Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Айқас қосылысты тік қалыпта төменнен жоғарыға дәнекерлеу

Автор:   •  Июнь 10, 2018  •  Реферат  •  2,586 Слов (11 Страниц)  •  994 Просмотры

Страница 1 из 11

Жоспар:

         2.1. Айқас қосылысты тік қалыпта төменнен жоғарыға дәнекерлеу.  

        2.2. Тавролық қосылысты тік қалыпта көп өтпелі бұрыштық жікпен                 дәнекерлеу

        2.3. Түйіспелі қосылысты төсемде жиектерді қиғаш

        тап, көп өтпелі жікпен төбелік қалыпта дәнекерлеу.

        ІV. Пайдаланылған  әдебиеттер


2.1. Айқас қосылысты тік қалыпта төменнен жоғарыға дәнекерлеу.

Жіктердің кеңістіктегі келесі негізгі қалыптарын ажыратады: төменгі, тік, көлбеу (тік жазықтықта) және төбелік. Кеңістіктегі қалпына бай- ланысты, жіктің білікшесін қалыптастыру жағдайларын, оның сыртқы түрін және сапасын, сондай-ақ дәнекерлеудің өнімділігін елеулі өзгертеді.

Тік қалыпта дәнекерлеген кезде балқытылған металл төмен қарай ағып кетуге ұмтылады. Сондықтан, тік жіктерді өте қысқа доғамен орындайды. Тік жіктерді төменнен жоғарыға да, жоғарыдан төменге  де орындайды. Бірінші жағдайда доға тік орналасқан пластиналард ең төменгі нүктесінде қозады және  сұйық  металдың  ваннасы  пай-  да болғаннан кейін, алдымен көлбеу орнатылған электродты біршама жоғары қарай бұрып әкетеді. Бұл кезде жіктің қатқан металлы сөре тәрізді нәрсе түзеді, мұнда металдың келесі тамшылары ұсталынады. Сұйық металдың ваннадан ағып кетуінің алдын алып, болдырмау үшін, оны жоғары қарай және кезекпе кезек екі жаққа бұрып әкете отырып, электродпен өске көлденең тербелмелі қозғалыстар жасау қажет. Бұл сұйық металдың жылдам қатаюын қамтамасыз етеді. Жоғарыдан төмен дәнекерлеуді металдың шағын қалыңдығы кезінде немесе көп қабатты дәнекерлеу барысында жіктің бірінщі қабатын қабаттастырған кезде қолданады. Бұл жағдайда доғаның астына аға бастаған сұйық металл тесіп  ө  электродтың  ткен  күйіктердің  пай-  да болу мүмкіндігін азайтады. Дәнекерлеудің басында электродтың көлбеу орналасуы кезінде доға пластиналардың ең жоғарғы нүктесінде қозады. Сұйық металдың ваннасы пайда болғаннан кейін, электрод-  ты доға негізгі және балқытылған металлға бағытталатындай еесеп- пен 15...20°еңкейтеді. Жіктің қалыптасу жағдайларын жақсарту үшін, балқытылған металдың тамшылары төмен ағып кетуден ұсталынып қалуы үшін, электродтың тербелістерінің амплитудасы шағын, ал доға өте қысқа болуы керек. Х-тәріздес дайындамамен қалыңдығы үлкен металда тік жіктерді жіктердің жоғарғы бөлігінен бастап дәнекерлейді. Екі дәнекерлеуші жұмыс істеген кезде: біреуі дәнекерленетін секцияда бірінші қабатты орындайды және осыдан кейін қосылыстың кері  жағынан  тамыр  жікті кеседі, ал басқа дәнекерлеуші секцияның өз жағындағы барлық қабаттарды жатқызады. Бұл кезде бірінші дәнекерлеуші жіктің секцияның өз жағында тұрған барлық қабаттарын жатқызады. Дәл осын- дай реттілікпен барлық келесі секцияларды дәнекерлейді. Дәнекерлеуді үзілістерсіз, ыстық алдыңғы қабат бойынша жүргізеді. Жіктерді төбелік қалыпта орындау – бұл еңбекті көп қажет ететін операция, өйткені ауырлық күші металды электродтан дәнекерлеу ван- насына көшіруге кедергі келтіреді, ал балқытылған металл – ванна- дан төмен ағып кетуге ұмтылады.

 Сондықтан, дәнекерлеу барысында дәнекерлеу ваннасының көлемінің шағын болуына қол жеткізу керек. Бұған диаметрі шағын (3...4 мм, көп емес) электродтарды және шағын дәнекерлеу токтарын қолданумен қол жеткізеді. Сапалы жік алудың негізгі шарты – электродты сұйық металдың ваннасымен мерзімді тұйықтаулар арқылы, ең қысқа доғаны ұстап отыру. Тұйықталған сәтте металдың тамшысы беттік керілу күштерінің әсерімен дәнекерлеу ван- насына тартылады. Электродты алып тастаған сәтте доға сөніп, жіктің металы қатаяды. Бір мезгілде электродқа жікке көлденең тербелмелі қозғалыстар хабарланады. Электродты бөлшектің бетіне еңкейту дәнекерлеу бағытында 70...80° құрауға тиіс.

...

Скачать:   txt (38.3 Kb)   pdf (184.9 Kb)   docx (20.8 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club