Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ғабит Мүсірепов шығармашылығы

Автор:   •  Декабрь 14, 2022  •  Реферат  •  3,893 Слов (16 Страниц)  •  367 Просмотры

Страница 1 из 16

 МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. Ғабит Мүсірепов шығармашылығы

2. Ғ.Мүсірепов әңгімелеріндегі жаңашылдық

2.1.Ғ. Мүсірепов әңгімелеріндегі аналар бейнесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі қaзaқ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі - Ғабит Маxмұтұлы Мүсірепов ұлттық сөз өнері тариxындaғы зор тұлға. Жазушымыз қазақ әдебиеті ғана емес , бүкіл көп ұлтты кеңес әдебиетінің асыл қорына үлес болып қосылған құнарлы туындылар берді. 

     Жазушының шеберлік шыңдау мектебі, «әсемдік әлемінің» алғашқы баспалдағы– прозаның шағын түрі әңгіме болды. Жазушы Ғ.Мүсірепов шығармашылығы қазіргі қазақ әдебиетінде тақырып байлығымен, жаңалығымен ғана емес, стильдік шеберлігімен де ерекшеленеді. Курстық жұмысымызда Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің тақырыптық сипаты мен оның жаңашылдығы көрсетіледі. Ғ.Мүсірепов әңгімелеріндегі  ана циклі - үлкен гуманист жазушы қолынан шыққан терең гуманистік туынды . 

Курстық жұмыс мақсаты : Ғ.Мүсірепов әңгімелеріне  жүйелі талдау жасау.

Курстық жұмыстық міндеттері :

  •  Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің идеялық-көркемдік мәнін ашу;
  • Образдар табиғатын талдаумен қатар, оның суреткерлік ерекшеліктерін көрсету;
  • Жазушы  әңгімелеріндегі тақырыптардың  жаңашылдығын анықтау ;

Курстық жұмыстың зерттеу нысаны мен дереккөзі. Зерттеу нысанына Ғ.Мүсіреповтің «Таңдамалы әңгімелер» (1979), С.Жұмабековтің «Ғабит Мүсірепов» (1989), М.Бекбергеновтің «Ғабит Мүсіреповтің прозасы» (1990), Б.Смановтың «Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығын оқыту» оқу-әдістемелік құралы (2002) , С. Әшімбаевтың  «Әдеби сын» және де тағы басқа зерттеулер, диссертациялық жұмыстар мен баспа бетінен жарық көрген ғылыми мақалалар пайдаланылды.

Курстық жұмыстың жазылу әдісі. Жұмыста жүйелі-кешенді, типологиялық, салыстырмалы-тарихи, тарихи-әдеби, объективті талдау, жинақтау әдіс-тәсілдері пайдаланылды.

Курстық жұмыс құрылымы:  Жұмыс кіріспеден , екі тараудан , бірнеше тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады .

1.Ғабит Мүсірепов шығармашылығы

Өзінің жазушылық жолын прозадан бастаған Ғабит Мүсірепов қазақ әдебиетіне осы жанрда үлкен үлес қосты. Оның «Қазақстан солдаты» (1948), «Оянған өлке» (1953) және «Ұлпан» (1976) романдары қазақ әдебиетінің ең озық туындылары жайында айтылғанда ең бірінші болып ойға оралады.  Ол ірі туындылар жазуға бірден келген жоқ, ал біртіндеп, үзаққа созылған жемісті еңбегінде тәжірибе, шеберлік және өмір білімдерін жинақтады. Ертеректе жазылған әңгімелері мен повестері романға барар жолдағы өзіндік сатылар болды.

       Ғабит Мүсіреповтің «Қазақстан солдаты» романы – қазақ прозасының Ұлы Отан соғысы жайындағы алғашқы туындыларының бірі. Романның парақтарында соғыстың ауыр жылдарының ұшқындары жатыр. Ғ.Мүсіреповтің кітабына соғыс жай және күнделкті құбылыс секілді келеді: шығарманың бас кейіпкері әскерилер бөлімшесінде өткелдегі тәртіпті реттеп тұрады. Моторлардың гүрілі, автокөлік гуілдерінің айқайы, дау-дамайлар мен ұрыс-керістер    көңілді романтикаға толы жасөспірімнің қияң-кескі соғыстың алғашқы күндерінен бастап күткені  бұлар емес еді.Ерлікті ұлықтап, жазушы соғыстың халыққа әкеліп жатқан бәлекеті мен қайғысын ашық түпрді және батыл көрсетеді. Жеңісті ол ақыл-ойдың, адамды сүюдің  жеңісі, прогрестің реакцияны, адамға жат фашистік идеологияны жеңуі  ретінде бейнелейді. Сарбаз бен соғыстың, тұлға мен тарихтың, адам мен халықтың мәселелерін осылай сипаттағанда Ғ.Мүсіреповтің жаңашылдық маңыздылығы көрінеді.

...

Скачать:   txt (52.2 Kb)   pdf (186.7 Kb)   docx (918.7 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club