Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Рымғали Нұрғали зерттеулеріндегі М.Әуезов шығармашылығы

Автор:   •  Январь 29, 2020  •  Дипломная работа  •  17,530 Слов (71 Страниц)  •  701 Просмотры

Страница 1 из 71

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Боранбаев Мухамед-Кали Куанышевич

Рымғали Нұрғали зерттеулеріндегі М.Әуезов шығармашылығы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Астана 2018

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................6

1 Рымғали Нұрғали М.Әуезовтің әдеби-сын еңбектері және

драматургиясы туралы.............................................................................................8

1.1 М.Әуезовтің көсемсөздері мен аудармалары..................................................8

1.2 Жазушының драмалық шығармалары............................................................18

2 М.Әуезов прозасы Рымғали Нұрғали зерттеуінде............................................27

2.1 М.Әуезовтің әңгіме-повестерінің талдануы...................................................27

2.2 Романдарындағы шеберлік туралы.................................................................37

Қорытынды..............................................................................................................54

Пайдаланылған әдебиет тізімі...............................................................................56

Кіріспе

Рымғали Нұрғали Әуезовтің шығармашылығымен жастайынан танысып, 60 жылдардың аяғына қарай алғашқы өзінің тұңғыш мақалаларын жазып, қаламгердің шығармаларына қатысты өзінің ойларын дүниеге алып келді. Олардың қатарында «Әуезовтің алғашқы қадамдары», «Талант құдіреті», «Қилы заман» қандай туынды», «Трагедия табиғаты» сынды еңбектері бар. Осы бағытта Рымғали Нұрғали Әуезовтің драмалық шығармаларын зерттеуі басталып, көптеген құнды зерттеу еңбектерін дүниеге алып келді. Ұлы қаламгердің халқымыздың ұлттық энциклопеясын жасай отырып, суреткердің қазақтың фольклортану, театртану, әдебиеттану сияқты өнер салаларының негізін салушылардың бірегейі болғандығы жайында «Әуезов және алаш» және т.б. зерттеу еңбектері баршылық.

Тақырыптың өзектілігі. Көрнекті ғалым Рымғали Нұрғали атақты қаламгер, жазушы, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылық жолын зерттеген, кезінде өзінің ғылыми және әдеби ортада бағасын жоймаған құнды еңбектердің рухани құндылығын жоймай қарастырған. Рымғали Нұрғали ұлы суреткердің шығармашылығын, өмірін және де олардың көркемдік құндылығы жайында теориялық тұжырымдамалар ұсынған. Ғалымның зерттеу еңбектерінің арқасында Әуезов шығармаларындағы көптеген астарлар ашылды. Ол Әуезов еңбектеріндегі ұлттық сарын, заман суреті сияқты бейнелерді астарлы да, әсерлі зерттеген. Рымғали Нұрғали туралы бірқатар әдебиеттер бар болғанымен, оның шығармашылығы толық зерттеліп болды деп айта алмаймыз. Ғалымның түрлі аспектілер, әдістердің синтезі мен зерттеу жанрлары туралы ойлары қазақ әдебиеттану ғылымында өте маңызды рөл атқарады. Біз бұл жұмысымызда Р.Нұрғали зерттеулерінің бір қырын ғана, яғни М.Әуезов щшығармашылығына арналған еңбектерін қарастырып отырмыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты – Рымғали Нұрғали еңбектерін қарастыра отырып, Әуезов шығармашылығының маңыздылығын ұғыну. Осы мақсатқа сәйкес мынандай міндеттерді шешу көзделді:

- Әуезов шығармашылығына тоқталу, оның туындыларын зерттеген зерттеушілердің еңбектерімен танысу;

- Ғалым Рымғали Нұрғалидың

...

Скачать:   txt (258.8 Kb)   pdf (226.8 Kb)   docx (82.7 Kb)  
Продолжить читать еще 70 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club