Бастауыш сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін оқыту барысында оқушыларға экологиялық тәрбие беруді жүзеге асыру
Автор: Zhanat • Январь 19, 2018 • Курсовая работа • 20,079 Слов (81 Страниц) • 1,252 Просмотры
Мазмұны
Нормативті сілтемелер ...............................................................................3
Анықтамалар ................................................................................................ 4
Атаулар мен қысқартулар ...........................................................................5
Кіріспе ..........................................................................................................6
1. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
1.1 Мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беру мәселесінің психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердегі көрінісі.....12
1.2 Экологиялық тәрбие берумен байланысты ұғымдардың сипаттамасы......................................................................................................... ........................24
1.3 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің құрылымдық-мазмұндық моделі........................................................................35
2. Бастауыш сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін оқыту барысында оқушыларға экологиялық тәрбие беруді жүзеге асыру
2.1 Дүниетану пәні мазмұнындағы экологиялық тәрбие беру мәселесі....................................................................................................................45
2.2. Экологиялық тәрбие беруді жетілдіруде математика пәнібойынша қолданылатын мәтінді есептер жүйесі ................................................................53
2.3. Педагогикалық эксперименттің мазмұны және оның нәтижелері..60 Қорытынды .................................................................................................70
Қолданылған әдебиет көздерінің тiзiмi .................................................72
Қосымшалар ......................................................................................77
Нормативті сілтемелер
Магистрлік диссертацияда келесі нормативтік-құжатттар мен стандарттарға сілтеме жасалынды:
- Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030». Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 176 б.
- ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы. – Астана, 15.07.1997.
- ҚР экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттықстратегиясы.
– Астана, 1998.
- ҚР «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы. – Астана, 2001.
- ҚР 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасы. – Астана, 2004.
- ҚР 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы. – Астана, 14.11. 2006.
- ҚР «Бiлiм туралы» Заңы, 27.07. 2007 ж. //Егемен Қазақстан. – 15.08.2007 ж.
- ҚР бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 07.12. 2010.
- ҚР мемлекеттiк жалпыға міндетті стандарты. Бастауыш, негізгі ортажалпы орта бiлiм. – Астана, 2010. – 16 б.
Анықтамалар
Магистрлік диссертацияда сәйкес анықтамалары ментөмендегідей терминдер қолданылды:
Экология – [гр. oikos] – үй, тұрақ, мекен және логос – ғылым деген сөзінен шыққан; тұрақ, мекен туралы ғылым деген мағынаны білдіреді, яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын, айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым[16, 18].
Экологиялық білім – әр түрлі деңгейдегі экожүйе мен геожүйе қызметінің жалпы заңдылықтары мен барлық тіршілік иелерінің (адамды қоса) тіршілік ортасын зерделеу арқылы қоғамды экологияландыру, жаңаша экологиялық ойлау мен экологиялық дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған оқыту жүйесі[16].
Экологиялық тәрбие – адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатында жас ұрпаққа қоршаған ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану, оны қайта жаңғырту тәжірибелерін үйрету үрдісі[16].
Экологиялық білік – табиғатты тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, оны тиімді пайдалану мен қайта жаңғыртуды жүзеге асырудағы іс-әрекеттер[22].
Экологиялық қарым-қатынас – табиғатты танып білуге, оны қамқорлығына алуға, қайта жаңғырту мен сақтауға бағытталған танымдық қызметтің маңызды бөлігі ретінде «табиғат-қоғам-адам» іс-әрекет жүйесіндегі адамның қоршаған табиғи ортамен үйлесімді қатынасы[22].
...