Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасы
Автор: Гульназ Турганбаева • Сентябрь 26, 2021 • Доклад • 832 Слов (4 Страниц) • 500 Просмотры
[pic 1]
Тақырыбы: «Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасы»
Орындаған: МОК-203, І топша
Топ жетекшісі: Тұрғанбай Д.
Тоқтамыс Д.
Тойлыбай Н.
Шайменова Н.
Шығыс Н.
Тексерген: Жұмашева Светлана Сатыбалдықызы
2021
2 курс,2021/22 оқу жылы
#1 (60-62 бб.)
Мен қандай тәсілдер арқылы өзімді тәрбиелеймін? | Жауаптарым |
Өз-өзімді бағалауым | Педагог ретінде өзімді бағалап,ешкімнен кем тұтпаймын. |
Өз-өзімді қадағалауым | Басқа адамдармен қарым-қатынас жасағанда, өзімді сабырлы ұстай білуге, басқалардың кемшіліктеріне кешіріммен қарауға және өз-өзімді қадағалап қиын жағдайларда ыза мен ашуға жол бермей ұстамды болуға тырысамын. |
Өз-өзіме бұйрық беруім | Ұқыпты болу,жұмыстан кешікпеу, тапсыр -маға жауапкершілікпен қарау,барлығын уақытында істеу |
Өз-өзімді иландыруым | Егер мен ауырсам , белгілі бір іспен айналысып, көңілімді соған бөлемін . Сонда ауруды ұмытқандай боламын. Тақырыпты түсінбесем , қайта оқып шығу арқылы түсінгендей боламын. Қиындықтар туындаса , уақыт өте келе түзелеріне сенемін. |
Өз-өзімді құптауым | Дәл бүгіннен бастап мен алдыма жақсы маман болу үшін көп ізденіп,көп оқимын деген биік мақсатты қоямын. |
#2 (62-64 бб.)
Мен мұғалімге қажетті қандай негізгі іскерліктерді өзімде қалыптастырамын? | Жауаптарым |
Танымдық (гностикалық) | Мен өзімнің қабілеттерімді есте сақтау,зейін қоя білу,дамыту,қабылдауымды дамытуға тырысамын |
Конструктивтік | Өз-өзімді тәрбиелеп, әр істі алдын ала болжай алуерекшеліктерді дамыту негізінде сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралардың мазмұнын, оларды өткізудегі тиімді құралдарын, әдіс-тәсілдерін дұрыс меңгеруге тырысамын. |
Коммуникативтік | Сабақ барысында өзімнің шығармашылдығыммен үздіксіз ізденісімнің нәтижесіндегі жинаған білімімді оқушыларға түсіндіруге және олардың сабаққа толықтай қызығушылықпен қатысуына жағдай жасау. |
Хабарлау (информациялық) | Мен айна алдында өзімнің дикциямды,сөйлеу мәнерімді шыңдап жаттығамын. Тыңдаушыларға ақпаратты нақты,түсінікті етіп жеткіземін |
Ұйымдастырушылық | Ұйымшылдығымды қадағалау , көпшілік ортада ұйыдастыруға белсене атсалысу, жобаларды ұйымдастыруға қабілетті болу. |
3 курс,2022/23 оқу жылы
#1 (60-62 бб.)
Мен қандай тәсілдер арқылы өзімді тәрбиелеймін? | Жауаптарым |
Өз-өзімді бағалауым | Мен жасаған еңбегім мен әрекеттеріме лайық өзімді бағалап,қамқор болуға тырысамын |
Өз-өзімді қадағалауым | Өз сезімдерімді басқарып, оны уақытында тежеп үйренемін. Адамдарға кек сақтамай, кешірімді болуға тырысамын. Сонымен қатар алдыма анық мақсат қойып соған жету жолында аянбай еңбек етемін. |
Өз-өзіме бұйрық беруім | Әрдайым ізденісте болу,біліктілігімді арттыру,бір орында қалып қалмау, оқушылармен үнемі тығыз байланыс жасау |
Өз-өзімді иландыруым | Әрдайым жаңа нәрсені тануға тырысамын .Болашақтың жарқын екеніне сенемін.Бір орында тұрақтап қалмай , алға жылжимын . Егер сабаққа уақыт жетпесе , өзіме күнделікті кесте құраймын |
Өз-өзімді құптауым | Мен болашақта да өз білімімді жаңартамын,заман талабына сай мұғалім боламын деген сенімдемін. |
...