Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасы
Автор: saltanataitbaeva • Октябрь 3, 2021 • Практическая работа • 784 Слов (4 Страниц) • 385 Просмотры
[pic 1]
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ОРЫНДАҒАН: АЙТБАЕВА С. Қ.
ТОБЫ: МФК201
ҚАБЫЛДАҒАН: ЖУМАШЕВА С. С.
АЛМАТЫ, 2021Ж.
«Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасы»
№ | Мен қандай тәсілдер арқылы өзімді тәрбиелеймін? | Мен мұғалімге қажетті қандай негізгі іскерліктерді өзімде қалыптастырамын? |
1 | Мен өз-өзімді қалай бағалаймын? | Танымдық (гностикалық) іскерліктерімді өздігімнен қалай тәрбиелеймін? |
2 | Мен өз-өзімді қалай қадағалаймын? | Конструктивтік (кұрастыра білу) іскерліктерімді өздігімнен қалай тәрбиелеймін? |
3 | Мен өз-өзіме қалай бұйрық беремін? | Коммуникативтік (қарым-қатынас) іскерліктерімді өздігімнен қай жағынан тәрбиелеймін? |
4 | Мен өз-өзімді қалай иландырамын? | Хабарлау (информациялық) іскерліктерімді өздігімнен қай жағынан тәрбиелеймін? |
5 | Мен өз-өзімді қай жағынан құптаймын? | Ұйымдастырушылық іскерліктерімді өздігімнен қалай тәрбиелеймін? |
2-курс (2021-2022 оқу жылдары)
№ | Мен қандай тәсілдер арқылы өзімді тәрбиелеймін? | Мен мұғалімге қажетті қандай негізгі іскерліктерді өзімде қалыптастырамын? |
1 | Мен болашақ педагог ретінде өзімді жоғары бағалай білуім керек. Өзімді басқа адамдармен салыстырмай, өз дәрежемді биік ұстауым керек. | Танымдық іскерліктерімді дамыту үшін өзіме қажетті пәндерді және психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқу арқылы ой әрекетімді дамытуға, есте сақтау, зейін қою, түсіну үдерістерімді жетілдіремін. |
2 | Менің мамандығым адамдармен тікелей байланысты. Сол себепті қарым-қатынас кезінде барынша сабырлы, ұстамды болуым керек. Бірден ашуға ерік бермеуге тырысамын. | Мен өз бойымдағы конструктивтік іскерліктерімді дамытуға тырысамын. Себебі, бұл арқылы болашақта оқушылармен сабақты қызықты өткізетін боламын. |
3 | Мен өзімнің күнделікті жасайтын істерімді уақытынан кешіктірмей орындауға үйренгенмін. Өз-өзіме бұйрық беру арқылы жұмыстарымды жеңілдете аламын. | Мен коммуникативті іскерлігімді жақсы дамытуым керек. Мен өз-өзімді сырттай бақылап жасаған қателіктерім мен кемшіліктерімді қайталамауға тырасатын боламын. |
4 | Мен болашақта жақсы, өз ісіне берік педагог болу үшін бойыма жақсы қасиеттерді жинақтаймын. | Мен болашақта оқушыларыма ақпараттарды хабарлау кезінде оларға ең тиімді әдістерді қолданатын боламын. Өзімнің сөйлеу мәнеріме, дикцияма, дыбыстарымның анық шығуына мән беремін. |
5 | Мен бір нәрсе істемес бұрын оны ой елегінен өткізіп аламын. Өз шешімімнің дұрыстығына толықтай көз жеткіземін. Және әрдайым өз-өзімді құптаймын. | Мен ұйымдастырушылық іскерлігімді дамыту мақсатында көптеген мамандардың тренингіне қатысатын боламын. Сол арқылы оқушылар арасында қызықты жарыстар мен дебаттар ұйымдастырамын. |
3-курс (2022-2023 оқу жылдары)
№ | Мен қандай тәсілдер арқылы өзімді тәрбиелеймін?
| Мен мұғалімге қажетті қандай негізгі іскерліктерді өзімде қалыптастырамын? |
1 | Адам жақсы нәтижелерге жету үшін өзін-өзі дұрыс бағалай білу керек. | Мен өзімнің танымдық іскерлігімді дамыту арқылы болашақта оқушыларымның да танымдық белсенділіктерін, қызығушылықтарын білетін боламын. |
2 | Көпшілік ортада өзімді сабырлы, толерантты ұстаймын. Өз-өзімді толықтай білемін деп айта аламын. Мінезімді жиі қадағалап отырамын | Мен бұл іскерлікті дамыту үшін көптеген курстарға қатысатын боламын. Себебі, болашақта сабақты өткізудегі тиімді құралдар мен әдіс-тәсілдерді жетік меңгеруім керек. |
3 | Мен күнімді жоспарлау арқылы уақытымды тиімді пайдаланамын. Жасайтын жұмысыма үлкен жауапкершілікпен қараймын. | Мен коммуникативті іскерлігімді дамыту барысында жоғары дәрежелі мамандардың сабақтарына қатысамын. Өз-өзіме сыни тұрғыда баға беремін. |
4 | Менің денсаулығым қандай жағдайда болмасын оқушыларыма жақсы білім мен тәрбие беруім керек. Себебі, жастарға артар үмітіміз зор. | Белгібі бір ақпараттарды хабарлау мақсатында ең тиімді әдістерді біріктіре алуым керек. Ол үшін ұдайы ізденісте жүру керек |
5 | Мен өз-өзімді құптау үшін мотивациялық фильмдер көремін. Себебі, маған фильмдерден жақсы әсер аламын және өзімнің болашақ шешімдеріме толықтай қанағаттанатын боламын. | Мен өзімнің іс-әрекеттеріммен қатар оқушылардың да іс-әрекеттерін бақылай білуім керек. Олардың ынталарын ашуым керек. Ол үшін өзімнің де іс-әрекеттеріммен жақсы жұмыс жасауым керек. |
...