Сәкен Сейфуллин шығармашылығы
Автор: N2002n • Март 16, 2023 • Курсовая работа • 6,577 Слов (27 Страниц) • 401 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.............................................................................................................. | 4 | |
1 | СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ ӨМІР ЖОЛЫ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ, ЗЕРТТЕЛУІ | |
1.1 | Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы................................................................ | 5 |
1.2 | Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына жалпы шолу......................... | 7 |
2 | СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | |
2.1 | Сәкен Сейфуллин поэзиясындағы жаңашылдық пен тақырыптық ерекшеліктері .............................................................................................. | 14 |
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................... | 22 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................... | 23 |
КІРІСПЕ
Қазақ әдебиеті тарихында қазақтың төл өнері үшін жанын салып қызмет қылған дара тұлғалар аз емес. Оларға А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, А.Байтұрсынұы, Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлы, С.Торайғыров, т.б. жатқызуға болады. Олар елдің тәуелсіздігі, еркіндігі, ұлттық құндылықтардың сақталып қалынуы үшін ғұмырын арнағандар. Ондай тұлғалардың еңбегін ұмытпау, есімін дәріптеу қазіргі заман еншісінде.
Сонымен қатар, қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып, тақырып ауқымдылығы кең қаламгерлердің шығармашылығымен толық танысып, оған талдау жасай білу де өте маңызды. Ендеше, сыршыл ақын С.Сейфуллиннің поэзиясын талдау турасындағы зерттеу жұмысының туындауы да заңды.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кез-келген шығарманы тереңінен түсіну үшін оған талдау жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Шығарманы жан-жақты талдау барысында ғана автордың қолтаңбасын танып, шығарманың негізгі айтар ойы мен өзіне тән ерекшеліктерін байқай аламыз.
Бүгінгі таңға дейін Сәкен Сейфуллин өмір жолы, шығармашылығы туралы іргелі зерттеу еңбектерінің де, көркем туындылардың да біршамасы жарық көрді. С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармалары туралы С.Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пьесасы, Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі,Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағанбетов, Қ.Бекхожин, тағы басқалардың поэмалары, Е.Ысмаиылов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, тағы басқа ғалымдардың әдеби зерттеулері, естеліктері жарық көрген. Сонымен қатар, С.Мұқанов, М.Қаратаев, Ә.Тәжібаев, Қ.Тәжібаев, Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин, З.Ахметов, Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, М.Базарбаев, Е.Еабдіров, Р.Нұрғалиев, С.Сейітов, т.б. зерттеушілер де Сәкен Сейфуллин туралы зерттеу жұмыстары мен мақалаларды жазған болатын. Жұмыс барысында аталмыш зерттеу жұмыстарымен танысып, оларды жинақтайтын боламыз. Сонымен қатар, Сәкен Сейфуллиннің көркем тіліне талдау жасайтын боламыз.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты Сәкен Сейфуллин туралы жазылған еңбектерді жинақтай отырып, автордың тіл ерекшеліктеріне тоқталу. Осы мақсатқа негізделе отырып мынандай міндеттер алға қойылды:
- Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы және шығармашылығымен тереңінен танысу;
- Сәкен Сейфуллин туралы зерттеу еңбектерін жүйелеу;
- Сәкен Сейфуллин шығармаларына талдау жұмыстарын жасау;
Зерттеу нысандары мен әдістері. Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі ретінде С.Сейфуллин туралы жазылған тұжырымдар, соңғы зерттеулерде кездесетін пайымдаулар қолданылды. Соның ішінде, С.Қирабаевтың «Сәкен Сейфуллин», Т.Кәкішевтің «Қызыл сұңқарлар», К.Қамалиеваның «Сәкен Сейфуллиннің ағартушылық қызметі», М.Қозыбаевтың «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар», т.б. еңбектері қолданылды.
...