Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шығармашылықмедиаәлеует, көпшілікалдындасөзсөйлеушеберлігі

Автор:   •  Ноябрь 17, 2021  •  Реферат  •  473 Слов (2 Страниц)  •  276 Просмотры

Страница 1 из 2

10-дәріс: Шығармашылықмедиаәлеует, көпшілікалдындасөзсөйлеушеберлігі

Медиашығармашылық дегенміз тек көркем, дәлірек айтқанда, көркем-публицистік немесе көркем-коммуникативтік қызмет емес. Медиатуындыгерлік кеңістігіне қағаз форматты басылымдар, радио, телевизия өнімдері, аудио/видеожазбалар, компьютерлік графика кіреді.

Медиакратия – ақпарат құралдарының билігі, әлеуеті. Футурологтар, әлеуметкерлер болжамдары бойынша,  келешекте экономика, тұрмыс-тіршілік, бос уақыт,  білім саласынан бастап саясат пен халықаралық қатынастың бәрі медиабақылаудың құзырында болмақ. Осыған қарсы топ бұның бәрі утопиялық концепция, бұны коммуникавитика зерттеушілері масс медианының әуселесін, манипулятивтік қызметін арттыру үшін әдейі тықпалап отыр дейді. Сонымен қатар бұл бір есептен ақпарат құралдары иелерінің күш-қуаты, саяси-әлеуметтік ықпалы десек те болады.

     Бүгіндері медиа хабарламалары арқылы БАҚ ықпалы нақтылана түсті, арта түсті. Мұндай ықпалдың форма/пішіндері сан түрлі. Соның арқасында/салдарынан белгілі бір мәселе бойынша аудитория пікірі тіпті журналистердің пікірі де өзгеріп отырады. Әлеуметтанушылар, атап айтқанда Теодор Адарно; бұл құбылысты медиа әсері (эффект медиа) дейді.

Медиа әсері:  

  • Жағымды.
  • Жағымсыз.
  • Лезде (әп-сәтте).
  • Біртіндеп.
  • Қысқа уақыт аралығында.
  • Ұзақ уақыт аралығында.
  • Тікелей.
  • Жанама.

     Бұл жіктелім бірқатар факторларға арқа сүйейді. Мәселен, аудиторияның демографиялық, ұлттық, психологиялық сипаттарына. Осы жерде айта кету керек, жоғарыда көрсетілген әсердің барлығы аудитория дүниетанымын, пікірін түбегейлі төңкеріп тастай алмайды. Сондықтан эмоцияға, физиологияға, мінез-құлыққа байланысты әсерге де жүгінуге тура келеді.

Медиа әсерінің түрлері.

Микро деңгейі:

  • Когнитивті әсер (күш-қуатты белгілі бір мақсатқа жұмсау арқылы жетістікке жету)
  • Сендіру әсері. Біз әр мультимедиалық хабарламаны тексере алмаймыз. Біз өмірі көрмеген, білмеген нысан туралы айтылған сөзге сене аламыз. Әдет.
  • Позиция таңдау әсері. БАҚ хабарламасының бастапқыда қандай мақсат көздегеніне қарамастан, индивид белгілі бір позицияны таңдайды немесе белгілі бір тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіреді.
  • Эмоциялық әсер. Медиа ортаның жағымды/жағымсыз әсері.
  • Физиологиялық әсер. Медиаконтент физикалық реакция тудыруы ықтиамл. Жұдырықтың түйілуі, көз қарашығыңның үлкейуі.
  • Мінез-құлық әсері. Мізез-құлық моделінің өзгеруі мүмкін.

Макро деңгейі:

  • Білім үзіктігі гипотезасы. БАҚ арқылы білім алу теңсіздігі. Білімді жандар ұғымтал болады.
  • Тәуекелге бару. Залалды болдырмау үшін шешім қабылдау.
  • Тәлімдеу әсері. Бір сюжет/тақырып сан қайталанса, көрермен оны реалды өмірде де болады деп сенеді.
  • Күн тәртібі әсері. Белгілі бір ақпараттың маңызды екенін әртүрлі жолмен сездіру.

     Осының бәрін жүзеге асыру үшін риторика/медиариторика баянсөзінің төмендегі стильдік ерекшеліктерін пайланған жөн.

                                Қазіргі баянсөздің қызмет стильдері[pic 1][pic 2][pic 3][pic 4][pic 5]

Ауызекі баянсөз(күнделікті қарым-қатынас саласы)

[pic 6]

Ғылыми стиль(ғылым мен техника саласы)

[pic 7]

Публицистік стиль(қоғамдық-саяси сала)

Ресми-іскерлік стиль (іскерлік қарым-қатынас саласы)

Көркем стиль (әдебиет және өнер саласы)

...

Скачать:   txt (6.7 Kb)   pdf (98.6 Kb)   docx (14.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club