Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бiлiм беру жуйесiндегi инновациялык белсендi әдiстерiнiн тиiмдiлiгi

Автор:   •  Октябрь 10, 2018  •  Доклад  •  997 Слов (4 Страниц)  •  454 Просмотры

Страница 1 из 4

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

 5В011600-География мамандығының 2 курс студенті Жарылқасын Т.М., ғылыми жетекшісі аға оқытушы, п.ғ.м. Балыкбаева Г.Ш.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,

Арқалық қ.

E -mail. togjan.jarulqasun@mail.ru

        

«Бала білімді, тәрбиені өз бетімен алу керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі – балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру, ойлаған мақсатқа жету үшін бағдар беріп отыру».

А.Байтұрсынұлы

Қазіргі жастар жаңа ғасыр ұрпағымыз, сапалы білім мен денсаулық  сақтау, салауатты өмір сүру сияқты негізгі жағдайлар жасалған Егеменді Қазақстан елінде өмір сүріп жатқандықтан қоғамда болып жатқан өзгерістерді, дамуды көздеген жобаларды санамен саралап, ұтымды да маңызды тұстарын бойымызға сіңіріп айналамыздағылар мен кейінгілерге іспен де сөзбен де жеткізіп отыру біздің , жастардың  міндетіміз екенін түсінуіміз қажет. Осы мақсатта, Елбасының «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» атты жобасына сәйкес  2017 жылдан бастау алған «Білім берудің жаңартылған мазмұнын» талқылауды міндет етіп алдық.

Ізденіс бойынша «Білім беру мазмұнын жаңартудың тиімділігі неде?», « Жаңа бағытта жұмыс істеудің әдістері қандай?», «Біз жастар жобаның іске асуы үшін не істеуіміз қажет?» - деген сұрақтарға жауап бере отырып, «Цифрлы Қазақстан» аталған жобаның байланысын сипаттап өтеміз.

Елбасымыз «Қазақстан-2050»; «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы Әлемнің дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отырған ел ретінде бізге кәсіби деңгейі мықты мамандар керектігін айтты. Бұл тұрғыда біз болашағымыздың тізгінін техниканың тілін меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, сауатты ұрпақ ұстайды деп отырмыз.

Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіру үшін жаңа білім беру жүйесі бағытталған. Білім беру жүйесінің жаңа мазмұнында, өзгеше жағдай, өзгеше қарым – қатынас, өзгеше тәртіп, өзгеше педагогикалық менталитет қалыптасуда. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден -бір жолы оқушы білімін Критериалды бағалау жүйесі.

Критериалды бағалау- оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата – анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс. Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:

-заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;

-жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой – өрісін әрі қарай дамытады;

-оқушылардың білім сапасын арттырады;

-оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;

-тұлғаны өзіндік жауапкершілікке , тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.

Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін- өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойлағаны, бағаланады. Бағалауды сауатты ұйымдастыру оқу процесіндегі ең қиын міндетердің бірі. Ал оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін  сабаққа пайдаланған кезде бұл міндет қиындай түседі. Негізінен біз «бағалау» терминінің түпкі төркініне мән бере бермейміз. Біз бағаны оқушы білімінің көрсеткіші деп қараймыз.Алайда бұл бағаның бұл шынайылылығы күмәнді. Себебі біз бағаны кейде көтермелеп қойсақ, кейде бағаны төмендетіп қоямыз. Басында үшке оқыған оқушыға «үш», төрт пен беске оқыған оқушы «жақсы» болып соңына дейін таңбаланып қалатыны белгілі. Бұндай бағалау баланың білім деңгейін нақты да айқын көрсете алмайтынына көзіміз жетті [1].

...

Скачать:   txt (14.3 Kb)   pdf (102.7 Kb)   docx (14.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club