Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары
Автор: salta00 • Декабрь 2, 2021 • Реферат • 2,254 Слов (10 Страниц) • 900 Просмотры
[pic 1]
Тақырыбы: Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары.
Дайындаған:
2021-2022жж
Жоспар
Кіріспе
1. Жоғары мектептегі педагогикалық инновациялар.
2.Негізгі бөлім
а) Педагогикалық технологиялар.
ә) Жоғары мектептегі оқыту технологиялары және олардың классификациясы (жүйелеу).
Қорытынды
3. Жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қалыптастыру басты міндет.
Пайдаланылған әдебиеттер
Инновациялық үдеріс — білім беру үдерісінде түрақты жаңа элементтер кіргізетін, жүйенің бірінші жағдайдан екінші жағдайга көшуіне алып баратын жаңалық, жаңадан ендірілетін әрекет. XX ғасыр барысында әлемде мектептер мен жоғары оку орындарын дамыту бағытында айтарлықтай тәжірибелер жасалды. Нәтижесінде көптеген мектеп типтері пайда болды. Жоғары білім беру жүйесінде кәсіптік орта, жоғары және жоғары білімнен кейінгі оқу орындарын қамтитын көп сатылы жүйе бой көтерді.
Қазіргі кезеңде мектептерге жаңарып, дамып отыру тән, әсіресе білім беру жүйесіндегі бұл инновациялық үдеріс 1980-1990 жылдары ерекше байқалды. Бұрынғы бірыңғай қалыпты мектептердің орнына гимназиялар, лицейлер мен колледждер және әр түрлі бағыттағы мектептер ашыла бастады. Мысалы, білім беру кешендері, ұлтгық мектептер, медресе, жеке мектептер және т.б. соның айғағы. Сондайақ халықаралық мектептер мен университеттер, жеке мектептер мен жоғары оку орындары ашылды. Институттар мен арнайы жоғары училищелердің орнына (әскери, азаматтық авиация, өнер) негізгі жоғары оқу орындары болып университеттер мен академиялар орнықты.
Педагогикалық технологиялар. «Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан; оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы жэне т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұракка немесе технологиямен байланысты жеке ұғымга өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан үдерістердің технологиясына түсіндіретін жалпы анықтама жоқ. В.М.Шепель бойынша: «Технология - өнер, шеберлік, іскерлік, талдау әдістерінің бірлігі, жағдайдың өзгерісі» болса, түсіндірмелі сөздікте: «Технология - белгілі бір іске, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы» ретінде қарастырылған. Кеңес педагогы А.С.Макаренко тәрбие процесін ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деп қарады. Ол тәрбиедегі кездейсоқтық, атүстілік шешімдерге қарсы тұрды. Сөйтіп, «тәртіп техникасын» ұсынды. Әр қимыл-әрекетті жан-жақты ойлап жасау, бірізділік сақтауды ол адам бойында ең жақсы, мықты адами қасиеттерді қалыптастыруды проектілеуге бағыттау деп түсіндірді. В.П.Беспальконың айтуынша әрбір іс-әрекет не технология; не өнер болуы мүмкін. Өнер интуиция негізінде, технология - ғылым негізінде құрылған. Өнерден бәрі басталады, технологиямен аяқталады, ал педагогикалық іскерлікті онсыз айналып өтуге болмайды.
Алғаш рет «педагогикалық технология» 1920 - жылдары педалогия және рефлексология туралы еңбектерде кездесті (И.П.Павлов, В.М. Бехтерев, А.А. Ухтомский, С.Г. Шацкий). 1940-50 жылдары оқьту процесіне техникалық құралдар ене бастағанда «білім технологиясы» ұғымы пайда болды да, кейінірек әр-түрлі техникалық оқыту құралдары енгізіле бастағаннан кейін (кино, радио, бақылау құралдары) «педагогикалық технология» ұғымына ауысты. 1960-шы жылдардың ортасында педагогикалық технология ұғымы шет елдердің педагогикалық басылымдарында (Италия, АҚШ, Жапония, Англия, Франция, Венгрия), сонымен қатар Халықаралық конференцияларда кең көлемде талқыға салынып, осы ұғым дамыған мемлекеттер лексиконына енді. Шетел педагогикалық әдебиетгерінде «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы» ұғымдары алғашында оқу процесін техникаландыру ретінде, яғни оқу процесінің сапасын техникалық оқу құралдарын пайдалану арқылы ғана жетілдіруге болады деп көрсетілді. 70-жылдардың соңына қарай педагогикалық технология болмысының жаңа түжырымдамасы пайда болды. Ол бойынша: «педагогикалық технология - оқыту процесінде техникалық оқу құралдары мен компьютерді пайдалану аясындағы ғана зерттеу емес, бұл пайда болатын факторларға аналыз жасау арқылы білім беру процесін оңтайландыру тәсілдері мен принциптерін жасау және білім беру сапасын жетілдіру мақсатында материал мен әдіс-тәсілдер түрін таңдап алып, оларды пайдалану, сонымен қатар әдіс-тәсілдерге баға беру».
...