Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие
Автор: Nazira Duisengazieva • Октябрь 28, 2020 • Реферат • 1,467 Слов (6 Страниц) • 958 Просмотры
ТАҚЫРЫП: ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ
Жоспар:
1. Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым.
2. Экологиялық тәрбиенің мақсаты, міндеттері.
3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.
4. Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбиенің мәні
Негізгі әдебиеттер:
- Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Алматы 2000- 149б
- Ш. Құрманалина,Б.Мұқанова,Ә.Ғалымова, Р.Ильясова. Педагогика. - Астана, 2012- б
- Ш. Құрманалина,Б.Мұқанова,Ә.Ғалымова, Р.Ильясова. Педагогика. - Астана, 2014 – 119б
- Меңжанова А. Экологиялық тәрбие.// Бастауыш мектеп. 1999, №1-2, 46 бет.
- Сарыбекова Қ.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.// Бастауыш мектеп,1999, №7,28 б.
- Ысқақов Қ. Жас табиғат қорғаушысы. //Бастауыш мектеп, 1999, №11-12, 34 бет
- Есеналина Н. Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың философиялық негіздері.// Қазақстан мектебі, 2001, №6, 23 бет.
Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым. Экология - 200 жылдың тарихы бар жас ғылым. Экология терминін неміс биологы Эрнест Геккель(1968ж.). "Естественная история происхождения" атты кітабында алғаш рет қолданған. Экология - "ойкос" деген грек сөзі, "үй, баспана" ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша экология - зоологияның бір тармағы, жанды мақұлықтардың органикалық және анорганикалық ортамен өзара қатынасын зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология ішінде пайда болды. Экологияны ғылыми негіздеген эволюция туралы ілімнің негізін салушы ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин, оның анықтауы бойынша экология тірі ағзалардың ортадағы тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялың ғылым. "Экология" ғылымы теориялық және тәжірибелік маңызы бар барлың ғылымның кешенді негізінде тез дами бастаған салаға айналды. Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудың ғылыми-теориялық негізі. Әрбір саналы адамның экологиялық көзқарасын қалыптастыру – адамның мінез–құлқы мен іс–әрекетін осы бағытта қамтамасыз етуге ықпал жасау бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда жеке ғылым болып, жүйелі зерттеліп келе жатқан экология саласының өзіндік ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ұсынған 2050 Қазақстан- стратегиялық бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл бөлінгенін атап өткен жөн. Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын[1]. Аталған құнды құжаттарды басшылыққа ала отырып, кез келген ұстаз өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне сай жүргізуі тиіс. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, прасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологияларымен қарқынды өсу жағдайына өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне де қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда. Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мумкін емес. Әлемдік дәрежедегі экологиялық жағдайды жақсартудың тұрақты бағдарын ұстану үшін адам санасын қалыптастыруда түбегейлі өзгерістер қажет. Ал бұл жаппай экологиялық білім алу ісін жолға қоймай мүмкін емес. Экологиялық білім мен тәрбие қоғамның әрбір мүшесіне бағытталып, оған табиғатты қорғау және көркейту шараларын үйретуді көздейді. Мұның түпкі мақсаты – табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын экологиялық тұрғыда саналы жеке тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін біріншіден, білім алушыға, тәрбиеленушіге жаратылыс пәндерін негізге алып, белгілі дәрежеде экологиялық білім беру; екіншіден, осы білімін табиғатты қорғау мен көркейту ісіне бағыштай білуге тәрбиелеу қажет. Осы аталған екі шараны тиімді ұштастыру нәтижесінде оқушыда қоршаған табиғи ортаға жауапкершілік көзқарас қалыптасып, жалпы адамдзат мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық мәдениет дамиды. Қазіргі республикамызда қоршаған орта жөніндегі білімді дамытудың құқықтық негіздері қалыптасты: Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заңында (63-65 баптар), Қазақстан Респуликасының “Білім беру туралы” Заңында (3 бап) білімнің экологиялық бағыты мемлекеттік білім беру саласындағы саясаттың негізгі ұстанымы ретінде анықталады[2].
...