Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Р. Марсековтың шығармашылық мұралары

Автор:   •  Октябрь 27, 2018  •  Реферат  •  5,328 Слов (22 Страниц)  •  733 Просмотры

Страница 1 из 22

ҚР Білім және Ғылым министрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институт

Тарих және Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Райымжан Марсеков

Павлодар 2017

Мазмұны

Кіріспе

1. Р. Марсекотың өмір белестері

1.1 Р. Марсековтың саяси өмірге шығу қадамдары

2. Р. Марсековтың қоғамдық  саяси қызметі

2.1 Р. Марсековтың қоғамдық қызметінің бастаулары

3. Р. Марсековтың шығармашылық мұралары

3.1 Р. Марсеков – қаламын қару еткен қайраткер

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

        ХХ ғасыр адамзат қоғамының рухани кемелденуі мен жаңа сапалы өркениетке қадам басуының белесі болды. Әлемдік саяси-әлеуметтік, қоғамдық-экономикалық, құқықтық озық қатынастарының ілгері даму үрдісі монорхиялық үстемдік еткен шешу Ресей империясына да өз әсерін тигізді. Ресейдегі әлеуметтік таптық теңсіздіктің даму сипаты тұрғысынан ара-жігі ажырап, билік басындағылардың басқару жүйесіне бұқараның жаппай пиғылығының өрши түсуі патшалық мемлекеттік құрылысты төңкеруге бағытталған дүмпулерге ұласты.

        Қазақ қоғамына жаңа саяси күштің өмірге келіп, күреске араласа бастағаны патша үкіметіне де кейін кеңестік билік орындарына да ұнамады. Қазақ зиялыларының ең белсенді тобы жер аударылды, абақтыға жабылды. Сол кезеңде ұлттық сананың оянуына түрткі болған Алаштың озық ойлы, зиялы азаматтары өз халқын жалпы адамзаттық биік рухани қағидаларға баулып, өз елін өркениет биігінен көргісі келді. Солардың басты өкілдері нағыз ұлтжанды қазақ зиялылары.

        Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Сералин, Жақып Ақбаев, Барлыбек Сыртанов, Райымжан Марсековтар еді. Олар қоғамдық-саяси, құқықтық ой-пікірдің реформациялау жаңару мен бастандық идеяларының нағыз жыршылары болып танылды.

        Қазақ ұлттық демократиялық зиялыларының ХХ ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық саяси қызметін зерттеудегі шын мәніндегі жаңа кезең 90 жылдардың басына қарай басталды. Оған жол ашып берген сол кездегі бүкіл Кеңестер Одағы қамтыған қайта құру әдісі, соған байланысты тоталитарлық жүйенің құрбаны болған мәдениеті мен ғылымының көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын қарау үшін Қазақстан Коммунистік партиясын Орталық комитеті жанынан құрылған комессиясының шешімдері болды. Соның нәтижесінде сталиндік жаппай жазылу құрбандары болған қазақ зиялыларының шығармашылық мұралары мен жекеленген тұлғаларға арналған зерттеу еңбектері жарыққа шыға бастады. «Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі Райымжан Марсековтың рөлі» атты рефераттың негізіне тарихилық, обьективтілік басты бағыт етіп алынған.

        Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, рефераттың барысында төмендегідей міндеттер қойылады:

        1) Р. Марсековтың өмірбаяның, қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты көзқарасының қалыптасу кезеңдерін қарастыру;

        2) Р. Марсековтың заңгерлік, қоғамдық-саяси қызметінің мәнін ашып көрсету;

        3) Р. Марсековтың саяси және қоғам қайраткері ретінде атқарған қызметтеріне тоқталып, шынайы деректер келтіріп халқына атқарған қызметінің талдап көрсету;

        4) Р. Марсековтың қазақ елі мен жері ханындағы ой-талғамдарына тарихи тұрғыда талдап, олардың ұлттық және тарихи маңызын көрсету.

1. Р. Марсекотың өмір белестері

        ХХ ғасырдың басында Қазақстан қоғамдық-саяси және құқықтық ой-пікірдің дамуына мол үлес қосқан қайраткерлердің санынан Райымжан Марсековтың есімі ерекше орын алды. Оның жеке болмысы мен өмір белестері, белсенді қоғамдық қызметі мен өмір белестері, белсенді қоғамдық қызметі мен саяси құқықтық көзқарастары еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін біршама алға жылжып зерттелуде, танылуда. Ізденістердің нәтижесінде Райымжан Марсековтың азаматтық тұрғысынан баға берер болсақ, ол бізге қазақ тарихында Ресей студенттерінің қозғалысына белсене қатысып, самодержавиялық билікке қарсы үн көтерген, азаттық реформалық қозғалыстың алғы шегінен көрінген қайраткер, ірі заңгер, публицист, Алаш қозғалысының белсенді мүшесі ретінде танылады.

...

Скачать:   txt (72 Kb)   pdf (288.3 Kb)   docx (32.1 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club