІЛІМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ КАФЕДРАСЫ

Мамандық аты, шифры: 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Пән оқытушысы: аға оқытушы Ш.И.Исахова

B.117 «Білім берудегі менеджмент» пәнінен

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

Түркістан

Лекция тезистері ҚР БҒМ 6.08.058-2010 ж. №7  бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және ҚР БҒМ  «12»09.2007ж №1   бұйрығымен бекітілген пәннің типтік оқу бағдарламасы (оқу бағдарлама - таңдау компоненттері үшін) негізінде дайындалған.

Лекция тезисті дайындаған:                         Исахова Шахизада Исмаилқызы                                                                         

Лекция тезист кафедраның №  1 «03» 09. 2018 ж. мәжілісінде  талқыланды.

Кафедра меңгерушісі                       п.ғ.к.,доцент А.К.Рысбекова        

Лекция тезист факультеттің №1 «02» 09. 2016 ж ОӘК-де қаралып,  мақұлданды.  

Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы          ___________ п.ғ.к.,доцент М.Б.Жаздықбаева

                                                                                                                                                                                                                                                                                 

ЛЕКЦИЯ  ТЕЗИСТЕРІ

1 тақырып: Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің даму тарихы.

Жоспары:

  1. Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің дамуы және қалыптасуының негізгі кезеңдері.
  2. Кеңес үкіметі кезеңіндегі мектепке дейінгі тәрбие.
  3. Қазақстандағы алғашқы балабақшалар, олардың типтері.

Лекция мақсаты: Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің дамуы және қалыптасуының негізгі кезеңдерін, шет елдердегі, россиядағы, қазақстандағы мектепке дейінгі мекемелердің даму тарихынан мәлімет алу.

Міндеттері: Мектепке дейінгі тәрбиенің даму тарихынан мәлімет беру.

Оқытудың техникалық құралдары: проектор, диафильм, слайд

Лекция оқудың тәртібі, оқытудың әдістері мен түрлері: кіріспе лекция; Түсіндіру, сөздік түсіндіру, баяндау

Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі бастамасы XVII ғасырға жатады. Бұл кезде чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592‒1670) мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Я.А. Коменский өз еңбектерінде бала тәрбиесі мен дамуындағы прогресшіл идеяларды басшылыққа алып, тәрбиеде баланың жеке басының дамуы мен ерекшеліктерін ескеру қажет деп есептеген. Тәрбие жұмысы дұрыс ұйымдастырылса, енжар бала да тәрбиелі, тәлімді болып өседі деген. Я.А. Коменскийдің пікірінде кейбір қателіктер де орын алған. Мысалы, баланың «қоғам мүшесі» екенін жете бағаламай, оның дамуы тек табиғат заңдары бойынша ғана өтеді, ‒ деп ағаттық жіберген. Я.А.Коменскийдің кейбір жайттерде тарихи жағынан шектелгендігі, діни көзқарасындағы қателіктерін ескермегенде, оның педагогикалық құнды идеялары мектепке дейінгі бала-ларды тәрбгіелеуде үлкен роль атқарған.

      Француздың атақты жазушысы, философы, аса ірі ағартушыларының бірі Жан-Жак Руссо (1712‒1778) тәрбиенің өзіндік теориясын жасаған. Ол феодалдық қоғам тудырған әлеуметтік әділетсіздікті, баланың жас және жеке даму ерекшеліктерін, қажеттерін ескермеген тәрбиені қатты сынаған. «Эмиль немесе тәрбие туралы» еңбегінде бала дамуын жас шамасына қарай кезеңдерге бөлу, әр кезендегі тәрбие міндетін, мазмұнын, оқу-тәрбие әдістерін белгілеуге әрекет жасаған. Оның педагогикалық идеялары гуманизмге, демократизмге, балаға деген сүйіспеншілікке, жан-жақты дамытуға толы еді. Баланың өздігінен дамуына ерекше орын беріп, оларға екі жастан он екі жасқа дейін кітап оқып берудің, ой салудың қажеті жоқ, оның кітабы табиғат болу керек, табиғаттың өзі баланың ақыл-ойын дамытудың негізі, ал тәрбиешінің ролі оның әрекетін ұйымдастырумен ғана шектеледі деген Жан-Жак Руссо тәрбие арқылы қоғамды өзгертуге болады деп ойлаған. Руссоның тәрбие туралы бұл пікірлері идеалистік тұрғыда бола тұрса да, тарихи тұрғыдан алғанда прогресшіл еді.

...

Скачать:   txt (297.4 Kb)   pdf (645.1 Kb)   docx (859.1 Kb)  
Продолжить читать еще 79 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club