Экологиялық туризм
Автор: zmas • Январь 29, 2018 • Реферат • 1,106 Слов (5 Страниц) • 2,784 Просмотры
Экологиялық туризм
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
- Экотуризмнің қағидалары
- Экотуризмнің түрлері
- Ауылдық туризм географиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Экологиялық туризм
Экологиялық туризм — туризмнің жаңа шыққан түрлерінің бірі; сауықтырушылық, танымдық, қарым-қатынастық қажетсінулер ұштастырылатын, халықтың тынығуға қатысты қажетсінулерін неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін туризм саласы. Экологиялық тұрғыдағы корнекті орындарды (ұлттық саябақтарды, табиғат ескерткіштерін, табиғат қорғау проблемалары неғұрлым оңтайлы шешілген аумақтарды, экологиялық ұйымдардың, "жасылдар" қозғалысының бұқаралық шараларына қатысу, аралап қору қоса жоспарланған саяхат болып табылады. Оған экологиялық білім беру және ағарту элементтері міндетті түрде қамтылады.
Экологиялық туризмнің өте қарқынды дамуына қарамастан, әлемдік туристік нарығындағы үлесі, ЮНВТО сарапшарының мәліметтері бойынша 7-10 % - дан аспайды. Мұның себебі стандарттық туристік қызмет көрсетулер тұтынушысының “экологиялық” деген сөзді демалыстың жайсыз жағдайымен байланыстыруында болуы тиіс (жайлы төсектің болмауы, нашар киім мен тамақ, шаң – тозаң, маса және т.б. Жайсыздықтар, ал бұл дұрыс емес). Алайда кейбір елдерде – Кенияда, Коста-Рикада және т.б. – экотуризм экономиканың қуатты саласына айналуда.
Экологиялық туризм:
- Табиғатқа (жабайы табиғатқа да, адам өзгерткен табиғатқа да) беті ашық және көбінесе, табиғат ресурстарды пайдалануға негізделуі;
- Біздің тіршілік ортамызға зиян келтірмейтін немесе оны мүмкіндікше азайтатын, яғни экологиялық тұрақты болуы;
- Міндетті түрде экологиялық білім мен ағартуға, табиғатпен үйлесімді қатынасты қалыптастыруға бағытталуы;
- Жергілікті әлеуметтік – мәдени ортаның сақталуы туралы қам жеуі;
- Экономикалық тарапынан тиімді және іске асырылатын аудандардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуі тиіс.
Экотуризмнің қағидалары
- Табиғатқа (жабайы табиғатқа да, адам өзгерткен табиғатқа да) беті ашық және көбінесе, табиғат ресурстарды пайдалануға негізделуі;
- Біздің тіршілік ортамызға зиян келтірмейтін немесе оны мүмкіндікше азайтатын, яғни экологиялық тұрақты болуы;
- Міндетті түрде экологиялық білім мен ағартуға, табиғатпен үйлесімді қатынасты қалыптастыруға бағытталуы;
- Жергілікті әлеуметтік – мәдени ортаның сақталуы туралы қам жеуі;
- Экономикалық тарапынан тиімді және іске асырылатын аудандардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуі тиіс.
Экотуризмнің бес басты қағидаларымен бірге олармен байланысты біраз оның қосымша өзіндік белгілері мен ерекшеліктерін атап айту қажет. Мысалы:
- туристер пайдаланатын транспорт экологиялылық болса
- Тур бағдарламасына оқулық экологиялық соқпақтарға, табиғаттанулық, өлкетанулық мұражайларға, экотехнологиялық шаруашылықтарға бару және міндетті түрде жергілікті экологиялық мәселелерді тану сияқты іс- шаралар кірсе
- туристердің тағамдары экологиялы таза әрі пайдалы, болса және құрамына жергілікті өнімдер кірсе
- Қоқыстар жй ғана қоқыс үйіндісіне тасталмай, арнайы әдіспен жиналып, экотехнологиялық қайта өңделуге жіберіліп тұрса
- Туристер мүмкіндігінше жергілікті экологиялық проблемаларды шешуге септігін тигізсе
- Туристердің желілері және білікті гидтер оларды қызықты әрі экологиялық рнды табиғи және мәдени ландшафтарға апарса
- Аялдамалар, бивактар, әсіресе, от жағатын жерлер тек арнайы жабдықталған орындарда ғана ұйымдастырылса
- Саңырауқұлақтар, жеміс-жидектер, гүлдер, емдік шөптер, кез-келген табиғи заттар белгіленген уақытта және рұқсат етілген жерлерде ғана жиналатын болса.
Экотуризмнің түрлері
Жалпы айтқанда экологиялық турларды көптеген белгілер: қозғалыс әдісі, қатысушылар құрамы, ұзақтығы, турис тердің өз елінің шекарасынан алыстығы, т.с.с. Бойынша жіктеуге болады. Дегенмен, екі белгіні – мақсаты мен объектіні ең маңызды деп атау керек.
Негізгі мақсаты бойынша экотурлардың мынандай түрлерін анықтауға болады:
...