Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ақпараттық технологияларды қолдану арқылы дамыту

Автор:   •  Октябрь 7, 2018  •  Курсовая работа  •  19,919 Слов (80 Страниц)  •  1,053 Просмотры

Страница 1 из 80

Тақырыбы:  Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ақпараттық технологияларды қолдану арқылы дамыту

Мазмұны

Кіріспе

6

1

Оқушылардың шығармашылық қабілетін ақпараттық технологиялар арқылы дамытудың педагогикалық негізі

8

1.1

Оқушылардың    шығармашылық қабілетін    дамытудың
философиялық-әлеуметтік    және    психологиялық педагогикалық зерделенуі

8

1.2

Оқушылардың      шығармашылық        қабілетін         ақпараттық
технологиялар арқылы дамытудың педагогикалық шарттары

24

2

Оқушылардың шығармашылық қабілетін ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қалыптастыру бағытындағы тәсілдер

43

2.1

Ақпараттық   технологияларды   қолдану   арқылы оқушылардың  шығармашылық қабілетін  дамытудың    құрылымдық-мазмұндық моделі

43

2.2

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс -тәсілдері

54

Қорытынды

66

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

68

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында «...экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру» және «кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдык маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті, кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маман қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады...» деп атап көрсетілген.

Осыған орай, мектептегі басты мәселенің бірі қазіргі кезеңде әлемдік бәсекеге қабілетті, жан-жақты даярланған, шығармашыл тұлға қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта мектепке арналған Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (жоба) негізгі мақсаты - оқушылардың әлеуметтік қорғалуы жағынан қамтамасыз ету, білімнің сапасын арттыру арқылы құзыреттіліктерін қалыптастыру, әлемдік білім кеңістігіне еркін ену. Мұнда мектеп бітірушінің түрлі жағдайларда өздігінен шешім қабылдауына мүмкіндік туғызатын: проблеманы шешудің жолын табу, ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру көзделіп отыр [1].

Зерттеу жұмысының мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін ақпараттық технологияларды қолдану арқылы дамытуды  теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін айқындау.

 Зерттеу жұмысының нысаны: мектеп, кәсіптік мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу жұмысының пәні: оқушылардың шығармашылық қабілетін ақпараттық технологияларды қолдану арқылы дамыту

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Оқушылардың шығармашылық  қабілетін акпараттық технологияларды
    қолдану арқылы дамытудың педагогикалық  негіздерін анықтау.
  • Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ақпараттық       технологияларды       қолдану       арқылы       дамытудың педагогикалық шарттарын айқындау.
  • Оқушылардың шығармашылық  қабілетін ақпараттық технологияларды  қолдану арқылы дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау.
  • Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс – тәсілдерін көрсету

Зерттеу жұмысының ғылыми жаналығы: Оқушылардың шығармашылық  қабілетін акпараттық технологияларды
қолдану арқылы дамытудың педагогикалық  негіздері анықталды, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ақпараттық       технологияларды       қолдану       арқылы       дамытудың педагогикалық шарттарын айқындалды

...

Скачать:   txt (253.4 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (375 Kb)  
Продолжить читать еще 79 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club