Педагогикалық жоғары оқу орындарында интербелсенді оқыту әдістерін қолданудың теориялық негіздері
Автор: diko82- • Март 31, 2018 • Дипломная работа • 16,025 Слов (65 Страниц) • 1,217 Просмотры
Педагогикалық жоғары оқу орындарында интербелсенді оқыту әдістерін қолданудың теориялық негіздері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010300 – мамандығы «Педагогика және психология»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ......................................................................................................
І. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕМЕНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..........................................................................................................
1.1 Интербелсенді әдістеменің педагогикалық-психологиялық тұрғыдан зерттелуі .............................................................................................................
1.2 Болашақ педагог мамандарын даярлауда интербелсенді әдістемені қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері ..........................................................
1.3 Жоғары оқу орындарында педагог мамандарды даярлауда интербелсенді әдістемені оқытудың үдерістік үлгісі ........................................
ІІ. ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕМЕ НЕГІЗІНДЕ ПЕДАГОГ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ .....................................
2.1 Болашақ педагог мамандарды даярлауда интербелсенді әдістемені пайдалану тәжірибесі ..................................................................
2.2 Интербелсенді әдістемені педагог мамандарды даярлауда қолданылуын тәжірибелік-эксперименттік тексеру ............................
2.3 Педагогикалық эксперименттің қорытындылары мен нәтижелері .........
ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Бүгінгі ақпарат заманында ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін қолданатын қызмет көрсету саласы рөлінің арта түсуіне байланысты еліміздің бәсекеге қабілеттілігі, адам капиталы туралы мәселесі күн тәртібіне қойылуда. Қазіргі уақытта көптеген саяси және мемлекеттік қайраткерлер адамзат өркениетінің сақталуы мен дамуының кепілін білімнен көреді, білім берудің басқа да мемлекеттік үдерістердегі басымдылығын мойындайды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін мамандар қорын қалыптастыруда осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, ауқымды жаңаша ойлай білетін инновациялық экономика құра аламыз», – деп атап көрсетеді [1].
Қазіргі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның болашағы оның алған біліміне, ғылыми таным қабілеті мен белсенділігіне байланысты. Қоғамдағы жоғары қарқынды өзгерістер, қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдар, Республикамыздың қуатты елдер қатарына қосылуға деген ұмтылысы ғылым мен білім саласын әлемдік деңгейге көтеруде қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Сондықтан бүгінгі күні білімнің әр саласында біліктілігі жоғары, өзін, елін танытатын азаматты қалыптастыру, құзіретті тұлға, белсенді маман даярлау мәселесі өзекті, әрі күрделі болып отыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жоғары білім берудің сапасын көтеру, қарқынды ғылыми зерттеу қызметіне сәйкес инновациялық білімді дамыту, ақпараттық технологияларды жетілдіру мәселелері бүгінгі білім беру жүйесінің өзекті міселесі ретінде нақты көрсетілген [2].
Әлемдік өркениет үдерісіндегі білім құндылықтарына деген сұраныстың артуы еліміздегі білім беру мазмұны мен сапасын дамыту қажеттігілігін арттыруда.
...