Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Математика еліне саяхат

Автор:   •  Май 16, 2019  •  Практическая работа  •  751 Слов (4 Страниц)  •  714 Просмотры

Страница 1 из 4

Сыныптан тыс – іс шара

Күні:15.02.2018

Сынып: 1 «Ә»

Қатысқандар саны: _______

Қатыспағандар саны:_______

Сабақтың тақырыбы

«Математика еліне саяхат»

Мақсаты:

Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау. Жан-жақты білімдерін дамыта отырып, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: 

Ойын жарыс

Әдіс-тәсілдері: 

сұрақ-жауап,топпен жұмыс

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек, сауат ашу.

АКТ қолдану дағдылары

слайдтар тапсырмаларымен, топ аттары жазылған қағаздар, қанатты сөздер, аудиожазба, таныстырылым, плакаттар, стикерлер, видеожазбалар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Уа, халайық,жараңдар!

Мына бізге қараңдар

Бастары білімге толы,

Жүректері мейірімге толы,

Жаспыз, жігерліміз,

Болашақтан үміт күткен.

Тыныштықты сақтаңыз,

Сабақты біз бастаймыз!

Бүгін біз «Математика әлеміне саяхат» атты ойын жарыс сабақ өтеміз.

(Сыныпты пазлдарды құрастыру арқылы үш топқа бөлеміз)

1-топ: Ғалымдар

2-топ: Мықтылар

3-топ: Тапқырлар

(«Сандар әлемі» әнін сыныппен қосылып шықап, сабағымызды бастаймыз.)

Пазлдар,

Видеожазба

Сабақтың ортасы

  1. минут

      - Балалар «Бауырсақ» ертегісін білеміз бе? (Ертегі желісін еске түсіріп, баяндалады)

     - Бүгінгі өткелі жатқан сабағымыз осы ертегімен тығыз байланысты. Себебі, атасымен әжесінен қашқан бауырсақ жолда небір шытырман оқиғаларды басынан өткереді. Енді сол бауырсаққа әр кездескен жануарынан оңай құтылуы үшін сендердің көмектерің қажет. Ата-әжесіне қайссы топ аман есен өз бауырсақтарын жеткізер екен?!

       -Балалар, бауырсақ ең бірінші кімді кезіктіреді?

       -Қоянды.

       -Ендеше жолдан кезіктірген қоянның тапсырмасын орындайық!

        Тапсырма «Ғажайып конверт» деп аталады.

(Ойынның шарты: әр топқа тапсырмасымен конверт беріледі, әр конверттегі тапсырмаларды топпен бірлесе орындайды.)

1-конверт: апта күндерін ретімен жапсырыңдар.

2-конверт: жыл мезгілдерін ретімен жапсырыңдар.

3-конверт: ай аттарын ретімен жапсырыңдар.

Бағалау: дұрыс орындалған топтарға сәбіздер беріледі.

  • Балалар, қояннан соң бауырсақ кімді кезіктіреді?  
  • Аюды.
  • Ендеше, аюдың тапсырмасына құлақ түрелік.

Тапсырма. «Балықтарды ұстайық» деп аталады.

(ойынның шарты: әр топтан екі оқушыдан шығып, қармақпен балық ұстап, балықтың артында тұрған сұрақтарға жауап береді.)

1-балық: 7+4=

2-балық: 5+7=

3-балық: бірден онға дейін сана.

4-балық: ондықтарды сана

5-балық: 10-4=

6-балық: 8-4=

Бағалау: дұрыс орындалған топтарға балықтар беріледі.

СЕРГІТУ СӘТІ.

  • Жарайсыңдар, балалар! Ойынымызды жалғастырамыз. Қоян мен аюдан құтылдық, енді бауырсақ жолда кімді кездестіретін еді?
  • Қасқырды.
  • Қасқыр бізде өте жыртқыш аңдардың қатарында. Сол себепті тапсырмасыда оңай болайын деп тұрған жоқ. Қасқырдың тапсырмасын тыңдайық.

Тапсырма. «Мен ақылдымын» деп аталады.

(ойынның шарты: берілген үйшіктерге тиісті санды жазу. Топпен бірлесе отырып, сандарды жазады.)

[pic 1]

Бағалау: бірінші аяқтаған топқа 3 жұлдыз, екінші аяқтаған топқа 2 жұлдыз, үшінші аятаған топқа 1 жұлдыз беріледі.

  • Өте тамаша, балалар! Ойынымызды ары қарай жалғастырамыз. Қоян мен аюдан және қасқырдан құтылдық, енді бауырсақ жолда кімді кездестіретін еді?
  • Түлкіні.
  • Балалар өздерің білетіндей түлкі өте қу. Ендеше түлкінің тапсырмасына назарымызды аударайық.  

Тапсырма. «Серпілген сауал» деп аталады.

(ойынның шарты: тақтада ілулі тұрған алмаларды таңдап, артында тұрған сұрақтарға жауап береді.)

1-алма: салыстыру  5*15

2-алма: салыстыру  16*6

3-алма: салыстыру  7*9

4-алма: есепте 5+4=

5-алма: есепте 8+2=

6-алма: есепте 10-4=

7-алма: есепте 9-6=

8-алма: есепте 5+2=

9-алма: 20-10=

10-алма: 10-3=

11-алма: 4+4=

12-алма: 10+10=

Бағалау: дұрыс орындалған топтарға алмалары беріледі.

-Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабақ өте керемет өтті. Сабағымыз соңына жетіп қалған екен, әр топтың жинаған ұпайларын санап, қай топтың бауырсақтары атасы мен апасына бірінші болып жеткенін анықтайтын сәтте келіп жетті. Ендеше ұпайларымызды санайық.

1-топ:________

2-топ:________

3-топ:________

Ұпай сандары бойынша оқушыларды Апасы мен атасының «АҚЫЛДЫ», «ТАЛАНТТЫ», «ДАРЫНДЫ» немерелері деген мақтау қағаздарымен мадақтау.

Құттықтау сөзі сөйленеді.

   

[pic 2]

[pic 3]

[pic 4]

[pic 5]

[pic 6]

[pic 7]

[pic 8][pic 9][pic 10]

Видеожазба

[pic 11]

[pic 12]

[pic 13]

[pic 14]

[pic 15]

Кері байланыс

«Бір ауыз сөз»

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді.

Рефлексия                                                                                           

[pic 16]                  [pic 17]                   [pic 18]                                       

Сабақ ұнады      

Түсінбеген сұрақтарым бар

Әлі де түсінгім келеді

...

Скачать:   txt (10.1 Kb)   pdf (652.6 Kb)   docx (445.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club