Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жоғары мектеп педагогикасы

Автор:   •  Октябрь 31, 2020  •  Реферат  •  2,570 Слов (11 Страниц)  •  850 Просмотры

Страница 1 из 11

Тапсырма 4 және 5 апталарға қосымша

Компьютердің және интернет ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып келесі тапсырманы орындаңыз:

1 Назарбаев зияткерлік мектептері мен университетінің білім мазмұнының сипаты мен оқыту әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктері

2  Жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің тарихы мен білім беру үрдісінің сипаттамасы

3 Еуропадағы университеттік білім

4 Қытай білімі және жоғары білім беру тарихы

5  Жапонияның білім берудегі императорлық университеттері және олардың артықшылықтары

6. Әлемдегі ең үздік университеттер және олардың жетістіктерінің тарихы

7  Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі және оларды жетілдіру жолдары

Жауаптар:

1. Қазақстан Республикасының «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қорының мәртебесі туралы» заңдарына сәйкес Назарбаев Зияткерлік мектептері орта білім беруге арналған заманауи оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу (апробациялау), енгізу, мониторинг өткізу алаңы болып табылады.

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның (бұдан әрі – ДББҰ) стратегиялық серіктесі Кембридж Университетінің Халықаралық емтихан кеңесімен бірлесе әзірлеген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Білім беру бағдарламасы, яғни NIS-Program, жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша білім беру үдерісін жүзеге асыруға бағытталған.

Зияткерлік мектептердегі құндылықтар мен оқу мақсаттары

Білім беру бағдарламасында білімнің маңыздылығын анықтайтын құндылықтар белгіленген. Олардың мәні өзіндік тұлғалық әлеуетін жүзеге асыра алатын, өз өмірінің сапасы мен қоршаған ортаны жақсарта алатын адамды тәрбиелеу ісінен көрінеді. Мына құндылықтар өмірлік бағдар ретінде оқушыға үйлесімді дамыған зиялы тұлға болуға мүмкіндік береді:

-                   ҚҰРМЕТ

-                   ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

-                   ашықтық

-                   ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

-                   ЕҢБЕК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

-                   ӨМІР БОЙЫ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ АЛУ

        

2. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ  ғасырдың басы қазақстандық білім беру жүйесіндегі қарқынды реформалар кезеңі болды. Бұл білім сапасына қойылатын талаптардың өзгерісіне байланысты сыртқы факторлардың әсерінен, сонымен бірге даму тенденциясын туындататын ішкі қарама-қайшылықтар әрекеті  әсерінен болды. Қазіргі қоғамға өз бетінше әрекет ете алатын, өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын, шығармашыл, өз дамуын құндылық ретінде түсінетін, үздіксіз білім ала алатын және оған дайын адамдар қажет. 2006 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен «Сегіздіктен құрылған топ» саммитінің «ХХІ ғасырдағы инновациялық қоғамға арналған білім» атты қорытынды  құжатында  «білім  беру  адамзат дамуының негізі ретінде инновацияны қажетсінеді», – деп көрсеткен. Қазақстандық білім беру жүйесіндегі өзгерістер енгізудің қажеттілігі нормативті-құқықтық  құжаттарда да көрініс тапқан. Инновациялық іс-әрекеттегі көптеген шектеулерге жол бермей, оны өзгертуге деген қажеттіліктің туындауы білім беру жүйесінде кең ауқымды инновациялық қозғалысты тудырды.

ХХІ ғасырдағы білім берудегі ерекшеліктердің бірі оның интеграциялық сипаты болып табылады. Болон үдерісі аясында ұлттық білім беру жүйелері әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануда. Қазақстандық педагогикалық ғылым мен тәжірибе білім беру мазмұнын өзгерту арқылы интеграциялық үдерісті ескере  отырып,  мамандарды  даяр-  лау сапасын қамтамасыз ету жағдайы мен мүмкіндіктерін іздестіру үстінде.

Оқытушытұлғасы, оныңкәсібибіліктілігі, рухани байлығы ЖОО-дағы оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етудегі маңызды жағдай болып табылады. Оқытушының тұлғалық және кәсіби маңызды сапасын қалыптастыру мәселесі психологиялық-педагогикалық зерттеулерде өз маңыздылығын жоғалтпайды.

...

Скачать:   txt (37.6 Kb)   pdf (187.8 Kb)   docx (38 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club