Теориялық білім деңгейін, шығармашылықпен жұмыс істеу шеберліктерін көрсету
Автор: azhar1989 • Май 16, 2018 • Реферат • 2,648 Слов (11 Страниц) • 901 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. ЖАНДОСОВ АТЫНДАҒЫ ҚАСКЕЛЕҢ КӘСІПТІК –ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
БЕКІТЕМІН
ҚКТК директоры
_______________ А. Б. Кыдырбек-улы
«___ _» _______2017ж
Сабақтан тыс іс-шара
«»
Дайындаған: өндірістік оқыту шеберлері
Жүнісқан Ажар Түрсынбекқызы
Ахмадиева Айсулу Бактыбековна
Қаскелең 2017 ж
Сабақтың мақсаты: Теориялық білім деңгейін, шығармашылықпен жұмыс істеу шеберліктерін көрсету.
Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, ойлау, есте сақтау қабылеттерін дамыту.
Оқушылардың шығармашылын, танымдық қабылеттерін шыңдау.
Оқушыларды әдептілікке, топтың қоғамдық пікірін қалыптастыруды, танымдық қызығушылыққа, еңбекке баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілік:
Ұлағатты сөздер, компьютер, элекрондық тақта, қабырға газеттері
Жургізуші:1 Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар мен студенттер!
Бүгінгі 267- 275 топ студенттеріміздің Тігінші мамандығына арнайы өткізіп жатқан, ашық сабағымыз ашық деп жариялаймыз! Бүгінгі сабағымыз бізде ерекше жағдайда жарыс түрінде өтеді, Сіздер бүгін 267- 275 топ қыздарының шеберлігін, білімдерін, қабілеттіліктерін көретін боласыздар! Алдымен бүгінгі сабағымыздың кезеңдерімен таныстыра өтсем,
I-ші кезең. Таныстыру
II-ші кезең Теориялық білім (Бұл кезеңде студенттерге өткен материалдар бойынша, сонымен қатар логикалық сұрақтар, жұмбақтар қойылады )
III-кезең Өздері тіккен модельдерін қорғау
IV- кезең Муляж
Жургізуші:2 Студенттер 4 топқа бөлінген, әр топтың өз топ басшылары бар, ал олардың біліміне, шеберлігіне әділ баға беретін әділ қазыларымызды таныстырса өтсем:
1. Жумабекова Р. Ж . – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
2. Мерекеев М. Т. - директордың ісі жөніндегі орынбасары
3. Мамытова Г. – колледж психологы
4. Бажиев Б. С. - директордың оқу өндірістік жұмысының орынбасары
5. Болғанбаева У. Р. – «Тігінші» мамандығының өндірістік оқыту шебері
Жургізуші:1 Қошемет көрсетіп отырайық
Жургізуші:1 Қазақ қыздары өте ертеден қол өнерге, оның ішінде тігінге жақын болған. Қыз бала өзінің шеберлігін, іске икемділігін өз жұмыстарымен көрсете білген.
Жургізуші:2 Әр топ басшылары ортаға шықсын ... Сіздер менің алдымда тұрған қағазды таңдайсыздар, сол арқылы сіздердің реттік сандарыңызды анықтаймыз! Барып таңдасаңыздар болады. Міне белгілі болғандай;
- Коко до Шанель
- Шабыт
- Жас шебер
- Достық
Жургізуші:1 Ал Сіздерге айтарым бүгін өз қабілеттіліктеріңізді өз істеріңмен дәлелдейсіздер! Берілген шарттармен талаптар өте күрделі емес, сендерден тек шапшаңдық пен икемділік талап етіледі.
Жургізуші:2 Кейбір ескертулер айта өтейін:«Сендерге берілетін шарт – бірінші тәртіп сақтау және жылдамдық! Жюрилер әр кезең соңында қойған ұпайларын көрсетіп отырады. Тәртіп сақтамау, берілген уақыттан асып кету сыңды жағдайларды, 1 ұпайдан кемитіп отырамыз».
1 кезең. ТАНЫСТЫРУ . Әр топ өздерін таныстырады. Оларда сонымен қатар, эмблема, плакат болуы тиіс. Сонымен таныстыруды бастайық:
...