Жоғары білім беру саласы қызметін реттейтін ресми-нормативті құжаттар негізінде «Жоғары білімнің даму болашағы: болашақ оқытушының көзқа
Автор: bibikhan01 • Октябрь 2, 2023 • Реферат • 762 Слов (4 Страниц) • 180 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті: «Физика-техникалық »
Кафедрасы: «Қатты дене физикасы және Бейсызық физика»
МӨЖ
Тақырыбы: Жоғары білім беру саласы қызметін реттейтін ресми-нормативті құжаттар негізінде «Жоғары білімнің даму болашағы: болашақ оқытушының көзқарасы»
Орындаған: Асанова Бибихан
Тексерген: Аринова Б.А.
Алматы 2023
Жоғары білім беру саласы қызметін реттейтін ресми-нормативті құжаттар негізінде «Жоғары білімнің даму болашағы: болашақ оқытушының көзқарасы»
Қарқынды даму заманында жоғары білім алудың маңызы күннен-күнге төмендеп бара жатыр. Оған негіз ретінде көптеген заманауи технологиялардың жетілуінен онлайн форматта, һәм қысқа уақытта білім алу арқылы, көлемді жалақы төлейтін жұмысқа орналасу мүмкіндігін айтсақ болады. Әрине, “Егер бәрі сондай жеңіл болса, онда неліктен әлі де жұмыссыздық, кедейшілік елімізде бар?”,-деген орынды сұрақ туындайды. Бұл эсседе мен сіздерге осы мәселелерді рет-ретімен болашақ педагог көзімен айтып беремін.
Қазіргі таңда Қазақстанда 129 жоғары оқу орны жұмыс жасайды, оның 33-і мемлекеттік, 92-сі жекеменшік, ал қалған 4-еуі шетелдік деп танылады. Әлемдік жоғары оқу орындарының рейтингінде жақсы позицияларда орын алып тұрсақ та, білім беру бағдарламасы ескіргенін мойындауымыз керек. Жақында ғана пайда болған ChatGPT жасанды интелектті осы уақытқа дейін құрылған білім беру жүйесінің аяғын аспаннан келтіргені рас. Оны түсіну үшін жоғары білім беру саласы қызметін реттейтін ресми-нормативті құжаттарға көз жүгіртейік. Бізде университеттер кредиттік жүйені (ESTS) қолданады. Бакалавриат деңгейін аяқтау үшін 240 кредит меңгеру керек. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» заңының 2-тарауында жоғары білім беру бағдарламасының мазмұны үш цикл пәндерінен тұратыны баяндалған. Олар жалпы білім беретін пәндер, базалық пәндер және бейіндеуші пәндер.
Заңда жазылғандай жалпы білім беретін пәндер циклінің көлемі 56 академиялық кредитті құрайды. Олардың 51 академиялық кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (орыс) тілі, Шетел тілі, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Дене шынықтыру, Әлеуметтік-саяси білім модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология). Бұл жердегі әрбір пәннің маңызы бар екенін толығымен мойындаймын. Біріншіден өз тарихымызды білуіміз керек. Философия арқылы дүниетанымымызды кеңейтіп, адамдық ұстанымдарымызды қалыптастырамыз. Көп тіл білу көп ақпаратқа қол жеткізелді. Ал замануи технология құралдарын меңіру қазіргі заманның талабы. Сонымен қоса саясаттан, әлеуметтік жағдайымыз бен әр елдің мәдениетін тану әлемдік аренада қызметкер ретінде бізге көптеген оң әсерін беретіні анық. Адам психологиясын түсіну, эмоционалді интелектті басқару, денеміздің сау болуы бәрі-бәрі керекті дағды. Заңның өзінде осының бәрін әдемілеп келтірген. Алайда оны осылай әдемілеп жазу басқа, орындау басқа...
...