Ағылшын буржуазиялық революициясы
Автор: saltanat0994 • Октябрь 21, 2021 • Реферат • 259 Слов (2 Страниц) • 489 Просмотры
Ағылшын буржуазиялық революициясы бұл тұңғыш буржуаздық революция болып саналады. 17 ғасырдың 30жылдарының соңы мен 40 жылдардың басында Англияда революциялық жағдай қалыптаса бастады. Оның себеп салдарлары: Елдегі заңсыз салықтар сауда мен өнеркәсіптің дамуына тежеу келтіріп, елдегі экономикалық ахуалды нашарлатты. Сонымен қатар Сол жылы Якоб1 –нің қайтыс болуынан кейін Карл1-дің таққа отыруына байланысты, әкесінің ізін қуып елдегі парламенттік жүйені таратып жеке-дара билік еткісі келді. Бұл жағдай халықтың тұрмыс-жағдайының төмендеуіне әкеліп соқты. Салдарынан король парламенттік жүйеге қарсы тұру барысында елде Азамат соғысы басталды. Англия: парламентті жақтаушылар (ақсүйектер, епископтар) мен феодалдық-абсолюттік құрылысты жақтаушылар (буржуаздар-жаңа ақсүйектер(саудагерлер, өнеркәсіп иелері)) болып екіге бөлінді. Экономикалық жағынан артта қалған солтүстік және батыс графтықтар король туының астына өтті. Экономикалық жағынан неғұрлым дамыған оңтүстік-шығыс парламентті қолдады. Парламентті жақтаушылар қатарынан Хантингтоннан шыққан ақсүйек, генерал-лейтенант Оливер Кромвель жаңа әскердің негізін қалады. 1642 жылы парламент әскері Карл 1-ші жеңіліске ұшыратып, король солтүстіктегі шотландықтарға тұтқынға түсті. Алайда 1648жылы король Шотландиямен мәмілеге келіп 2-ші азамат соғысын бастады. Кромвель әскері Престон түбінде король әскері мен шотланд әскерлерін жеңіліске ұшыратып, сот үкімімен Карл1 ел алдында басы шабылды. Шотландия, Ирландия жерлері Англияға қосылып, О.Кромвель лорд атағын алды. Оның ұлы Ричард Кромвель әкесінің орнын басып таққа отырды, ол басқару саласында әлсіздік танытып, парламент Карл 1дің ұлы Карл2-ні таққа отырғызды. Ол қайтыс болғаннан кейін оның інісі Яков2 таққа отырды, оның католиктік дін ұстанатыны айналасындағыларға ұнамады, ел көтеріліс жағдайында болды. Яков елден қашуға мәжбүр болды. Парламент Вильгелм Оранскийді таққа отырғызды. Ол Яковтың күйеу баласы болатын. Таққа отырысымен ол парламент билігін күшейтетін заңға қол қойды. Салық жинау құқығынан түбегейлі айырлды. Сонымен Англия конституцилық-монархияға айналды. Бұл оқиға Англия тарихында «Даңқты революция» атанды.
...