Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасы Жоғары Оқу Орындарының білім беру нарығындағы әлеуеті

Автор:   •  Февраль 15, 2021  •  Реферат  •  1,572 Слов (7 Страниц)  •  374 Просмотры

Страница 1 из 7

ҒТАХР(МРНТИ) 14.35.01

ӘОЖ(УДК) 37

Қазақстан Республикасы  Жоғары Оқу Орындарының білім беру нарығындағы әлеуеті

Аңдатпа. Бұл мақалада Қазақстан Республикасының (ҚР) Жоғары Оқу Орындарының (ЖОО) білім беру нарығындағы әлеуеті қарастырылады . Жылдан жылға ҚР ЖОО студенттер саны азайып келеді, себебі, көптеген түлектер білім алуда шетелдік ЖОО-на кетіп жатыр. Мақалада өзекті мәселелер, зерттеулер және оны шешу жолдары қарастырылады.        

Зерттеу тақырыбы студенттердің ЖОО-ның білім беру сапасына қанағаттануы, құны мен білім беру сапасының сәйкес келуі мен ЖОО-рын таңдауға әсер ететін факторлар аясында.

Зерттеу мақсаты бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары Оқу орындарының білім беру нарығындағы әлеуетін анықтау қажет.

Зерттеу міндеті:

  1. Мақсатты аудитория алдында ҚР ЖОО-ның беделін арттыру
  2. Мақсатты аудитория  алдында ҚР ЖОО-ның эксперттік деңгейін көтеру
  3. Мақсатты аудиторияға ҚР ЖОО туралы ақпарат беру, сенім деңгейін арттыру

Түйінді сөздер: Жоғары Оқу Орны, Қазақстан экономикасы, студенттер мен ұстаздар арақатынасы, бәсекелестік, бәсекеге қабілеттілік, ЖОО нарығы

Кіріспе. Жоғары Оқу Орны – кез-келген ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білікті мамандар даярлайтын көп салалы оқу орындары. Қазіргі таңда ҚР-да 130 ЖОО бар [1]. Әлемдік нарықта ҚР ЖОО-дары өз аттарын жылдан жылға жиі шығаруды [1]. Мысалы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті әлемдік рейтинг бойынша «Топ-300» ең үздік ЖОО қатарына қосылып, 236 орынды иеленген.

Алайда ҚР ЖОО студенттер саны статистикалық мәліметтерге сүйенсек, азайып бара жатыр. Бітірушілердің біразы жылдан жылға отандық ЖОО-ларына емес, шетелдік ЖОО-на өз таңдауларын тоқтатқан. Тіпті, Қазақстан-2050 стратегиясында да ЖОО білім саласын нығайтып, жақсарту туралы сөз етілген.

Университеттің бәсекеге қабілеттілігі: 1) белгілі бір сыртқы немесе ішкі еңбек нарығында бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандарды даярлау; 2) өз саласында бәсекеге қабілетті инновацияларды дамыту; 3) өзінің қызметінің барлық салаларында ұдайы өндіріс саясатын жүргізу.

 олардың қызметінің барлық бағыттары [2,7].

Зерттеу әдісі:

• Теориялық: Газет-журнал және басқа да БАҚ мәліметтеріне анализ жасау, мақалаларды қарастыру

• Эмпирикалық: Сауалнама

Қажетті ақпарат

[pic 1]

1-сурет. Қажетті ақпарат классификациясы

Екінші ретті ақпарат көзінен алынған мәліметтер:

[pic 2]

2-сурет. Шетелдегі қазақстандық студенттер саны

Жалпы шетелде оқитын студенттер саны 150 000-ға жуық болса, оның жартысынан астамы Ресей Федерациясында (2-сурет).

[pic 3]

3-сурет. ҚР ЖОО жыныс бойынша көрсеткіш

        ҚР ЖОО бойынша барлық оқу тілдерін қоса алғанда, 54 % қыздар, қалған бөлігі ұлдар оқиды (3-сурет).

[pic 4]

4- сурет. ҚР ЖОО оқу тілі бойынша көрсеткіш

         4-суретте көрсетілгендей, сұранысқа ие мамандықтар көбінесе қазақ тілінде, 2-орында орыс тілі, ал соңғы орында ағылшын тілі.

Сауалнама және пилоттық талдау

Осы зерттеу бағытында сауалнама құрастырылды және оған 15 адам көлемінде пилоттық сұрау жүргізілді. Пилоттық зерттеу нәтижесінде респонденттерге түсініксіз болған сұрақтар алынып тасталды және сұрақтардың форматы өзгертілді.

        Сауалнаманы құрастыруда барлық талаптар орындалған, оның ішінде жалпылама сұрақтар басында, негізгі сұрақтар ортасында, ал жеке басқа байланысты сұрақтар соңында орналасқан.

        Рәсімделуінде барлығы түсінікті тілде жазылған, сауалнамаға кірген кезде толықтай анонимділікке кепілдік беріліп, сауалнама біткен соң алғыс айтылады.

Іріктемені жоспарлау

  1. Жалпы жиынтық – студенттер
  2. Іріктеме пішіні – Нархоз, КазУМОиМЯ студенттері және University of Birmingham
  3. Іріктеме әдісі – қарапайым кездейсоқ іріктеме, яғни бас жиынтықтың әрбiр элементі әрбір басқа элементтен тәуелсiз таңдалуға құқығы бар, ал іріктеменің өзі ішінара бақылау негізінде еркін таңдау арқылы қалыптасады.
  4. Ірітеме санын анықтау. Шашырандыны есептеу арқылы іріктеме санын анықтау әдісі

Сұрақ: «Мұғалімдердің оло қазіргі заман талабына сай келеді ме?»

Жауаптардың саны

Жауаптардың түрі

Пилоттық сұраудың нәтижесінде респонденттер арасындағы жауаптардың саны

M=3

Иә

Х1=5

50/50

Х2=9

жоқ

Х3=1

1-кесте. «Мұғалімдердің біліктілігі қазіргі заман талабына сай келеді ме?» сұрағына шашырандыны есептеу

Шашырандыны анықтау үшін:    [pic 5]

...

Скачать:   txt (20.8 Kb)   pdf (448.7 Kb)   docx (796.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club