Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ғажайыптар еліне саяхат

Автор:   •  Ноябрь 1, 2021  •  Сочинение  •  720 Слов (3 Страниц)  •  416 Просмотры

Страница 1 из 3

                                   Ғажайыптар еліне саяхат

                                              Әли батыр

Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде, баяғы бір заманда кішкене ғана  ауылда ерекше сәби дүниеге келді. Оның ерекшелігі анасы өзінің жүкті болғанын білместен өмірге алып келеді. Және де оның маңдайында түсініксіз жазуы бар болатын.  Ата-анасы “Құдайдың берген сыйы шығар” деп қабыл алып, азан шақырып есімін Әли қояды. Сонымен арада  күндер өтіп жатқанда  ауылға шабуыл жасалады. Ауылдағы адамдардың бірде-бірін қалдырмай барлығын алып кетеді. Оның ішінде кішкентай ғана сәби Әли де болды. Олар сол заманда дүркіреп тұрған сатури патшалығына барады.  Патшалықтың ханы, яғни Соғды хан тұтқындарды көрмекші болып алдына алдырдады. Сол кезде көзіне ерекше көрінген Әлидің жанына барып:

-Мына баланың ата-анасы кім?-деп сұрайды. Сонда ата-анасы суырылып шығып:

-Біз,-дейді

-Мына бала ерекше тәрізді, маңдайындағы жазудың мағынасы қандай?-деп сұрағанда, ата-анасы оның өмірге қалай келгенін, маңдайындағы жазудың мағынасын өздері де білмейтіндігін айтады. Мұны естіген патша оны өз қасына алып қалады. Күндердің-күнінде өзіне, хандыққа пайдасы тиер деп есептейді. Ал қалғандарын белгісіз бір аралға жібереді. Солай арада күндер, айлар, жылдар өте шығады. Әли үлкен жігіт болып өседі. Хан оны өзінің әрі қолбасшысы, әрі ақылшысы, әрі серігі ретінде көреді. Бір күні ауылдарды аралап жүргенде, Әлидің алдынан бір қарт кісі шығып:

-Балам маған көмектесіп жіберші, мына отындар өте ауыр, үйіме дейін апарып берші,-деп өтінеді.

-Әрине, қайда алып бару керек,-деп, Әли өз жомарттығын көрсетеді. Содан үйіне алып барып, хал-ахуалын, отбасын сұрастыра бастайды.

-Ее балам, сен көп дүниенің білмейсіңғой. Мен ана таудың арғы бетіндегі ауылда тұрғанмын. Бір күні мен жайлауға жылқыларымды  жаюға кеткенде, ауылымды Соғды хан қырып кетіпті. Бірде-бір адамды өлтірместен алып кеткен. Мен содан отбасымды, туыстарымды іздеп, сұрастыра келе, Соғды  хан алып кеткенін білдім,- Әли қарттың сөзін аяқтатқызбастан, таңырқап:

-Неге, не себеп сіздің ауылыңызды шапты. Мен білетін патша ондай емеской. Бәлкім қолындағы адамдар астыртын істетті ма?

-Жоқ балам, барлығын істеткізіп отырған осы - патша. Осы хандыққа келгенімде жан-жақтан сұрастыра бастадым. Басында ешкімде маған тісжарған жоқ. Бір күні ауылға тағы да бір бүтіндей ауылды алып келді. Ол сенің ауылың болды. Ия,ия балам, сен күнде қасында жүрген патша - сенің отбасыңды, туған-туыстарыңды қырған адам. Ол сені ерекше болғаның үшін қасына алып қалды.

-Сонда менің отбасым қайда? Оларды қайда жіберді?

...

Скачать:   txt (8.6 Kb)   pdf (42.5 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club