Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жоғары мектеп психологиясынын пәні, міндеттері және құрылымы, әдіснамасы, зерттеу әдістері

Автор:   •  Декабрь 1, 2018  •  Реферат  •  5,130 Слов (21 Страниц)  •  1,586 Просмотры

Страница 1 из 21

2 Дәріс.  Жоғары мектеп психологиясынын пәні, міндеттері және құрылымы, әдіснамасы, зерттеу әдістері

  1. Жоғары мектеп психологиясынын пәні, міндеттері                                                                            
  2. Жоғары мектеп психологиясынын  құрылымы                                                                                      
  3. Жоғары мектеп психологиясының әдіснамасы                                                                          
  4. Жоғарғы мектеп психологиясының зерттеу әдістері
  5. Болашақ кәсіби іс-әрекет сферасындағы жұмысшының профессиограммасы психограммасы

1. Жоғары мектеп психологиясынын пәні, міндеттері

Жоғары мектеп психологиясы - болашақ маманның кәсіби білім беру жүйесіндегі психологиялық дамуы туралы деректерді, заңдылықтар мен механизмдерді зерттейтін педагогикалық психологияның бір саласы. Болашақ маманды кәсіби дайындау процесінің күрделі болуы жоғары мектеп психологиясынын, зерттеу пәнінің көпжақтылығын аныңтайды. Осыған орай жоғары мектеп психологиясы студенттерді оқыту процесін, олардың маман және тұлға ретінде даму көрсеткіштері мен өлшемдерін, карым-ка- тынас саласын, окытушылардың психологиялық ерекшеліктерін карастырады.

Жоғары мектеп психологиясы кәсіби білім берудегі көкейтесті психологиялық мәселелерді шешуге бағытталады. Жоғары мектеп психологиясынын теориясы мен тәжірибесіндегі озық жетістіктерді қолдану арқылы оқу-кәсіби іс-әрекет субъектісі ретіндегі болашақ маманның зияткерлік және тұлғалық дамуын тиімді ету мүмкіндігі артады.

Жоғары мектеп психологиясынан ғылым ретінде кәсіби білім беруде орын алатын психологиялық құбылыстарды зерттеу, түсіндіру және сипаттап беру күтіледі.

Олай болса, жоғары мектеп психологиясында кәсіби білім беру үдерісіндегі деректерді, заңдылықтар мен механизмдерді теориялық жағынан зерттеп, негіздеу ғана емес, сонымен бірге, оларды қазіргі кездегі кәсіби дайындау тәжірибесіне ыкпалдастырып, ендіру өзекгі  мәселе болып табылады.

Сондықтан, жоғары мектеп психологиясынын, нысаны - жоғары оқу орнында білім беруге, психологиялық дамуга бағытталган оқу-тәрбие процесі.

Ал, жоғары мектеп психологиясынын, пәні - жоғары оқу орнында білім беру, даму бойынша психологиялық деректер, заңдылықтар, механизмдер және шарттар.

Сонда, жоғары мектеп психологиясы студент пен окытушының   өзара әрекеттесуін, олардың тұлғалық дамуын қарастырады. Нақты айтқанда, жоғары мектеп психологиясы 1) оқу-кәсіби іс-әрекет субъектісі ретіндегі студенттің психикалық даму заңдылықтарын; 2) оқытушының ғылыми-педагогикалық іс-әрекеттерінің заңдылықтарын және 3) студенттер мен оқытушылардың кәсіби-педагогикалық қарым-қатынасының  әлеуметтік-психологиялық ерекше ліктерін зерттейді.

Теориялық негіздемесі тұжырымдалған әрі қолданбалы пән ретінде жоғары мектеп психологиясы кәсіби білім беру үдерісін психологияландыруға бағытталады.

Жоғары мектеп психологиясының негізгі міндеттері:

  • студенттердің толымды психикалық даму, тұлғалық жетілу механизмдерін зерттеу;
  • студенттердің маман, зияткер және тұлға ретінде дамып, жетілуіне қажетті психологиялық жағдайды қамтамасыз ету;
  • кәсіби білім беру субъектісінің өзіндік дамуы мен жетілуіне барынша ықпал ететін әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық жағдайларды аныңтап, жобалау;
  • студенттің маман және тұлға ретінде даму ерекшеліктерін аныңтауға және жобалауға мүмкіндік беретін әдістемелік, психодиагностикалық кұралдарды жасау;
  • кәсіби білім беру субъектілерінің - оқытушылардың, әкімшіліктің, ұжымның психологиялық ерекшеліктерін және олардың студенттің психикалық  дамуына ықпал ету механизмдерін зерттеу.

2. Жоғары мектеп психологиясынын          құрылымы                                                    Жоғары мектеп психологиясыпың құрылымына жоғары оқу орнындағы а) оқу әрекетінің және оқыту психологиясы, ә) даму психологиясы, б) педагогикалық кәсіби іс-әрекет психологиясы бо йынша әр жақты білім қамтылады.

...

Скачать:   txt (61.1 Kb)   pdf (210.3 Kb)   docx (27.1 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club