Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Білім беру ұрдісінде оқушылардың қарым-қатынастары

Автор:   •  Сентябрь 9, 2020  •  Курсовая работа  •  14,448 Слов (58 Страниц)  •  482 Просмотры

Страница 1 из 58

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі. Қазіргі кездегі дүние жүзіндегі әлеуметтік, экономикалық – саяси даму кезінде жастардың алатын орны маңызды, негізгі мәселенің бірі болып қарастырылып жатыр.

Егемендігіміздің ертеңгі болашағы елімізді ары қарай жетілдіретін  жеткіншектердің келешегіне үлкен сенім – үміт артылады.

Коммуникациялық икемділік тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.

Қарым-қатынас белгілі бір әлеуметтік ортада, топтарда, ұжымда жүзеге асатын, бүтіндей алғанда мағынасы бойынша жеке адамдар арасындағы ғана емес, әлеуметтік процестер. Олар қоғамдық талап пен қоғамдық қажеттіліктен туындайды. Кейінгі екі-үш онжылықтарда қарым-қатынас шеңбері педагог, психолог зерттеушілердің назарын өзіне аударып келеді. Қарым-қатынас табиғаты, оның тікелей және жас ерекшелігі, өзгеру және даму механизмі философтар мен социологтардың көңіл бөлетін тақырыптарына айналды.

 Қарым-қатынас – білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі ретінде адам  баласының  тәлім-тәрбиесі мен өзгелермен байланыс орнатуының ерекше жолы болып саналады.

 «Қарым-қатынас»   ұғымын   педагогика   мен   психология   ғылымына    алғаш А. Ф. Лазурский енгізген. Қарым-қатынас - тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, әлеуметтік ортаға қатынасын білдіретін экзопсихикалық ұғым. Көптеген психолог-педагогтар қарым-қатынас мәселесін жан-жақты қарастырған, атап айтар болсақ қарым-қатынас ұғымына мотив ұғымының мазмұнын А.Н.Леонтьев, оны қажеттілік ұғымының мазмұнымен теңестірген И. Ф. Харламов, В. Н. Мясищев. Ал, кейбіреулері қарым-қатынасты бағыттылықпен (Н.Д.Левитов), позициямен (Б.Г.Ананьев, А.К.Маркова),  сезіммен (С.Л.Рубинштейн), мінез-құлықпен (Б.Н.Теплов), қызығушылықпен (П.И.Иванов, А.П.Архипов), әлеуметтік белсенділікпен (Б.Ы.Мұқанова) байланыстылығы туралы пікірлері айтылған.

Қарым-қатынас – педагогикалық үрдістегі өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейтесті мәселелердің құрамдас бөлшегі. Кәсіптік психопедагогикалық қарым-қатынастың ұйымдастырылуы – педагогтардың білім дәрежесінің сапасы мен шеберлігіне байланысты. Ал, педагогтарға мұндай қажетті қасиеттерді танымал педагог А.С.Макаренко «Өнер» деп бағалаған болатын. Сондай-ақ қарым-қатынастың қалыптасуына В.С.Библер ерекше мән берді. Оның пікірінше «қарым-қатынас адамдардың мәдениеті мен өмірінің жандану жолы» деп атап көрсеткен.

Зерттеу мақсаты: Білім беру ұрдісінде оқушылардың қарым-қатынастарын дамытудың педагогикалық ерекшеліктерін анықтау

Зерттеу обьектісі: Білім беру ұрдісінде оқушылардың қарым-қатынастары

Зерттеу пәні:  . Білім беру ұрдісінде оқушылардың қарым-қатынастарын дамытудың педагогикалық ерекшеліктері

Зерттеу міндеттері:

  1. Оқушылардың қарым-қатынастарын дамытудың педагогикалық ерекшеліктерін   теориялық негізін қарастыру.
  2. Оқушылардың қарым-қатынастарын  сиппатау
  3. Оқушылардың қарым-қатынастарын дамытудың педагогикалық ерекшеліктерін  ашу.
  4. Зерттеуді ұйымдастыру және әдістемелерді тағайындау және эксперименталды зерттеу нәтижесін талдау.

Зерттеу болжамы: Егер, жеткіншек балалар арасындағы қарым – қатынастың      педагогикалық және психологиялық жағдайлары ескерілсе, онда жеткіншек балалардың қарым – қатынастарының жағымды тенденциясына бағытталады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі:

Педагогикалық қарым-қатынас стильдерінің ерекшеліктері мен олардың түрлеріне қатысты Г.С. Абрамованың, Т. Меридің (Педагогикалық қарым-қатынастың "имплициттік теориясы"), М. Таленнің, В.А. Кан-Калик және Г.А. Ковалевтің, С.Л. Араченконың, С.А. Шеиннің педагогикалық қарым-қатынас стильдерінің жіктемелері және Н.В. Кузьминаның педагогтың қабілеттіліктері туралы көзқарасы қарастырылды. Ал жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшеліктерін қарастыруда Ж.Ж. Руссоның, С. Холлдың, Л.С. Выготскийдің, Э. Шпрангердің, Э.Эриксонның, Д.И. Фельдштейннің, т.б. ғалымдардың ойлары негізге алынды.

...

Скачать:   txt (207.1 Kb)   pdf (543.7 Kb)   docx (126.8 Kb)  
Продолжить читать еще 57 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club