Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Автор: 10021999 • Февраль 28, 2018 • Практическая работа • 5,758 Слов (24 Страниц) • 2,110 Просмотры
«КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІ
Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы[a][b][c][d][e][f][g][h][i][j][k][l]
[pic 1]
ЖОБА
Тақырыбы: «Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі».
5В030100 – «Заңтану» мамандығы
5В030200–«Халықаралық құқық» мамандығы
Орындаған: Асқар Әліп
Шахманова Ляззат
Қаблан Жанерке
Құрмантай Дана
Ғылыми жетекшісі
аға оқытушысы: Бейсембеков А.С
Астана, 2017 жыл
Мазмұны
Кіріспе
1 Қайта Өркендеу Дәуірінің негізгі сипаттары.
1.1 Антропоцентризм және гуманизм.
2. Қайта Өркендеу Дәуіріндегі өнер және ғылым.
2.1.Л.Винчи.
2.2. Н.Коперник.
2.3.Д.Бруно ілімі.
2.4.Г.Галилей ілімі.
Қайта Өркендеу дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия.
Кіріспе
Қазіргі дүниені неғұрлым дұрыс танып, білу үшін және болашақ жақсы өмірдің дұрыс жолын таңдай білу үшін адамдар әр уақытта, әр дәуірде өзіне дейінгі өткен идеялар мен қағидаларға сүйенген. Өткен тарихты және адамзаттың ұзақ ғасырлық тәжірибесін пайдалану тарихи қажеттілік болып табылады.Адамзаттың өткен уақыттағы саяси-құқықтық тәжірибесі, идеялары, ойлары, философия тарихының негізгі кезеңдеріне байланысты. Әрбір кезең өзінің құқыққа, мемлекетке, дүниеге, адамдардың өмірдегі орны туралы ерекшеліктерге ие. Қандай да болмасын философия өз заманының шеңберінен шығып кете алады деп ойлау қандай мағынасыз болса, жеке адамды өз дәуірінен асып, Родостан асып секіре алады деп жорамалдау да сондай мағынасыз. Егер оның теориясы шынында оның шекарасынан шығып кете алатын болса, егер ол дүниенің қандай болу керек екендігін түзеп жатса, ол дүние, әрине, бар, бірақ тек соның қиялында, ал бұл соңғы өте жұмсақ материал, онда ойыңа не келсе де, түзей беруге болады. Бұл жобада біз Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ілімдерді қарастырамыз. Олардың
мемлекет пен құқыққа ықпалын зерттейміз.Бұдан келе философия мен құқық арасындағы байланыстарын ашып көрсетеміз.
Негізінен философия кешенді мәселелерді зерделей отырып, ақиқатты іздестіреді. Ал құқық философиясы- ғылыми тұрғыда талдаудың қандай әдістері болатындығын, оның тарихилық және логикалық диалектикасын, юридикалық теорияның құрамдас бөліктері, танымдық статусы, талдау жүйесінің теориялық негізі, эмпирикалық мазмұны мен ұғымдық материалы сияқты мәселелерді зерттейді. Біз қарастырып отырған Реформация кезеңі әлеуметтік өмірдің әрбір саласын қамтыған болатын. Ғылыми жаңалықтардан, әдебиетке, мемлекетті басқарудағы құқықтық көзқарастарға дейінгі салалардың әрқайсысы өзгеріске ұшырап, адамзат тарихы дамуының жаңа сатысына көтеруіне ықпалын тигізген.
Ренессанс немесе Қайта өркендеу дәуірі италия тілінен ауарғанда “Rinascimento”, яғни “қайта туылу” деген терминді құрайды. Батыс және Орталық Еуропа елдері мәдениеті тарихындағы орта ғасырдық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі болды. Ол орта ғасырдың соңында Италияның орталық өңіріндегі қалалар – Флоренция, Милан қалаларынан басталып, еуропаның өзге елдеріне кеңейген. Ренессанс сөзі бұл күндері ауыспалы мағынада "Өркендеу, гүлдену, жаңару, көркею, қайта серпілу" секілді мағыналарды береді. Ренессанс дәуірінде ежелгі антикалық мәдениетке қайту, ежелгі грек-рим мәдениеті мен философиясынан үйрену, сурет пен бейнелеу өнерінде, өнер мен әдебиетте тегіс гуманизмді (адамгершілікті), пантеизмді (табиғат құдайшылдығы), натурфилософияны негіз еткен тың шығармашылық сынақтарын жасау, католик дінінің озбырлықтарына ащы сын айту, дінді реформациялау, протестантизм, гелиоцентризм, утопия, жаңа теңіз жолдарының толассыз ашылуы секілділерде көрініс тапты.Ренессансқа дейін Азия мәдениеті, соның ішінде араб, түркі, парсы мәдениетінен құралған мұсылман мәдениеті, сосын шығыс қиырдағы Қытай мәдениеті Еуропалық мәдениеттен әлдеқайда алғабасар, дамыған мәдениет болғаны белгілі. Ал, бұл ренессанс қозғалысы еуропаны басқа құрлыққа қарағанда ғылым, техника, әскери қуат, экономика, саяси түзім, шығармашылық жақта алға шығарды және кейінгі Еуропаның гүлденіп-күшеюінің басталу нүктесі болды.
...