Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бесінші сынып оқушыларының негізгі мектепке табысты бейімделуінің шартты факторлары

Автор:   •  Сентябрь 12, 2023  •  Реферат  •  17,344 Слов (70 Страниц)  •  159 Просмотры

Страница 1 из 70

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3-5

І. бөлім

1.1.Әлеуметтік-психологиялық бейімделу – жеке тұлға қалыптасуының маңызды категориясы.....................................................................................6-9

1.2.  Әлеуметтік-психологиялық бейімделудің мәні.....................................10-16

1.3 Оқушылардың орта мектепке оқу жағдайында бейімделу ерекшеліктері..............................................................................................17-21

II. бөлім

2.1 Орта  мектептегі пәндік бейімделу жұмысының негізгі бағыттары.........22-26

2.2 Орта мектептерде бесінші сыныпқа бейімделуге  бейімделуі. 5-сыныпты оқытуға бейімдеуге үлкендердің тигізетін әсері...............................................27-31

ІІІ. бөлім Диагностикалық жұмыстардың нәтижелері..............................32-63

Қорытынды.................................................................................................64-65

Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі..................................................66-68

Қосымшалар

Кіріспе

 Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын басшылыққа ала отырып, біз ұлттық мектептерде балаларды тәрбиелеуде іскер мұғалімдермен білімді ұрпақ жүйесін қалыптастыруымыз керек. Өз ұлтымыздың ұлттық қасиетін қазіргі жасөспірімдердің бойына сіңіріп, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыруымыз қажет.  

     Тұлғаның өнегелілік, адамгершілік сана-сезімін, түсініктерін, әлеуметке деген қатынасын көрсететін мінез - құлықтарымен әдеттерін дамытудағы психологиялық механизмдерді аша отырып, жасөспірімдік шақтағы сана-сезімнің қалыптасуымен әлеуметтік- психологиялық бейімделу  шарттарымен ерекшеліктерін қарастырып, зерттеу - жұмысымыздың өзектілігіне дәлел. Өскелең ұрпақты дамытуда соңғы жылдары әлеуметтік- психологиялық бейімделуін дамыту мәселесі жалпы тәрбиенің өзекті саласы ретінде әр түрлі ғылыми зерттеулердің обьектісіне айналуда. Тәрбиенің міндеті жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеп жетілдіру. Ол бүкіл адамзаттық мәдени байлық атаулыны меңгертуді көздейді. Бұл мәселелерді кіріктіре қарастыру білім беру мен тәрбие ісінің әдіснамалық ұстанымы болып саналады. Ббуыннан ортаңғы буынға өтудегі оқушының психологиялық бейімделу аспектілерін айқындауды зерттеудің негізі етіп алдық.

              Зерттеу тақырыбының өзегі болып отырған әлеуметтік - психологиялық бейімделу мәселесіне арналған көптеген жұмыстар бар. [28] Ол зерттеулер екі топқа бөлінген сұрақтар аумағында шоғырланады. С.Д.Артемов, К.М.Хайлов, В.И.Вершинина, В.П.Казначаев, И.А.Милославова, В.А.Ядов, Ананьев Б.Г, Божович Л.И, Леонтьев А.Н, Рубинштейн С.Л. Спиркин А.Г. Чеснокова  еңбектерінде тұлғаның бейімделу мәселелері  контексінде жалпы теориялық және әдіснамалық тұрғысынан талданған. А.Бодалевтің зерттеулерінде әлеуметтік перцепцияға бағытталған басқа адамдарды және өзін тануға байланысты сұрақтарға қызығушылық танытқанын көруге болады. [34]

Әлеуметтік – психологиялық бейімделудің қажеттілігін бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық дамуда көрсетіп отыр. Бүгінгі нарықтық қатынас жағдайында тек кәсіби жоғары дайындық қана емес, үнемі өзгеріп тұратын сыртқы ортада белсенді әрекет жасай алатын адам ғана бәсекелесітікке түсе алады. Бейімделу мәселесі білім беру аймағында да аса өзекті. Оқуға бейімделу психофизиологиялық, әлеуметтік тұрғыда өзара байланысты. Мектеп оқушыларының функционалдық жүйесіне үлкен ықпал ететін бейімделу үрдісінің шиеленісуі байқалады.  Баланың оқуға бейімделе алмауынан денсаулығы нашарлап, оқу үлгерімі төмендейді, жағымсыз әлеуметтік статусты иеленеді.

  Ортаға және оқуға бейімделу мәселесі баланың алдында үздіксіз тұрақты: оқудың басталуы, негізгі мектепке көшу, жоғары сынып, кәсіби оқу орындары.

          М.Н. Дудин «мектептегі бейімделу мәселесінде 10-11 жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері толық қарастырылмаған»- деп көрсетеді. Бейімделу мәселесі көптеген авторлар еңбектерінде қарастырылған. А.П. Сорокин, С.И. Степанова, Г,В. Стрельников, А.Н. Вазин бейімделу үрдісінің кезеңдерін бөледі, И.Д. Калайков өркениет дамуындағы бейімделу рөлін зерттесе, В.К. Лабутин адаптацияның биохимиялық түрлерін зерттеді.

...

Скачать:   txt (246.1 Kb)   pdf (682.4 Kb)   docx (222.3 Kb)  
Продолжить читать еще 69 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club