Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармалары

Автор:   •  Февраль 27, 2018  •  Дипломная работа  •  13,345 Слов (54 Страниц)  •  2,428 Просмотры

Страница 1 из 54

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

   5

1

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

   7

1.1

Мұқағали Мақатаев – шынайы, поэзия өкілі, ақиық ақын  

   7

1.2

Мұқағали Мақатаев –  аудармашы                                                                

 12

2

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ОРЫС, АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНЕ АУДАРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

  19

2.1

Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің орыс тіліндегі тәржімаларының құрылымдық-семантикалық ерекшеліктері

  19

2.2

Марина Карцеваның Мұқағали поэзиясын ағылшын тіліне аудару тәсілдері, құрылымдық-семантикалық ерекшеліктері

  37

ҚОРЫТЫНДЫ

  54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  59

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Егеменді еліміздің бүгінгі жаңаша сипаттағы даму үдірісі рухани құндылықтармызды қайта, қарап, тарих қойнауында қалып қойған тұлғалардың мұраларын жаңғыртып, өзге  тілдерде сөйлету міндетін қойып отыр. Бұл мақсатқа жетудің бір жолы – аударма. Себебі, аударма саласы – өзге елге  еліміздің беделін көрсететін бірден бір көрсеткіш.

Аударма саласында, әсіресе, көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері де сусындай алады. Поэтикалық мәтіндерді аудару барысындағы қиындықтар жалпы  аудармада кездесетін мәселелердің шешілмегендігімен байланысты. Ол өлең жолдарының құрылымы немесе лексико-семантикалық мағынасының жоғалуы салдарынан туындайды. Аудармашылар поэтикалық мәтінмен жұмыс жасау барысында авторлық мәтіннің өзіндік ерекшеліктеріне өте мұқият болуы шарт. Аударма барысында түпнұсқа мәтіні мен аударма мәтінінің өлең жолдары жүйесінің құрылуы және фонетикалық, лексико-стилистикалық, грамматикалық құрылымдар секілді қиындықтар кездесетіні мәлім. Осы мәселелерге байланысты Л.С.Бархударов, В.Н.Комиссаров, А.В.Фёдоров, С.Ф.Гончаренко, И.С.Алексеевалардың жұмыстары бағытталған [27].

Аударма теориясы 1950 жылдары дами бастады. Уақыт өте келе поэзияны аудару көркем аударманың бір түріне жатқызылды. Өлең жолдарын аудару барысындағы ерекшеліктер жайлы Л.С. Бархударов былай жазған: «Поэтикалық шығарма аудармасының жоғарғы деңгейге жетуі-көркем аударма теориясында көп қаралмаған мәселелердің бірі болып табылады. Поэтикалық мәтіндерді аударуда қойылатын қатал талаптар сол жанрдың өзіндік ерекшелігіне, яғни аударманың тек мағынасы емес оның серпінді-әуендік және композициялық құрылымына, поэтикалық мәтіннің жазылған тілінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты – осының бәрі поэзия аудармасының аударма мамандығының ең қиын саласына жатқызылуының себепшісі болып табылады. Осыған байланысты теория жағынан болсын практика жағынан болсын поэтикалық шығармаларды аударған талантты да шебер аудармашылардың еңбектерін зерттеп, саралап осы мәселердің шешу жолдарын іздестірген жөн.» [27,41].

Поэзия – әдебиеттің ең жоғарғы стиліне жатқызылатыны баршаға мәлім, ал осы стилді аудару үшін тек аудармашы болу аздық етеді, ол үшін тек аудармашы болып қоймай поэт болу шарт және осыған байланысты қойылатын талаптарда аз емес. Бір жағынан тілдік нормаларды сақтап қалу міндеті тұрса екінші жағынан шығарманың эмоционалды-эстетикалық мағынасын жоғалтпау мәселесі туындайды. И.С. Алексеева өлең құрылымының сақталуының келесі жолдарын көрсеткен: 1) көлемнің сақталуы; 2) каденцияның сақталуы, яғни ұйқастықтың болуы не болмауы; 3) ұйқастықты кезектестіру; 4) өлең жолдарындағы лексикалық және синтактикалық қайталану санының сақталуы; 5) түпнұсқа өлең құрылымының жүйесіне жақын аналог табу; 6) бейнелеу жүйесінің тәсілдерін дұрыс беру (стилистикалық, синтактикалық, морфологиялық, лексикология және узус). Аудармашыға қойылатын ең бірінші талап ол – өлең жолдарының поэтикалық құрылымын дұрыс беру [28,186].

...

Скачать:   txt (178.4 Kb)   pdf (594 Kb)   docx (173.9 Kb)  
Продолжить читать еще 53 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club