Қазақ тілі сабағын оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық мәселелері
Автор: A11231 • Март 30, 2019 • Курсовая работа • 10,497 Слов (42 Страниц) • 792 Просмотры
Кіріспе:
Зерттеудің өзектілігі:Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай,ілгері жүру-ұлы мұрат.Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын дайындауда, олардың дүниетанымын, өмірлік бағдырын кеңейтіп, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару талабы тұр.Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігі туындайды.Қазақстанның болашағын ойласақ,егемен еліміздің білім беру жүйесі мен мектептері қазіргі жағдайда шығармашыл жаңа адамды қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізуі тиіс. Қазақ тілі- мемлекеттік тіл.Сондықтан да орыс тілді мектептерде жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру,бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру, әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты.
Адам баласының шығар биігі тек білім арқылы боларын терең пайымдаған мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев білім қызметкерлерінің І-ші құрылтайында: "Ұстаздар ескі қалыптасқан көзқарастан құтылуы керек, өйткені ескі білімге оқушылардан сұраныс жоқ" деген еді. Бұл ойдан аңғарып отырғанымыз, қоғамның бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектепке қоятын талаптарының өзгеріп отырғандығы. Әрбір мектептің болашығы мектебінде шыңдалатындығы.Келешекте осы елдің тізгінін ұстайтын бүгінгі мектеп оқушылары болғандықтан,Қазақстанның барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің, оқушылардың білім сапасы, даму бағыттары, қоғамның, мемлекеттің назарында болып 1999 жылы 7 маусымда"Білім туралы заңы"қабылданды.Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандарты министрлік алқасының 1996 жылы 18 маусымда 81/2 шешімімен бекітіліп,1998-1999 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне енгізілді. Бұл білім стандартында оқушылардың әл-қуатына қызығушылығы мен шығармашылық қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, өзін-өзі дамуына жағдай жасай отырып, міндетті деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді. Зерттеудің мақсаты:Оқушылар қазақ тілі сабақтарында техникалық және көрнекілік құралдарды пайдалану арқылы тілді дамытып,щығырмашылық қабілетін қалыптастырудың жолдарын,ерекшелігін анықтау.
Зерттеудің обьектісі:Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы:егер,бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтары жүйелі жүргізіліп, теориялық негіздері айқындалса,оның іс тәжірибе қолданудың тиімді әдіс тәсілдері сараланып,әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілсе,оқушылардың тілін дамытуға негіз болады.
Курстық жұмыстың міндеттері: *Оқушылардың шығармашылығын қалыптастырудағы оқытудың ғылыми- педагогикалық жұмыстарды қарастыру.
*Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау.
*Мазмұнын,мәнін ашу.
Зерттеу нысаны мен дереккөздер:Артықова Т.М. Қыстаубаева Ж.«Қазақ тілін оқыту әдістемесі»2005ж.Мухаммедқали Н.Ш. «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту »1998 жыл. Зерттеу әдістері:Теориялық,ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және ғылыми еңбектерді жинақтау. Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:Мектеп оқушыларының қазақ тілі сабағында техникалық және көрнекі құралдардарды тиімді пайдалану жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы:Жұмыс кіріспеден,екі тараудан,тақырыпқа қатысты тапсырма үлгілерінен және қорытындыдан тұрады.Сонында пайдаланған әдебиеттер тізімі беріледі.
I.ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАР
МАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДА ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1Қазақ тілі сабағын оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық мәселелері.
Оқу-тәрбие процесінде мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынастың рөлі ерекше.
Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып,мұғалімнің жаңаша жұмыс істеуін, шығармашылық ізденісін,оқушылардың белсенділігін,қабілетін арттыруды талап етеді. Ж.Қараевтың,Ә.Жүнісбектің,М.Жанпейісованың және ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Ұлы неміс педагогы А.Дистерверг әйгілі"Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық" атты еңбегінде "Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді" деген.
...