Түрлі физиологиялық жағдайлардағы тынысалудың ерекшеліктері: ыстық климатта, тау шындарында және барометрлік қысым жоғары жағдайда
Автор: KadyrbekAK • Май 5, 2018 • Реферат • 1,117 Слов (5 Страниц) • 2,669 Просмотры
«Астана Медицина Университеті» АҚ
Қалыпты физиология кафедрасы
СӨЖ
(баяндама)
Тақырыбы: Түрлі физиологиялық жағдайлардағы тынысалудың ерекшеліктері: ыстық климатта, тау шындарында және барометрлік қысым жоғары жағдайда.
Орындаған:Қадырбек А. 213-топ ЖМ
Тексерген: Райсова А.Қ.
Астана 2017ж.[pic 1]
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім. Түрлі физиологиялық жағдайлардағы тынысалудың ерекшеліктері
- Ыстық климат жағдайындағы тыныс алу
- Тау шындарында тыныс алу
- Барометрлік қысым жоғары жағдайда тыныс алу
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиет
Кіріспе
Тыныс алу деп ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген үрдістердің айтады. Оттегінің қатысуымен организмде тотығу үрдісі өтеді. Құрамындағы органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде жасушалар мен тіндерде тіршілікке қажетті энергия пайда болады. Мұнымен қатар тотығу барысында көмір қышқыл газы түзіледі. Бұл газ уақытында сыртқа шығарылып тұрмаса көптеген тіршілікке қажет үрдістер тоқтап денеде су тұрақтылығы(изогидрия), жылу тұрақтануы (изотермия) бұзылады да адам өміріне қауіп тудырады. Тірі органимде тіршілікке қажет газдар өкпеден тінге тіннен өкпеге қанмен жеткізіледі. Оттегі мен көмір қышқыл газ, сондай-ақ азот қанға атмосфералық ауадан енеді. [pic 2]
Демек, организм аудан үздіксіз оттегін алып, ұдайы көмір қышқыл газын сыртқа шығарып тұрса ғана өмір сүре алады. Организм тыныс алса ғана тіршілік ете алады.
Негізгі бөлім
Түрлі физиологиялық жағдайлардағы тынысалудың ерекшеліктері
Қалыпты жағдайда ересек адамның минуттық тыныс жиілігі 16-20 болып келеді. Организм орналасқан жердің жағдайын өзгеруі, қалыпты физикалық жағдайынығ өзгеруі барлық мүшелерінің қызметіне әсер етеді, соның ішінде тыныс алу жүйесіне де. Сөйтіп тыныс алу жиілігі жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін. Бұл ағзадағы газ алмасу деңгейіне байланысты. Мысалы, физикалық белсенділік кезінде ағза оттегіні қалыпты жағдайға қарағанда көбірек қажет етеді, осылайша тыныс алу жиілейді.
Адам әртүрлі климаттық жағдайларға тап болғанда оның тыныс алуы өзгереді. Мысалы ыстық климатты аймақтарда, сонымен қатар биік тауға көтерілгенде көбінесе адам жиі тыныс ала бастайды. Яғни атмосфералық қысым өзгерісі тыныс алу жүйесіне әсер етеді. Кейбір кезде ауасы тар бөлмеде де О2 жетпеуінен көбінесе гипоксия болады. Адамдағы тыныс алудағы және тыныс шығарудағы газалмасуды реттеу мақсатында организм түрлі жағдайларға бейімделуге тырысады, реттейді.
Ыстық климат жағдайындағы тыныс алу
Қоршаған ортаның температурасы жоғары болғанда тыныс алу жиілейді, өкпе вентиляциясы(желдетілуі) жоғарылайды. Ол көбінесе тыныс алу тереңдігінен артады. Өкпенің ауқымды мөлшерде желдетілуі – гипервентиляция – көмірқышқыл газын қаннан шаю арқылы CO2-нің қысымын төмендетеді, ол өз кезегінде қанның рН-н сілтілік жағына ауыстырады. Сондықтан гипокапния (көмірқышқыл газы жетіспеушілігі) және тыныс алу алкалозы(қан рН жоғарылауы) адам ағзасының қызып кетуінің тұрақты белгілері болып табылады. Қанның температурасының жоғарылауы СО2-мен байланысу қабілетін азайтады.
Ыстық климатқа бейімделу(акклиматизация) аппетит жоғалуымен, ішек жұмысының, ұйқының бұзылуымен және жұқпалы ауруларға төзімділіктің төмендеуімен қатар жүреді. Аталған функционалды ауытқулар су-тұз алмасуының бұзылуымен байланысты. Дем алу жиілігі жоғарылауымен қатар бұлшықет тонусы азаюы, терлеу күшеюі, зәр шығарудың азаюы, пульс жиілеуі байқалады. Температурасы жоғары климатта термикалық демікпе құбылысы байқалады.
Тау шындарында тыныс алу
Теңіз деңгейінен жоғары биіктік жоғарылаған сайын барометрлік қысым мен O2 парциальды қысымы төмендейді, алайда альвеолярлық ауаның су буымен қанығуы өзгермейді. 20 000 м биіктікте дем алу кезінде ауадағы O2 құрамы нөлге дейін төмендейді. Егер жазық тұрғындары тауға көтерілсе, гипоксия пайда болып, өкпе вентиляциясын арттырады, ал ол өз кезегінде артериялық хеморецепторларын қоздырады. Түрлі адамдарда жоғары биіктіктегі гипоксиядан дем алу өзгеруі әр түрлі болады. Барлық жағдайларда туындайтын тыныс алу реакциялары бірқатар факторлармен анықталады: 1) гипоксия даму жылдамдығы; 2) O2 тұтыну дәрежесі (тыныштық жағдайында немесе физикалық белсенділік кезінде); 3) гипоксиялық әсер етудің ұзақтығы.
...