Жапония мен Қазақстанның саяси жаңғыруындағы ерекшеліктер
Автор: alisher7 • Март 15, 2018 • Контрольная работа • 721 Слов (3 Страниц) • 1,244 Просмотры
Жапония мен Қазақстанның саяси жаңғыруындағы ерекшеліктер
Баяндама
Жапонияда соңғы жүз жылда болған өзгерістердің соншалықты жылдам,әрі қайран қаларлығы сондай,ХІХ ғ соңында еуропалық ғалымдардың,саяхатшылардың және диполматтардың жазған кітаптарының ешбірі қатысы жоқ нәрсе.Батыстық инновацияларды үйлестіре білген Жапония өзінің тарихқа қатты көңіл бөлетінің анық айқындатты.Олардың көрші елдермен тез қатынаса алатынын және тез шетелдік элементтерді өзіне сіңіре алатындығын атап айтуға болады.Мэйдзи реставрациясының негізінде 200 жыл оқшау боп келген ел бір сәтте батыстық елдермен араласып тіпті техникалық үдерісте басып озды.Жапония екінші дүниежүзілік соғыста жеңілген бірден-бір мемлекет.Бірақ оларды қазір жеңіліс тапқан мемлекет деп ешкім айта алмайды.Жапон тарихында халықтың қайта құруға қабілетті болуы жаңғыру үдерісінің мәнін түсінуге көмектеседі.Оның негізінде «жапондық ғажайып» термині пайда болды.Бұған ең бірінші жапония халқының тікелей қатысы бар нәрсе.Өйткені жапон халқы даму жағдайларындағы өзгерістерге,бейімделудің жоғарғы деңгейін көрсетіп,тек дамушы елдер үшін ғана емес,сонымен бірге дамыған елдерге үлгі болды.Соның ішінде де Қазақстанды айтуға болады.Менің осы Жапонияны алғам себебімде Қазақстанды осы жапония ұлтынан алары мол.Қазір,ХХІ ғасыр білім мен иновацияның заманы.Ал бұл сала қайда дамыған?Әрине,Жапонияда.Көрші Ресей елін де алып қарауға болатын еді.Компьютерлық,роботтанған заманда күн шығыс еліне тек келетін мемлекет жоқ.
Жапония халқы да өзіміздің қазақ халқына ұқсас көп қиындықтар басынан кешірді.Бірақ олардың жарақаттан оңалу деңгейі бізден әлде қайда тез әрі жоғары.Бұнын басты құпиясы олардың билігіндегі көрегендік пен халқының берілген тапсырмасын нақты орындай білуі.Мемлекет сатысындағы әрбір адам өзінің жұмысын біледі және оны міндетті түрде орындауға тырысады.Бұл жапон мәдениетіндегі басты адами құндылықтың жоғары болуы олардың ұрпақтарына беріп отырған тәрбиесі өзінің жемісін беріп отыр.
Ғалымдардың көпшілігі қандай да бір мемлекеттің жаңғыруын нақты дамыған елмен салыстыру керек деп санайды.Қазақстанды да Жапониямен салыстырудың басты себебі осы.ХХ ғасырдың ірі әлеуметтанушысы М.Вебер анықтама берген «идеалды түрмен» салыстырып қарастыруды ұсынды.Ең алдымен бұл жерде батыс пен шығыстың қоғамы бірқатар әмбебап сипаттағы құндылықтарға ие;билік бөлінісі,тұлға бостандығы және басқа адам құқықтары,кәсіпкерлік еркіндігі,саяси егемендік,ұлттың өзін-өзі билеу құқығы,әлеуметтік таңдау еркіндігі.Міне осындай қоғамға қазір барлық дамушы елдер ұмтылады;бұл ТМД елдері үшін де өте өзекті.
Жалпы анықтама бойынша,жаңғырту дегеніміз дәстүрлі қоғамнан(аграрлық,патриархалды мәдениеттен және қатаң бекітілген әлеуметтік иерархиядан) ірі машиналық өндіріс пен заңдарға тіренген қоғамдық үдерістерді оңтайлы басқаруға негізделген индустриалды қоғамға көшу үдерісі болып табылады.Әдетте бұл жағдайда қоғамның индустриалдық батыс моделімен жанасатын дамушы елдер кіреді.Теорияда жаңғырту түсінігімен индустриаландыру,секуляризациялау,урбанизациялау,жалпыға ортақ білім беру жүйесінің құрылуы,өкілеттілік саяси үкімет,әлеуметтік мобильдікті күшейту қазіргі заманғы ашық қоғамды қалыптастыруға тартатын үдерістер жиынтығы анықталады.
...