Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ағылшын буржуазиялық революциясындағы жеке қайраткерлердің саяси бейнесі

Автор:   •  Октябрь 2, 2020  •  Реферат  •  666 Слов (3 Страниц)  •  580 Просмотры

Страница 1 из 3

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Тарих факультеті

СӨЖ №1

Пән: Жаңа замандағы Батыс тарихы

Тақырып: Ағылшын буржуазиялық революциясындағы жеке

қайраткерлердің саяси бейнесі

Орындаған: Мешітбай К.Ж.

(ГТ-305)

Тексерген: Хибина З.Н.

Ақтөбе 2020

Ағылшын буржуазиялық революциясындағы жеке

қайраткерлердің саяси бейнесі

Оливер Кромвель (25.04.1599, Хантингдон – 13.09.1658, Лондон) – Англияның мемлекет қайраткері, қолбасшы, индепенденттер лидері, Англия революциясының басшысы, 1643-1650 ж. - парламент армиясының генерал-лейтенанты, 1650-1653 ж. – лорд-генерал, 1653-1658 ж. – Англия, Шотландия, Ирландияның лорд-протекторы.

Оливердің саяси бейнесі

Оливердің өмірлік принциптері мен көзқарастарынның қалыптасуына, оның мектептегі мұғалімі пуритан Томас Бир ықпал етті. Мектеп бітіргеннен соң, Оливер 1616-1617 жылдар аралығында Сидней Сассекс колледжінде білім алады. Колледжді тәмамдағаннан соң, өзінің туған жеріне қайта оралады, кейіннен оқуын жалғастырмақ ниетте 1619 жылдары Лондон қаласына құқық саласы бойынша оқуға түседі. Алайда, ол Лондондағы бір саудагердің қызына үйлену мақсатында, оқуын тастап, туған жеріне оралуға мәжбүр болады. Кейін, 1620-1630 ж. аралығында Оливер отыз жылдық соғысқа қатысады. Сол жерде бірнеше шешуші шайқастарда өзін командир ретінде жақсы көрсете біледі. Нәтижесінде, ол 1628 жылы депутаттыққа сайлауға қатысып, Хантингдондағы парламентте депутат болады. 1629 жылы 2 наурызда король Карл 1-ші парламент отырыстарын тоқтатуға бұйырады, О.Кромвель корольдің бұйрығына қарсы шыққандардың бірі болды, бірақ депутаттар тарауға мәжбүр болып, Кромвель өз провинциясына қайта оралады. 1630 жылдың мамырында Хантингдондағы бар мүлкін сатып, отбасымен бірге, Сент-Айвзға көшіп келеді. Осы жерде ол жер жалға алып, күнін көреді.

    1640 жылы Карл 1-шінің шақырған «қысқа парламентіне» Кембридждегі радикалист пуритандардың көмегімен екінші рет депутат боп сайланады. Бірақ, Карл 1-ші 3 аптадан соң бұл парламентті де таратып жібередң. 1640 жылдың қарашасында Кромвель «ұзақ парламенттің» құрамына кіреді. Артынан Англиядаға азаматтық соғыс басталып кетеді. Бұл жақта Кромвель капитан ретінде 60 ерікті кавалерлерден құралған отрядты басқарды. Эджхилл түбіндегі шайқаста көрсеткен ерліктерінен кейін Кромвельдің отряды ел ішіне таныла бастайды. Кромвельдің 1644 жылғы жеңісіне орай парламент оған генерал-лейтенант  атағын береді. Ары қарай Кромвель өзін қолбасшы жағынан жақсы көрсетеді. 1650 жылы парламент Кромвельді бүкіл армияның бас қолбасшысы етіп сайлайды. Лауазымға келе сап, Кромвель Ирландия мен Шотландиядағы көтерілістерді аяусыз басып тастап отырды.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (88.9 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club