Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

М.Ж.Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы

Автор:   •  Декабрь 5, 2018  •  Реферат  •  2,223 Слов (9 Страниц)  •  1,311 Просмотры

Страница 1 из 9

Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг университеті

«Педагогика» факультеті

«5В011700» Қазақ тілі мен әдебиеті

[pic 1]

Тақырыбы: «М.Ж.Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы».

Қабылдаған: доц. Отарова А.Н.

Орындаған: Ұзақбаев Н.Ж.

Кял-16-1тобының студенті

Ақтау 2018-2019

Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім.

А) Ақынның өмір жолы;

Ә) Қазақтың ұлағатты діни ойшылы, шығармашылық  жолы;

  1. Қорытынды бөлім.
  2. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Қазақ халқының көрнекті ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының (1858–1931) есімі еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап шынайы мәртебесіне көтеріліп, тарихта лайықты орнын ала бастады. Кезінде социалистік идеология қудалаған, теріс бағалаулар берілген талай ұлт саңлақтарының тарихи сана тұрғысынан өзінің лайықты бағасын алатын кезі келді. Бұл еңбектің Мемлекеттік «Ғылыми қазына» бағдарламасы ауқымында «Ұлы дала тұлғалары» топтамасын қалыптастыратынын атап өтуге болады. Дара тұлғалардың рухани тарихымыздағы орнын анықтайтын ойшылдың өмірі мен қызметі туралы еңбек гуманитарлық кеңістіктегі заңды құбылыс деуге болады. Мәшһүр Жүсіп қазақ халқының кемеңгер әрі аяулы перзенті. Ақынның шығармашылығы мен өміріне арналған іргелі еңбектер қазіргі кезеңде Алматы мен Павлодар және басқа да қалаларында әртүрлі көлемде жарық көріп келеді. Ғылыми зерттеулер жасалып, бұқаралық ақпарат ауқымында көрініс беруде. Ал, енді солардың қатарында басылып шыққан он үш томдық ақын шығармаларының жинағын кейінгі жылдардағы еліміздегі рухани кеңістігінің жетістігі. Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын зерттеумен айналысатын орталықтың қызметі жалпы қазақ халқының рухани мәдениетін дамытудың көрінісі. Оқырмандарға ұсынылып отырылған ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институты ғылыми қызметкерлері қалыптастырған еңбекте Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігіне қарайтын Орталық ғылыми кітапхана жанында құрастырылып, 2008 жылы жарық көрген «Сөз өнерінің зергері» атты кітаптан біршама материалдар топтамасы өзара келісіммен қолданылды. Осы аталған еңбек тарихымыздың ұлы ойшылы, ғұламасы, дінтанушысы, библиографы, сөз өнерінің зергері, ақын, публицист, этнограф, фольклорист, ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевке арналады.

А) Қазақтың бірегей тарихи ұлы тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің (1858–1931 жж.) жеке өмірбаяны әр қилы сырларға толы. Жасынан білімге деген құмарлығы белгілі бола бастайды. Ақын өз ғұмырында ел аузындағы аңыз-дастандарды, ертегілерді, қиссаларды жинап, одан басқа өзінің шығармашылығынан туындаған жазбаларын жазып қалдырған. Осындай шығармашылыққа толы өмірі көзі тірісінде-ақ аңызға айналғаны белгілі. Барлық өмірін болашақ ұрпаққа мол рухани мұра қалдыруды мақсат еткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің ғұмырын өнегелі тіршілікке айналдырады. Сондықтан оның барлық рухани мұрасын зерттеу және осындай асыл перзентінің ұлағатты өмір жолы мен ерең еңбегін лайықты бағалау, құнды тұстарын қордалау кейінгі ұрпақтың міндеті. Кез-келген ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы сөз болғанда, оның туған жері мен қасиетті топырағы, өскен елі мен ортасы туралы айтпай кетуге болмайды.

Мәшһүр Жүсіп Орта жүз Арғыннан тарайтын Бес Мейрам әулетінен. Мәшһүр Жүсіптің шыққан руы Сүйіндік – Мейрамның бір үлкен бұтағы. Кезінде ұлағатты Абылай хан екі сөзінің бірінде айтып отырады екен: – «Осы, «Бес Мейрамның баласы» деген ел, пайғамбар мен шадияр тумады демесеңдер, адамның бұлбұлы мен дүлділі түгел туған ел. Батыры көп, жаудан қорықпайды, шетінен шешен туады да, даудан қорықпайды», – деп жазады кемеңгер Мәшһүр Жүсіп бабамыздың өзі.

«Cөз өнерінің зергері» деген еңбекте:

● 1858 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау бауырында, Найзатас деген жерде туған.

...

Скачать:   txt (29.3 Kb)   pdf (138.9 Kb)   docx (23.3 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club