Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Брендбук – брендтің «жеке куәлігі»

Автор:   •  Февраль 26, 2018  •  Статья  •  1,949 Слов (8 Страниц)  •  1,145 Просмотры

Страница 1 из 8

Брендбук – брендтің «жеке куәлігі»

Кітап – адам ойының жемісі, сонымен бірге оның рухани сарайын ашатын кілт те. Әр шығарманы әркім әртүрлі оқып, көңіліне тоқиды. Оқырман қанша болса, оқылған кітап хақында пікір де соншама. Ойды да оятады. Нәтижеде іштен жаңа рухани әлем есігі ашылады. Кітап – білім бұлағы, өмір бойы оқитын университет. Ағартушы, тәрбиеші. Идеология мен саяхатқа шыңдайтын құрал. Ғылыми-техникалық һәм әлеуметтік прогресс ұйытқысы. Білімге білім қосатын кітап шығару ісі – зор өнер. Сол өнердің иелерін кітап ісінің мамандары деп атайды. Алайда, зерттеушілердің статистикасына сүйенетін болсақ, 2012 жылға қарағанда қазіргі 2016 жылы жалпы республика аймағында 27 кітапхана жабылған. Мүмкін, мұны қазіргі заман адамы кітап оқуды қойған деп, немесе кітап шыққаннан кейін  өз оқырманын таба алмай кеткенінен болар.

Бірақ кітап саудасы туралы білім жүйесін зерттегенде кітап өнімінің тауарлық құнын ғана емес, тұтыну құнын бірге қарастыру керек. Бұл киер киім, ішер ас емес, сонда да адам болып өсіп толысуың үшін бірден-бір азық. Ми, рухият азығы. Дәлірек айтқанда, рухани тауар.

Экономикалық көзқараспен қарағанда кітап тауар болып табылады. Неге? Өйткені оны өндірудегі экономикалық мақсат – оны сату арқылы пайда табу. Кітап ісімен айналысатын кәсіпкер, экономиканың басқа салаларында белгілі бір кәсіппен шұғылданатын кәсіпкерлер сияқты, экономикалық категориялармен жұмыс істейді, бірақ кітап нарығын, кітап бизнесінің, жалпы кітаптың спецификалық ерекшеліктерін, әрине, ескере отыру арқылы³.

Маркетингтің негізгі мақсаты барынша көп пайда алумен бірге айырбас тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру арқылы нарықтың (адамдардың, фирмалардың кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру.

Баспахана өз тауарларын, яғни кітаптарын әрбір оқырманына жекелеп таратпайды. Олар кітаптарды белгілі бір таралыммен шығарып, оны кітап тарату мекемелеріне, яғни кітапханаларға және кітап дүкендеріне таратады. Алайда, баспа тек оқырман кітапті оқып, оған жоғары баға берген жағдайда ғана өз жұмысын толық атқарды деуге болады. Сондықтан баспахана кітап сатушыларға өте белсенді көмектесуі қажет. Осындай көмектердің формалары әртүрлі: оқырмандар конференцииясы,  дәрістер, сонымен қатар телеарна, радио, баспасөзге жарнама беру. Осындай жарнамалардың ішінде ең ұтымдысы – кітапқа супермұқаба  жасау арқылы өз тауарын сипаттау.

Сонымен қатар көптеген баспаханалар мерзімді түрде өз кітаптарының каталогын шығарып отырады, яғни бұл каталогта жаңадан шыққан кітаптар және жақында шыққан, немесе болашақта шығатын кітаптар жайлы жазылған, оны негізінен баспа тұрақты оқырмандарына не кітап дүкендеріне арнап шығарады.

Мұндай каталогты көбінесе, өзінің серіктестеріне, баспадағы менеджмент пен маркетинг бөлімінің қызметкерлері үшін жасалады. Бұл каталогты, мамандар «брендбук» деп те атайды. Жалпы, брендбуктан бұрын, брендтің не екеніне тоқталайық.

Кез-келген бренд – ең алдымен идея. Бренд дегеніміз сауда белгісінің тұтынушының санасындағы тартымды, ерекше әрі толықтай ақталған образы. Бүгйнгі күнде елімізде сауда белгісін дамытудың маңызын, брендті қалыптастырудың қажеттілігін бәрі болмаса да, халықтың үлкен бөлігі түсінгендей. Баспа саласындағы брендті қалыптастыру да оңай мәселелердің бірі емес екені белгілі. Оқырман сіздің баспа үйіңізден шыққан кітапты өзге кітаптардың арасынан ерекше көріп тұруының өзі брендтің қалыптасуын көрсетеді. Мысалы, мектепке баратын оқушы, «Мектеп» немесе «Атамұра» баспаларының кітабын сатып алғандықтан, келешекте қандай да бір оқу құралын алар кезде жоғары айтылған баспалардың кітаптарының бірін таңдайтыны сөзсіз. Себебі, 11 жыл бойы мектеп оқушыларына оқулықтар, көркем әдебиет пен ғылыми кітаптарды басып шығарғанын көре отырып, олардың сапасыз кітап шығаруы мүмкін еместігін түсінеді.

...

Скачать:   txt (28.7 Kb)   pdf (166.4 Kb)   docx (20.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club