Әл-Фараби мен Абай шығармашылығындағы үндестігі
Автор: 1245678sssss • Декабрь 12, 2018 • Реферат • 2,071 Слов (9 Страниц) • 2,411 Просмотры
[pic 1]
[pic 2]
Тақырыбы: Әл-Фараби мен Абай шығармашылығындағы үндестігі.
Орындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының ,101-топ студенті: Алдонғар Сымбат.
Тексерген: Есіркепова Гүлмира Ербатырқызы
2017-2018 оқу жылы
Әл-Фараби мен Абай шығармаларының үндестігі.
«Әл-Фарби мен Абайды» зерттеу Абайтанудың тыңнан салынған соны соқпағы ғана емес, қазақтың мың жылдық мәдениетін танудағы ренессанстық бастамасы,- деп ҚПҒА академигі, профессорШамшиден Абдраман айтқан болатын. Міне , дәл осы тұста адам ойына «Абай Әл-Фарабиды білді ме?»-деген ой келеді. Бұл зерттеуді Ә.Қоңыратбаев пен Ақжан әл-Машани екеуі бірдей зерттеген болатын. Дегенмен, бұл екі ғұламаның аталмыш мақалаларында әл-Фарабиді Абай білетіндігін келтірілген дәлелдің екі тұрғыда қарастырылуы. Мәселен,Ә.Қоңыратбаев әл-Фараби трактаттарындағы материалистік тұрғыда талдап, Абай танымымен сабақтастыруын олардың діни көзқарастарына негіздейтіндігі. Ал, Ақжан әл-Машани екі дананың рухани сабақтастығын кеңінен, Абай поэзиясының философиялық астарынан іздейтіндігі. Демек бұл екі ғалымның ортақ идеясының дәлеліндегі дербестікті танытатыны анық.
Әл-Фараби мен Абац арасын жақындату оларды үндестіру біздің халқымыздың мыңжылдық рухани -мәдени дүниесін тірілту деген сөз. Абай еңбегінде айтылатын талай терең қағидалар жатыр. Мысалы Абайдың «ғақлия-нақлия», «ғаламның сәнді сәйкес жарастығын», «ғылымды құдірет», «жүрек тразысы-инсаф», «өмірдің өзі шындық» деген тәрізді қағидаларының әрқайсысы бір-бір томдық еңбек жазуға тұратын заттар. Және осылардың барлығы әл-Фараби еңбегінде бар, онда терең талқыланған. Қазіргі уақыттағы табиғаттың, ғылымның айқын темірқазық жолынан адасып саяси ұранға, бос айқайға елігуден біздердің тапқан зардабымыз көп. Ал, әл-Фараби мен Абайдың әділеттілігі, сенімді адамдық шам шырағы осы жолды қайта табуға өте қажет болып отыр. «Фараби мен Абай жолы» -адамдық шындық жол деп тануымыз қажет.
« Өмірдің өзі шындық» деген Абайдың тамаша қағидасы бар. Ол бүкіл табиғат дүниесі , ол біздің ұямыз-мекеніміз. АЛ, сол табиғатты тани білетін саналы мүше -адамзат. Осы екі дүниенің бірінсіз-біріне өмір жоқ. Өмірдің шындығы сол бұл екеуінің арасында: сәйкестік, жарастық жәрдем, таластық майдан көрікті көрініс , безенген шеберлік, мейірімді махаббат, саналы парасат бар. Дүние ғаламы шебер жарастық ғажайып ғимарат, көрікті құрылыс ол Космос ғимараты. Космос грекше бүкіл әлем, біртұтас құрылыс деген мағынаға ие. Космос- ғажайып шебер құрылыс. Әлем құрылысын тану үшін сана, парасат керек. Әр затқа есім беріп есебін айыру керек, сонда ғана сенің атың адамдық есім, оны танымасаң, сен надансың, басқа жануарлар қатарындасың, ең болған күнде солардың адам суретіндегі түрісің-маймылсың.
Сондықтан да әл-Фараби: «Ғақли көзбен қарасаң,
Дүние ғажап сен есім,
Жаһли көзбен қарасаң,
Дүние қоқыс сен мешін». 1
Абай да дүниені әл-Фарабише түсінген, дүние ғажап құрылыс, онда әркімнің өз орны бар. Сен сол жарасымды орныңды іздеп тап дейді:
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.»
Мінеки, осы секілді Абай мен әл-Фараби данышпандардың даналық ойлары бір-бірімен астасып, байланысып жатады. Ендігі Абай еңбектерінен әл-Фараби ілімінің іздерін байқап, қарайық.
«Ғылыми болмай немене балалықты қисаңыз
Ондай болу қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз...
Болмасаң да ұқсап бақ бір ғалымды көрсеңіз.»2
Абайдың осы үш сөзінің негізі әл-Фарабиден табылады десек қателеспейміз. Ия, Абай алдындағы айқын үлгі әл-Фараби болып табылады. Және бұл бөгед жат үлгі емес, төл үлгі Абайдың жерлес- қандас бабасынан қалған үлгі. Сол сабептен Абай ондай болу ұайда демейді, оған ұқсап бағады. Ол қазақ жастарына бабаларыңнан қалған даңғыл жол, үлгі бар... Сенде сондай бола аласың дейді. Ал, бір жағынан әл-Фарабидай ғалым болмасаң да, оған ұқсап бақ дейді. Басқаша айтқанда оны оқы, үлгі ет, үйрен, тағлым ал дейді. Түсіне біл және сыйла, үлгі қыл дейді.
...