Жоғары жүйке әрекеті және оның баланың өсіп – даумында қалыптасуы
Автор: kuka_aid.73 • Октябрь 7, 2020 • Реферат • 2,341 Слов (10 Страниц) • 1,945 Просмотры
Жоғары жүйке әрекеті және оның баланың өсіп – даумында қалыптасуы.
1 .Жоғары жүйке жүйесінің маңызы, қызметі және жас ерекшеліктері.
Жоғары жүйке жүйесінің маңызы:
А)жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т.б. осы әрекеттердің барлығы тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.
Ә)барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен – бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді.
Б)жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әртүрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус) өтіп кеткенше күтіп тұру.
Жоғары жүйке жүйесінің қызметі мен жас ерекшелігі:
Жоғары жүйке жүйесінің негізгі қызметі – тітіркендіргіштерді анықтап, оған жауап қайтаруды үйлестіру. Тітіркендіргіштер шу немесе иіс сияқты сыртқы және дене температурасы секілді ішкі болып бөлінеді. Жүйке жүйесіне ми кіретіндіктен, ол жауапты үйлестіруге көмектесу үшін бұған дейін жиналған білім мен тәжірибені қолданады. Тек жануарлардың ғана жүйке жүйесі болады, бұл оларға қауіп – қатерге және мүмкіндіктерге тез жауап беруге мүмкіндік береді. Жүйке жүйесінің қауіп – қатерді анықтап, жауап ретінде адамды қашуға мәжбүрлейтіндігін мысал ретінде алуға болады. Жүйке жүйесі есте сақтау қабілетіне, сөйлеуге, оқытуға қатысады. Сіздің жүрек соғысыңыз бен тыныс алуыңыз да жүйке жүйесінің қарамағында. Жоғары жүйке қызметі – үлкен ми сыңарлары, ми қыртысы және қыртыс асты бөліктері арқылы атқарылатын адамның күрделі іс – әрекеті мен мінез – құлқының, танымдық іс – әрекеті процестерінің физиологиялық механизмдерін қамтамасыз ететін жүйкелік реттеудің жоғарғы түрі. Жоғары жүйке қызметі өте күрделі рефлекторлық жолмен жүріп, ағзаны адам мінез – құлқын реттеп отырады. Жоғары жүйке қызметі арқылы адам және жануарлар сыртқы ортамен тығыз байланыста болады. Жоғары жүйке қызметі өз алдына ілім ретінде И.М.Сеченов пен И.П.Павлов зерттеген.
2 .Рефлекс, оның түрлері және сипаттамасы. Рефлекторлық доға.
Рефлекс – ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы. Бұл терминді 1664 жылы Рене Декарт енгізді. Рефлекс тудыратын қозудың өтетін жолын рефлекс доғасы дейді. Ол 5 түрлі бөлімнен тұрады:
А)рецептор;
Ә)сезгіштік немесе афференттік;
Б)орталық бөлім қозуды сезгіштік жүйкеден қозғалыс жүйкесін жасушаларына береді;
В)қозғалыс немесе эфференттік;
Г)орындаушы мүше бұлшықеттер мен бездерге жатады.
Тітіркендіргішке қайтаратын жауабына қарай рефлекстің бірнеше түрлері бар:
1)биологиялық маңызына қарай қоректік, қорғану, бағдарлау рефлексі. 2)рецепторлардың табиғатына қарай экстеррецептивтік,
интеррецептивтік, проприрецептивтік рефлексі.
3)нейрондардың орналасуына қарай жұлындық, булбарлық (сопақша ми), диэнцефалдық (аралық ми) рефлексі болады.
Рефлекстің бұлай бөлінуі көп жағдайда шартты топтастыру болып табылады. Сонымен қатар рефлекстер тұлғалық және вегетативтік болады. Тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшенің әсеріне байланысты қоздырғыш және тежеуіш рефлекстер болып бөлінеді. Қалыптасу табиғатына, атқаратын қызметіне және биологиялық маңызына қарай рефлекстер шартты және шартсыз болып жіктеледі. Оны И.П.Павлов зерттеген. Рефлекс – тітіркендіргішке ағзаның кері жауабы. Мысалы, қолға электр тогын тигізетін
...