Ерте жастан балаларды шығармашылыққа тәрбиелеудің әдіс- тәсілдері
Автор: Guishat Nurtaeva • Апрель 24, 2020 • Реферат • 2,429 Слов (10 Страниц) • 539 Просмотры
Ерте жастан балаларды шығармашылыққа тәрбиелеудің әдіс- тәсілдері
«Бәйтерек» балабақшасы, КМҚК
тәрбиеші,Маманова Ж.Т.
Сурет салу - негізгі атқаратын міндеті болмысты образды түрде бейнелеу болып табылатын бейнелеу іс-әрекетінің түрлері. Сурет салу іс-әрекеті – мектеп жасына дейінгі балалар үшін ең қызықты нәрселердің бірі: Ол баланы терең толғанысқа түсіреді, жағымды сезім тудырады.
Ы. К. Крупская былай деп жазған болатын: «Бала өзінің алған әсерін сан түрлі жолдармен: қимыл-әрекетпен, сөзбен, бет құбылысымен білдіруге ұмтылудан бастайды [1.123-б.]. Оған өзінде қалыптасқан образдарды айта білу саласын кенейтуге мүмкіндік беру керек. Оған материал: мүсін жасау үшін саз балшық, қарындаштар мен қағаз, құрылыс үшін толып жатқан материал және т. б. беру, бұл материалды қалай пайдалануды үйрету керек. Қалыптасқан образдардың материалдық көрінісі ' оларды тексерудің және байытудың тамаша құралы қызметін атқарады. Қандай формада көрінсе де балалар творчествосын барынша көтермелеп отыру қажет.
Әдетте, балалар өздерін толғандыратынды, өздеріне ұнайтынды, өздерін қызықтыратынды беру мүмкіндігін ала отырып, сурет салуды, мүсіндеуді, қиып алуды және желімдеуді, конструкциялауды ұнатады. Екінші кіші топтан бастап сурет салуға және мүсіндеуге аптасына бір рет оқу іс-әрекеті бөлінеді. Бірте-бірте олардың саны өсе береді және ересек топтарда сурет салудан, мүсіндеуден, жапсырудан аптасына бір рет сабақ өткізіледі.
Сурет салу іс-әрекеті мектеп жасына дейінгі балаларды жан- жақты тәрбиелеуде үлкен маңызға ие болады. Әрекет сияқты, ол балаларға ақыл-ой тәрбиесін беруде үлкен маңызға ие болады.
Балалар сурет салғанда, мүсіндегенде, жапсыруда бұрын қабылдағандарын, өздеріне таныс жайттарды қайта жаңғыртады. Балалардың көпшілігі суреттерді және басқа да жұмыстарды түсініктері бойынша немесе естерінде қалғаны бойынша жасайды. Мұндай түсініктердің болуы қиял жұмысына азық болады. Бұл түсініктер бейнелеу объектілерін ойын үстінде, серуендерде, арнайы ұйымдастырылған бақылауларда және т.б. тікелей танып білу процесінде пайда болады. Балалар көп нәрселер туралы әңгімелерден, көркем әдебиеттен біледі. Өз іс-әрекеті процесінде заттардың қасиеттері мен сапасы туралы балалардың түсініктері нақтылана түседі. Бұған көру, сезіну, қол қимылы қатысады.
Балалардың ақыл-ойының дамуында қоршаған дүниедегі заттардың әр түрлі формалары және кеңістіктегі жайы, әр түрлі көлемдері бояу реңктерінің сан алуандығы туралы түсініктерінің негізінде біртіндеп ұлғайып отыратын білімдер корынын үлкен маңызы бар.
Сурет сала отырып, балалар түрлі материалдарды (қағаз, бояу, балшық, бор т. б.) біледі, олардың қасиеттерімен, әсерлеу мүмкіншілігі- мен танысады, олармен жұмыс істеу дағдыларына ие болады. Балалар сондай-ақ адамдардың іс-әрекеттеріндегі кейбір құралдармен (қарындаш, қылқалам, қайшы) жұмыс істеу тәжірибесін үйренеді. Ал осы әрекеттерді меңгеру балалардың ақыл-ойының дамуына септігін тигізетіні белгілі.
Біздер өз жұмысымыздың барысында сурет салу іс-әрекетін үйрену талдау, синтездеу, салыстыру, жалпылау сияқты ойды қажет ететін операцияларды қалыптастырмайынша мүмкін емес екендігін анықтадық. Бақылаулар процесінде, бейнелеу алдында заттарды және олардың бөлшектерін зерттеу кезінде балаларды заттардың және оның бөлшектерінің формасын, көлемін, заттағы бөлшектерінің орналасуын, түр-түсін бөліп ала білуге үйретеді. Формасы жағынан әр түрлі заттарды бейнелеу оларды салыстыруды және айырмашылығын анықтауды талап етеді. Сонымен қатар балалар заттарды, оқиғаларды салыстыруды және олардағы ортақ нәрсені бөліп алуды, заттарды ұқсастығы бойынша біріктіруді үйренеді.
...