Мемлекеттік-жеке серіктестік: теориясы мен тәжірибесі
Автор: aidamk • Март 22, 2018 • Реферат • 1,317 Слов (6 Страниц) • 1,527 Просмотры
Жоспары:
- Кіріспе бөлім
- Негізгі бөлім
- МЖС мәні, мағынасы
- МЖС мақсаты
- МЖС пайдасы
- МЖС-ның халықаралық тәжірибесі
- МЖС-ның Қазақстанда даму кезеңдері
- Қорытынды бөлім
- Бүгінгі таңда Қазақстанда МЖС тәжірибесі
- МЖС-ның маңызы
- Пайдаланылған әдебиеттер
Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік – жеке серіктестікті дамыту жөнінде көп жұмыстар атқарылуда. Яғни мұнда мемлекеттік билік органдарының заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер арасындағы ұзақ мерзімді белгілі бір іс-шараларды жүзеге асыру бойынша процесстер туралы айтылып отыр. Мемлекет пен жеке кәсіпкерлер арасындағы серіктестік, өзара қарым-қатынас екіжақты тиімді шарт негізінде экономиканың жоғары қарқынды дамуына әкеледі. Маңызды, ауқымды жобаларды жүзеге асыру барысындағы мұндай серіктестіктің шетелдегі кең тараған формасы – концессия.
Концессия – мемлекет пен жеке инвесторлардың қызығушылықтарын тең дәрежеде қарастыратын мемлекеттік-жеке серіктестіктің сәтті механизмдерінің бірі болып табылады.
Концессия (латын сөзі concessio – рұқсат, жеңілдік беру), концессиялық келісім – өзара тиімді шарттарда мемлекет ұсынатын мемлекеттік меншікті тиімді басқаруға жеке секторды тартудың, мемлекеттік-жеке серіктестіктің бір нысаны.
Кесте 1. Концессияның ерекшеліктері
Концесся субъектілері | Концессия объектісі | Концессияның мақсаты | Концессия қағидалары |
Концедент – мемлекеттік немесе жергілікті билік органдары; Концессионер – мемлекеттік емес ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, шетелдік инвесторлар. | Мемлекеттік ( муниципалды) меншік; Мемлкеттің монополиялық қызмет түрі. | Қоғамдық қажеттіліктер мен тұтынушыларды қанағаттардыру. | Концессияның келісімшартқа негізделуі; Концессиялық объектінің қайтарымдылығы; Концессияның ақылы болуы. |
Концессия бойынша концедент (мемлекет) табиғи ресурстарды, инфрақұрылым объектілерді, кәсіпорындарды, құрал-жабдықтарды эксплуатациялау құқығын концессионерге береді. Концедент оның есесіне бір реттік (паушалды) немесе роялти төлемдері түрінде сыйақы алады. Еуроппалық комиссияның ұсынған анықтамасы бойынша концессия бұл – мемлекеттік актінің бір түрі, яғни акт бойынша эксплуатациялық тәуекелге жүктелетін үшінші тұлғаға толық немесе жартылай басқару қызметін ұсынатын келісім жасау арқылы мемлекеттік билік сенім артады. Концессиялық келісімді мемлекеттік немесе муниципалды мүлікті шаруашылық пайдалану құқығы жеке тұлғаға тапсырылған ерекше келісімнің формасы ретінде анықтауға болады. Сонымен бірге, анықталған жеке тұлға келісімде тағайындалған және аталған мүлікті шаруашылықта пайдаланудан күтілетін нәтижелер негізінде анықталған концессиялық төлемді мемлекетке немесе муниципалды құрылымға төлейді [2]. Концессиялық келісім бұқараның мүлкі, сонымен бірге бюджет қаражаттарын пайдалану негізінде жүзеге асады. Серіктестікке тарту барысында бұқара мүлік ресурсы болмаған жағдайда ерекше немесе монополды құқықтарды белгілі бір бизнесті жүргізу үшін жеке серіктеске береді. Мысалы, автотұрақ қызметін жүргізу және басқа да қызметтер. Концессиялық келісімдердің маңыздылығы, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық. Мемлекет инфрақұрылымды дамытуды қажет етеді, бірақ бюджеттің шектеулігіне байланысты ондай мүмкіндік жоқ, ал концессияда жеке инвесторлардан қаражат тартады және оны белгілі бір уақыт аралығында тарифтер, ақылы қызметтер арқылы қайтару процесі жүреді. Инфрақұрылымның дамуы, өз кезегінде, тұрғындарды жұмысбастылықпен қамтамасыз етеді.
Концессиялық келісімшарттардың ерекшеліктері:
- Концессионердің жобаны толығымен немесе жартылай инвестициямен қамтамасыз етуі;
- Келісімшарттың жаһандық, кешенді сипаты;
- Инфрақұрылымды эксплуатациялау еркіндігі;
- Келісімшарт бойынша концессионердің басқару еркіндігі;
- Концессионер мен концеденттің ұзақмерзімді аралас жауапкершіліктерінің болуы.
Қазасқтанда концессияны тиімді қолданудың бірнеше салалары бар:
- Бірінші, коммуналды блок: қалалық шаруашылық, коммуналды көлік, электрмен, жылумен, газбен қамсыздандыру және басқа да қалалық инженерлік желілер, су құбырлары мен канализация, көгалдандыру, қоқыстан тазарту мен оның утилизациясы, тұрғын үй мен жатақхана ғимараттарын жөндеу және т.б;
...