Абайдың шығармашылық мұрасы
Автор: Серікбол Абдиманат • Апрель 16, 2023 • Реферат • 821 Слов (4 Страниц) • 401 Просмотры
Абайдың шығармашылық мұрасы
Дәл бүгінгі заманда мәдениет пен дамудың жоғарғы сатысында тұрған, әлемге аты жайылған барша өркениетті мемлекеттер, жаһандық мәдени орта кеңістігінде әлем елдері алдында өздерінің ұлы тұлғаларымен мақтанады, солардың ғибратты ғұмыры мен шығармашылық мұрасын дәріптейді. Себебі осы ұлы тұлғалардың шығармашылық мұралары арқылы ең алдымен мемлекеттің мәдени ерекшелігін және ұлттық болмысын көрсетеді. Ал екіншіден сол ұлы тұлға арқылы әлемді мойындатып, әлемдік мәдениетте өзіндік орнын қалыптастырады. Мысалы қытайлар Конфуцийді Үнділер Махатма Гандиді Ал Гректер Аристотельді әлем мәденитінде бәрінен биік қояды, яғни әлемнің әр елінде осындай бетке ұстар ұлы тұлғалары бар деген сөз. Осыған қарап отырып мағанда бір ой келді. Бар ұлттың осындай ұлы тұлғалары бар екен, ал бізде ше, біздің қазақ халқының бетке ұстар ұлы тұлғасы кім? біз кімнің шығармашылық мұрасымен жақсы таныспыз, біздің әлем танитын белгілі тұлғаларымыз кімдер деген сұрақ менде туындады. Зеріттей келе біздің әр бір қазақ ең алдымен мемлекеттің маңдайына біткен ұлы тұлғамыз деп Абайдың атын айтатынына және әр бір қазақ жасы да, кәрісі де Абай шығармасын жатқа білетініне көзім жетті, демек осыған қарап, біздіңде әлем алдында мақтанып айтар тұлғамыз Абай атамыз екенін және оның шығармашылық мұрасы әлемдік ұлы жазушы, ағартушы, философтардың шығармашылығынан асып түспесе кем түспейтініне толықтай көзім жетті. Жалпы қазақта Абай ға дейін де Абайдан кейін де мына өмір жайлы, адамдар жайлы, біздің менталитетіміз жайлы, адамдық қасиет жайлы одан асырып жазып қалдырған адам болған жоқ, сол сбепті оның шығармашылық мұрасы біздің ұлтымыздың қазынасы десемде болады. Абайдың шығармашылық мұрасы қазақ әдебиетінің берік негізі болып есептеледі. Абайдың шығармашылығы басқа ақындардан ерекше. Біздің әдебиетімізде Абай секілді өз заманын, өз ортасын, өз кезеңнің тұрмысын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын шеберлікпен жеткізе алған ешкім жоқ. Абайдың шығармалары кең ауқымды болып келеді біз оның өз кезеңінің билігін, ел билеген адамдарды сипаттағанына қарап оның, шыншыл, әрі еркін жазушы екенін көре аламыз. Абай өз өмірінің соңына дейін адамдардың мүддесі үшін күресті, бай мен кедей арасындағы теңдік болғанын қалады, жер дауы мен жесір дауын шешті және бізді бұза тұғын жаман қасиеттерден аулақ болу ды қадап айтып кетті. Оның бізге мұра боп қалған әр бір шығармалары өзіне адамды елітіп әкетеді, себебі оның өлеңінде айтылған ойлар еш бір боямасыз таза шындық, таза ақиқат. Абайдың өлеңдері бар ықыласымен оқыған адамның ішкі сезімін, өзіндік ойын, ішкі көз қарасын тазалап жақсы бағытқа қарай әкетеді.Шын кейіпкерлер, портреттік кескіндер, табиғат пен күнделікті өмірдегідей керемет бай суреттеулер, лирикалық көріністер мұның бәрі тек Абай шығармасында ғана анық көрінетін көріністер. Абай шығармаларын тереңірек үңіліп оқып отырып, сіз ешкімге бас ұрмайтын күшті образды байқайсыз, сонымен қатар идеялық мазмұныныңшеберлігімен, тақырыптық түрлендірулермен Абай шығармашылығы өмірдің бастан аяқ баяндалған баяндамасы екеніне көз жеткізесіз. Міне Абай атамыз осындай бізге бай мұраны қалдырып кеткен, қазіргі кезеңде Абай шығармашылығы өзінің өзектілігімен әлем халықтарының өзін, әлемнің не бір менмін деген сыншыларының өзін мойындатып отыр. Себебі ол бұдан бір ғасыр бұрын өмір сүрсе дағы дәл бүгінгі болып жатқан мәселелрді сол кездің өзінде болжап алдын ала жазып қалдырған екен, мысалы бүгінгі таңдағы жігіттердің бойындағы әлсіздік отбасын әйел адамның басқаруы, балалардың ата-анасын силамауы, тыңдамауы, ақылсыз басшылардың билігі, адамзаттың мәңгүрттенуі сынды басты мәселелерінде өз «қара сөздерінде» арқау еткен. Міне осы үшін Абай әлем халықтарының сұранысына айналды Абайдың шығармалары көптеген тілдерге аударылды, оның шығармашылығы шетелдік жазушылардан, ақындар мен әдебиеттанушылардан кең жауап тапты. мысалы: ол туралы көптеген мақалалар, зеріттеулер әртүрлі елдерде - Корея мен Қытайда, Үндістан мен Ираннан бастап Еуропа елдері мен АҚШ-қа дейін жарияланады. Бүгінгі таңда қазақ ақыны мен философының мұрасы әлемдік мәдениет қазынасының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Осылайша мен ең басында айтып өткендей енді біздің де қазақтыңда мақтанып айтар ұлы тұлғамыз бар ол- Абай. Тіпті Абай атамыз жайлы Түрік халқының белгілі мемлекет қайраткері Намык Кемал Зайбек Абай - «тек қазақтың ғана емес, енді ол барлық түркі халықтарының рухани мәдениеттегі әкесі. Абай - біздердің ортақ мұрамыз болады деген екен, осыған қарап ақ білуімізге болады, Абайдың басқа елдерде қаншалықты абырой беделі бар екенін.
...