Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Математика сабактарында окушылардын дивергенттi ойлауын калыптастыру

Автор:   •  Декабрь 24, 2019  •  Статья  •  3,054 Слов (13 Страниц)  •  459 Просмотры

Страница 1 из 13

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДИВЕРГЕНТТІ  ОЙЛАУЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Дивергентті ойлау - инновацияға жол,

Өркениеттің маңызды міндеті - ойлауға үйрету.

Томас Эдисон 

   Қазіргі білім беру жүйесінде Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан білім беру реформаларының негізгі мақсаты – білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу. Білім беру жүйесіне енгізілетін реформа, ең алдымен, оқушыларға сапалы білім беруді, болашақта олардың әлемдік бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуді көздейді. Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76,79, 89-қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі жаңаша білім мазмұнына кезең-кезеңімен көшу жұмыстарын бастады. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заманауи тенденцияларға негізделген. Өйткені білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болып, оқытудың парадигмасы өзгерді. Қазіргі кезде  қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. ҚР «Білім туралы» заңында айтылған «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі-жеке адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектісін дамыту» деген сөздерін басшылыққа ала отырып, бүгінгі білім беру саласының алдында шығармашылық бағытта жұмыс жасай алатын, тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілеттерімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Жеке тұлға  - қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін – есту, көру,  ойлауды, ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын ауызша және жазбаша тілінде дамытуға бағытталады.

   Елбасы Н.Назарбаев 2011 жылы Қазақстан халқына «Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс деп бекер айтпаған да болар. Мұндай жағдайда үйрене білу, үйренуге ұмтылу,бүгінде үйренуге үйрену керек. Мәселе «өмір бойы азық боларлықтай білім беру» идеясының енді «өмір бойы өздігімен үйрену» ұстанымына өзгеруінде болып отыр. Қазіргі  білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік,-коммуникативтілік, ақпараттық, проблеманы шешу құзыреттілігі  жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік кешендерге көшу,  жаңаша ойлау қалыптасуда. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда оқушыларды  өз бетінше шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті сыныптағы жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс.Сондықтан оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланысы болуы, мұғалім бар күш – жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы тиіс. Бұл міндетті оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану  арқылы әр пәнде  іске асыруға болады.  Соның ішінде математика пәні оқушылардың математикалық даму деңгейін қамтамасыз етіп қана қоймай, оқушылардың жалпы ақыл-ойының дамуына ықпал етеді. Математика пәнінде оқушылардың дивергентті ойлауын дамыту арқылы əртүрлі мəселелерге қатысты қалай əрекет етіп, проблемаларды шешу жолдарын түсінуге көмектесе отырып, логикалық ойлау дағдыларын дамыту, арифметикалық алгоритмдерді қолдану, геометриялық құрылымдарды орындау жəне математикалық зерттеу жүргізу қабілетін жетілдіру қажет екендігі сипаттауға  мүмкіндік береді. Оқушыларды  бастауыш сыныптан бастап сабақтарда сындарлы, дивергентті ойлануға дағдыландыра отырып, оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамытуға, алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді қолдана білуді көздеймін. Ол үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:

...

Скачать:   txt (37.6 Kb)   pdf (713.9 Kb)   docx (883.5 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club