Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гуманитарлык ғылымдар жүйесiндеги педагогика

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Практическая работа  •  862 Слов (4 Страниц)  •  920 Просмотры

Страница 1 из 4

Тапсырма 3 апта

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ 4-5

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕГИ ПЕДАГОГИКА. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. Педагогика пәні, объектісі,мақсат-міндеттері және қызметі, педагогиканың негізгі және қосымша категориялары

2. Педагогиканың философия, психология, әлеуметтану, физиология және басқа ғылымдармен өзара әрекеттесу формалары, педагогика ғылымдарының салалары

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

  1. Педагогика. Оқулық / К.Ж.Бузаубакова. –Тараз:ИП “Бейсенбекова А.Ж.”, 2019.
  2. Педагогика. Оқулық/ Ш.Т.Таубаева, С.Т.Иманбаева, А.Е.Берикханова. –Алматы:  2017.
  3. Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005.
  4. Әбенбаев С., Әбиев Ж. ІІедагогика. Оқу кұралы. - Астана: Фолиант, 2009.
  5. Бабаев С.Б., Оналбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулык. - Алматы:  2011.

Тапсырма 1.

    Ойды аяқтаңыз

Педагогика (гр. 'παῖς', paіda — бала, гр. 'ἄγω', gogos — жетектеуші) — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.

Тапсырма 2. «Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында кесте әзірлеңіз.

СИПАТТАМАСЫ

Ежелгі және орта ғасырлық педагогикалық ойлар

алғашқы қауымдық құрылыс кезеңiнде – тапсыз қоғамда да болды. Бұл кезеңде педагогикалық білім философиялық және саяси білімнің бөлігі болды. Атақты ежелгі грек ойшылдары Пифагор (б.з.д., V ғасыр), Гераклит                       (б.з.д., 520-460 ж.ж.), Демокрит (б.з.д., 460-370 ж.ж.), Платон                       (б.з.д., 427-347ж.ж.), Аристотель (б.з.д., 384-322 ж.ж.) әртүрлі сұрақтар бойынша философиялық ойлармен қатар білімнің мазмұны, оқытудың тәсілдері жайлы педагогикалық көзқарастарын білдірді.

Ежелгі Шығыста (б.з.д.,V-IV ғасыр)

Ежелгі Шығыста (б.з.д.,V-IV ғасыр) – Мысыр, Үндістан, Қытай өркениеті.

Ежелгі Месопотамияда (б.з.д., 3 мыңжылдық)

Ежелгі Месопотамияда (б.з.д., 3 мыңжылдық) әңгіме, талқылау, диалог-талас, жаттау, көшіру, жаттығу, көшіріп жазу әдістерін қолданған.

Ежелгі Үндістанда Біздің заманымызға дейінгі І-мыңжылдықта

Біздің заманымызға дейінгі І-мыңжылдықта Ежелгі Үндістанда мектептің білім беру ісінде оқытудың белсенді тәсілдерін қолданған. Мысалы: мұғалім оқушының алдында әртүрлі мақсат қойып, оқушыны сұрақтарға жауапты өз бетінше табуға, шындықты танудың тәсілдерін меңгертуге үйретті.

Ежелгі Қытайдағы Конфуций мектебінде

. Ежелгі Қытайдағы Конфуций мектебінде оқытудың үлгіге еліктеу, диалог, салыстыру, заттарды және құбылыстарды топтастыру тәсілдері қолданылды.

Ежелгі Римде Квинтилиан шығармасы

Квинтилиан  б.з.б. І-ғасырдың аяғында шешендер мектебін ашып, «Шешендік білім туралы» атты 12 томдық еңбек жазды. Трактатта  білім беру және тәрбиелеудің әртүрлі мәселелерін талқылады. Сондықтан Квинтилиан шығармасы ежелгі Римнің педагогика тарихының бай көзі болып табылады. Оқытудың негізгі тәсілдеріне еліктеу, уағыздау, жаттығу жаттады.

Еуропада (б.з.д., V ғасыр) орта ғасырлық мектеп

Еуропада (б.з.д., V ғасыр) орта ғасырлық мектеп құрылды. Оқыту бағдарламасының мазмұны 2 еркін өнерден тұрды:

1) бастапқы цикл – тривиум: Грамматика, риторика, диалектика;

2) көтеріңкі цикл – квадривиум: Арифметика, астрономия, музыка.

Қазақстандық педагогика ғылымының дамуы

Қазақстандық педагогика ғылымының дамуындағы жеті кезеңді шартты түрде атап айтуға болады.

Бірінші кезең – тәрбиелік ойлар жазылған эпос пен жырлардағы, ертегілердегі халықтың ауыз екі өнерімен, қазақтың салт-дәстүрімен байланысты.

Екінші кезең – шығыс Ренессанс дәуірі деп аталып кеткен шығыс мәдениетінің қалыптасу кезеңімен байланысады

Үшінші кезең – бұл кезеңде Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және ағартушылық-демократиялық идеялардың өркен жаюы жүзеге асты.

Төртінші кезең – дарынды оқытушы-педагогтер А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, К.Жұбанов, Х.Досмұхамедов, Ш.Әлімжановтың аттарымен байланысты.

Бесінші кезең – 1937 жылдан 1989 жылға дейінгі аралықта Қазақстандық педагогика Кеңес педагогикасының жүйесінде дамыды

Алтыншы кезең – 1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезең. Кеңестік Одақтың ыдырауынан кейін, педагогикалық ғылым біртұтас кеңестік ғылым ретіндегі дәрежесін жоғалтып, тәуелсіз мемлекеттер достығы өзіндік отандық ғылымның қалыптасуында жұмыс атқарады.

Жетінші кезең – ХХ ғасырдың аяғы мен қазіргі кезеңге дейін. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.

...

Скачать:   txt (13.1 Kb)   pdf (166.7 Kb)   docx (302.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club