Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы
Автор: Akmaral Ablmazhinova • Октябрь 18, 2018 • Реферат • 1,633 Слов (7 Страниц) • 2,566 Просмотры
Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Оқытушының қызметі.
Әдістемелік ұсыныс: алдымен жалпы оқытушының атқаратын қызметтерін айқындап, негізгісін анықтау керек. Әрбір қызметке жеке-жеке тоқталып, қызметтің мәнін ашу керек.
2. Жаңа тұрпатты жоғары оқу орнының оқытушысы.
Әдістемелік ұсыныс: алғашқы тапсырманың негізінде және оқытушының іс-ірекет, қимылы, мінез-құлқы, киім үлгісін есепке ала отырып оқытушының бүгінгі күнге сай тұлғасын үлгілеу.
3. «Мен үшін үлгілі ұстаз» эссе жазу.
- Оқытушының қызметі.
Педагогикалық қызмет - педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға және өзін еркін және шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет. Педагогикалық қызмет – негізгі мәселе оқытушының талаптары мен мақсаттарының студенттердің мақсаттарымен, мүмкіндіктерімен, тілектерімен, сәйкестігі; педагогикалық қызмет сәтті жүзеге асыру оқытушының педагогикалық технологияны, педагогикалық техниканы игеруімен, оның кәсіби санасынын деңгейімен байланысты.
Оқытушы өз қызметінде педагогикалық қызметтің бірнеше түрін атқарады. Ол қызметтер мынадай болады:
- Педагог пән оқытушысы ретіндегі қызметі. Яғни, оқытушы тарапынан
сабақтың тікелей берілуі;
- Ғылыми – зерттеу қызметі. Мұндай қызмет жаңа білімді іздеу мен
өңдеуде, білімді жүйелеуде, ғылыми білімнің оқу біліміне айналуын қамтиды.
- Бағдарламалау қызметі. Оқу бағдарламаларын және жоспарлауды
құрастыру, оқу жұмыс бағдарламаларын, силлабустарды, пәннің оқу-әдістемелік кешендерін жобалау және т.б.
- Тәрбие қызметі. Тәрбие ортасын ұйымдастыруға және үйлесімді
дамыған тұлғаны қалыптастыру міндетін шешу мақсатында студенттердің түрлі қызметтерін басқаруға бағытталған.
[pic 1]
[pic 2][pic 3][pic 4][pic 5]
Құрылымдық Ұйымдастырушылық Коммуникативті Зерттеушілік
Құрылымдық:
- Құрылымдық - мазмұндық – оқу материалын іріктеу және оның
композициясы, педагогикалық үрдісті жоспарлау және құрастыру.
- Құрылымдық - оперативті – өз іс-әрекеті мен студенттердің іс-әрекетін
жоспарлау.
- Құрылымдық - материалдық – педагогикалық үрдістің оқу-
материалдық базасын жобалау.
Ұйымдастырушылық – студентті әртүрлі қызметтің түрлеріне қамтуға, ұжым қалыптастыруға, бірлескен қызметті ұйымдастыруға бағытталған іс-әрекеттер жүйесін атқару.
Коммуникативті – тәрбиеленушілермен, әріптестермен және басқа да адамдармен қарым-қатынас орнатуға бағытталған.
Зерттеушілік – кәсіби білімді педагогикалық құбылыстарға қатысты ғылыми тәсілді, педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеруді, өз тәрбиесін таңдауды жаңарту.
Сонымен қатар, оқытушының педагогикалық қызметінде оқытушының шеберлігіне, оқытушының қабілетіне де мән береміз.
Алдымен оқытушының педагогикалық шеберлігіне тоқталатын болсақ, педагогикалық шеберлік – бұл кәсіби педагогикалық қызметтегі өзін-өзі ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы.
Р. С. Пионованың есептеуінше педагогикалық шеберліктің сатысы: «педагогикалық жаңашылдық – педагогикалық шеберлік – педагогикалық кәсіпқойлық». Сондай-ақ, педагогикалық шеберліктің мазмұны логикада «білім – тәжірибе – тұлға» болып қалыптасады.
...