Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының операцияларын мемлекеттік реттеу

Автор:   •  Февраль 1, 2018  •  Реферат  •  5,408 Слов (22 Страниц)  •  1,055 Просмотры

Страница 1 из 22

                                      МАЗМҰНЫ

Кіріспе......................................................................................................................3

  1. Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының пайда болуы......4

1.1        Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының эволюциясы.......5

1.2        Лицензия мен ноу-хаудың әлемдік нарығы ...............................................7

2        Лицензия мен ноу-хаудың әлемдік нарығының қазіргі жағдайы мен даму перспектикалары..................................................................................9

2.1        ХХ ғасырдың екінші жартысында лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының өсу динамикасы..............................................12

2.2        Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының жағрафиясы.....14

3        Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының операцияларын мемлекеттік реттеу......................................................................................16

           Қорытынды................................................................................................19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................25

КІРІСПЕ

Берілген курстық жұмыстың тақырыбы болып, «Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасы» таңдалды. Жоғары технологиялар мен төңкерістік зерттеулер дәуірінде халықаралық экономикалық қатынастардың бұл саласы өзекті болып табылады. Қызметтің бұл түрі бұрын мемлекетіміздің немқұрайлы көзқарасында болғандықтан, Қазақстанда лицензиялар мен ноу-хаудың шетел елдермен саудасының тиімді құрылған жүйесі жоқ. Соған қарамастан, Қазақстанның лицензиялардың халықаралық экспорты мен импорты бойынша дамыған елдер деңгейіне көтерілу мүмкіндігі бар, өйткені бүгінгі күні мемлекет экономикасының өркенді дамуы үшін бұл өте қажет.

Қазіргі кезде лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасына әлемнің барлық дерлік елдері қатысады. Қатысу белсенділігінің деңгейі, ең алдымен, экономика дамуы мен ғылыми-техникалық мүмкіншіліктері арқылы анықталады. Сондықтан, лицензиялар мен ноу-хаудың әлемдік саудасының 90%-ы өнеркәсіпиік дамыған Батыс елдеріне келеді. Бүгінгі күні өндірістің ғылыми сыйымды салаларында, өнімдері әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті барлық белгілі өндірушілер шетелдің жетістіктерін пайдаланады немесе өз жаңалықтарын нарықта лицензиялар ретінде ұсынады. Сондықтан, отандық техника мен ғылым саласының дағдарысы жағдайында елімізде лицензиялық қызметті белсендіру үшін тұрақты база және қуатты негіз құрылуы тиіс.

Осының бәрі есепке алынып, курстық жұмыстың келесі мақсаты анықталды: лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасын қоғамдағы экономикалық қатынастардың саласы ретінде қарастыру.

Аталған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер пайда болды:

  • бұл сауда саласының пайда болу тарихы мен эволюциясын зерттеу;
  • соңғы онжылдық ішінде лицензия мен ноу-хаудың даму динамикасын бағалау;
  • берілген саланың қазіргі жағдайын зерттеп, мүмкіншіліктерін анықтау.

1    Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасының пайда болуы

Табиғат заңдылықтарын тану, технологиялар жасау, техникалық білім, тжірибе мен еңбек дағдыларын жинау үрдісінің тамыры адамның саналы қызметінің терең тарихында жатыр. Оның дамуының барлық кезеңдерінде адамның ойлап табу, жасап шығару қызметі техникалық прогресс пен қоғамның өндіргіш күштері дамуының міндетті шарты болып табылады. Бірақ түрлі экономикалық формациялар үшін ғылыми жаңалықтарды, тәжірибені, адам білімін пайдаланудың өзіндік шарттары мен әдістері болады.

Капиталистік кезеңге дейінгі уақытта технологияларды жасау мен тарату үрдісі баяу жүрді. Әрине, бұл кезеңде де дәстүрлі құралдарды ауыстырып, еңбек тәсілдерін жаңартуы үшін өндірушілерді қосымша өнім беру арқылы ынталандырды. Бірақ, қоғамның еңбек бөлінісінің әлсіз дамуы, ойлап шығару деңгейінің төмендігі және пайдаланудың шектеулілігі есебінен жаңалықтар ел экономикасында маңызды орын ала алмады.

Өндірістің капиталистік тәсіліне өткеннен кейін ғылыми-техникалық жетістіктердің қоғам дамуында ролі түпкілікті өзгеріп, нарықтарда шиеленіскен бәсекелестік күресте олар шешуші роль атқара бастады. Құндылықтар теориясы бойынша, өзінің жеке құны нарықтағыдан төмен тауарлар қосымша құн немесе қосымша пайда құра алады, ал жеке құны нарықтағыдан жоғары тауарлар оларда болатын қосымша құн ала алмайды. Нарықты экономикаға көшкен елдердің кәсіпорындарында ойлап шығару қызметінің негізгі ынтасы болып, қосымша пайданы алу табылды. Олар үшін жаңалықтар, жетістіктер, техникалық білім мен тәжірибелер, ең алдымен, қосымша пайданың тасушысына айналды және бұл жергілікті және халықаралық нарықтарда тауар өндірушілердің ерекше орнын айқындады.

...

Скачать:   txt (79.9 Kb)   pdf (317.9 Kb)   docx (35.4 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club