Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жоғарғы мектеп педагогикасы – кәсіпқой мамандарды тәрбиелеу туралы ғылым

Автор:   •  Октябрь 14, 2022  •  Реферат  •  2,688 Слов (11 Страниц)  •  298 Просмотры

Страница 1 из 11

2 дәріс

Тақырыбы: Жоғарғы мектеп педагогикасы – кәсіпқой мамандарды тәрбиелеу туралы ғылым

Жоспары:

1. Педагогика пәні

2. Жоғарғы мектеп педагогикасының ерекшеліктері

3. ЖОО-дағы педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері

4. Жоғарғы мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі формалары

1. Педагогика пәні

Педагогика пәні – оқыту, білім беру, тәрбиелеу жағдайында адам тұлғасын бағытты түрде дамыту мен қалыптастыру үдерісі немесе қысқаша айтқанда, адамды тәрбиелеу, қоғамның айрықша функциясы.

Бүгінгі таңда «педагогиканың» екі мәні бар:  

1. Ғылыми білімдер саласы

2. Практикалық қызмет саласы, кәсіп, өнер, бұл ретте бұрынғы кездері «педагогия» сөзі әредік қолданылатын еді. Педагогиканың негізгі санаттары: дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу, білім беру, оқыту, үйрету.

Адамды дамыту – ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын әлеуметтік және табиғи факторлардың ықпалымен адамды  тұлға ретінде қалыптастыру үдерісі.

Бұл сапаның қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға көшуін білдіретін өзгеріс; сандық өзгерістер жинақтала келіп, сапалық өзгерістерге ұласатын үдеріс. Жаңару, жаңаның туындауы мен ескінің жойылуы түріндегі үдеріс болғандықтан, дамыту регресске (кері кетуге), құлдырауға қарама-қарсы үдеріс болып табылады.  

Даму нысанның барлық өзгерулерінен өзгеше. Нысан өзгеруі мүмкін, бірақ, өзгерудің барлығы даму емес, өзгере тұрып, дамымауы мүмкін.

«Даму мен білім ешкімге беріле салмайды, ешкімге хабарлана салмайды. Даму мен білімге қол жеткізем деген әрбір адам оған өз еңбегімен, өз күшімен, қабылетімен, қажыр-қайратымен жетуі тиіс...» (Адольф Дистерверг).

Дамудың қайнар көзі мен ішкі мазмұны ескі мен жаңаның арасындағы қайшылықтың бар екендігі болып табылады.

Л.С. Выготский балалар үшін дамудың екі кезеңін атап көрсетеді:

  • Маңызды даму деңгейі – баланың бүгінгі таңға қалыптасып үлгерген психикалық функцияларының ерекшеліктерін білдіреді;
  • Жақын болашақтағы даму аймағы – баланың ересектермен  бірлесе отырып қол жеткізу мүмкіндігін білдіретін, әлі жетілмеген, бірақ қалыптасып келе жатқан психикалық үдерістерінің аймағы.

Педагогтар баланың ертеңгі дамуын көре білуі тиіс: ол бүгінде ересектердің көмегімен жасағанын ертеңгі күні өзі жасауы тиіс.


Қалыптасу

Қалыптасу – адамның әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, идеологиялық, тәрбиелік және т.б. сияқты жекелеген факторлардың  ықпалымен әлеуметтік жаратылыс ретінде қалыптасу үдерісі. Адамның әлеуметтік мәні – тұлға.

Адам – ойлау, сөйлеу қабілеті бар, еңбектену және тану қабілетіне ие жаратылыс.

Тұлға – жеке психологиялық ерекшеліктері бар, өзінің қоршаған ортаға қатынасын сезінетін, қоғамдық қатынастардың объекті және субъекті.

Педагогика бүгінгі таңда оқыту мен тәрбиелеу мәселелері жөніндегі іргелі ғылым болып табылады. Педагогиканың теоиялық және әдістемелік идеяларын сауатты қолдана білмей тұрып, білім берудегі реформаны аяғына дейін жеткізу, білім беру мекемелерінің жұмысын жетілдіру мүмкін емес. Өз кезегінде педагогиканың дамуына идеология, саясат пен қоғамның жастарды тәрбиелеу мен білім беруге деген қажеттіліктері әсер етеді.

Педагогиканың дамуына қосалқы әсер ететін факторлар да бар:

  • Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы;
  • Педагогикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеу;
  • Педагогикалық әдістерді инновациялық тұрғыдан байыту.

Тәрбие өзінің жалпы мағынасында тұлғаның зердесін, физикалық және рухани қуатын қалыптастыру, оны өмірге, белсенді еңбекке дайындау үдерісі дегенді білдіреді. Қысқаша мағынасы – тәрбиеленушілердің бойында адамдар мен қоршаған ортаға лайықты қатынасты қалыптастыру мақсатында тәрбиешінің тарапынан жасалатын жүйелі және мақсатты ықпал.

...

Скачать:   txt (42.6 Kb)   pdf (152 Kb)   docx (22.3 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club