Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Бану Нурахметовна Жанаеваның шығармашылық есебі

Автор:   •  Ноябрь 25, 2018  •  Творческая работа  •  1,191 Слов (5 Страниц)  •  1,414 Просмотры

Страница 1 из 5

        


Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі   Бану Нурахметовна Жанаеваның шығармашылық есебі

   Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы-тарихи маңызы, қоғамда алатын орны ерекше стратегиялық құжат. Себебі, бұл Жолдауда  елімізді одан әрі дамыту, әрбір отбасының, әрбір азаматтың жағдайын одан әрі жақсарту, халқымыздың бірлігін, тыныштығын қорғау жолдары нақты атап көрсетті.

Елбасымыз өз Жолдауында «Дамудың қазіргі кезеңінде адам факторы айқындаушы фактор болып табылатынын» атап көрсетті. Адам факторы пәрменін арттырудың бірден-бір құралы – оқу, білім алу. Бұл тұрғыда нәтиженің жемісті болмағы, алдымен ұстаздарға, оның білім-білігіне, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруындағы шеберлігіне, келешегіміз жастардың әлеуетін арттыру амалдарын игеруіне тәуелді екенін мойындаймыз.

Қазақстанның өркениетті әлемге қол созып, бәсекеге барынша қабілетті отыз елдің қатарына кіруінің негізгі тетігі – білім. Білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениетті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын педагогикалық үрдістің нәтижесін жаңарта алатын мұғалім болуы керек.

Мектептегі еңбек жолымды Алматы облысы  Еңбекшіқазақ  ауданы Еңбек орта мектебінде 1986 жылы  мектеп кітапханашысы болып бастадым. Ал, осы мамандық бойынша  2004 жылдан бері жұмыс жасап келемін.

Әдістемелік тақырыбым: «Білім  беруді  жаңарту аясында  жаңа ақпараттық технология арқылы оқушылардың  тілін үйренуге деген ынта-ықыласын арттыру және жан-жақты дамыған, сыни  көзқарасы қалыптасқан тұлға қалыптастыру»

Мұғалім – мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің  білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.

Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша оқыту, тәрбиелеу қажет. Сондықтан да қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін емес.

Мұғалімдердің ортақ мақсаты – жеке тұлғаны қалыптастыру болса, оқушы бойынан табылатын жақсы қасиеттердің бәрі мұғалімнің  де бойында болуы керек. Мұғалім өз білімін үнемі толықтырып отыруына, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдіс-тәсілдермен, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгерген шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі керек.

Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын өзіміз оқытып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде заманауи оқыту технологиясының элементтерін жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үнемі   қолданып отыруға тырысамын.

ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген екен. Сол кісінің айтқанындай «жаңадан жаңаны» тауып жатпасам да, өзіме таныс жаңа технологияларды сабақтарыма кіріктіре отырып, жас буынға саналы тәрбие мен

сапалы білім беру ісіне бар ынтамды салып келе жатырмын. Оның дәлелі ретінде соңғы үш жылдағы өткізген ашық сабақтарымды алға тартар едім. Атап айтсам: 7-сыныпта «Есімше.Есімшенің жасалу жолдары»,  6-сыныпта «А.Құнанбаев «Қыс», 6-сыныпта   «Етістер» атты ашық сабақтарым мен соңғы екі жыл көлемінде өткізген пән бойыншасыныптан тыс мектепішілік «Абай оқулары-2016, 2017» және «Мұқағали оқулары-2017»,  ХХІ ғасыр көшбасшысы-2016», «Тіл білгірі-2017» іс-шаралары өз дәрежесінде өтті. Сондай-ақ, жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Тілдер фестивалі» шаралары да осы жолда жасалып жатқан жұмыстардың бір парасы дей аламын.

...

Скачать:   txt (16.1 Kb)   pdf (271.7 Kb)   docx (751.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club