Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халық педагогикасындағы экологиялақ тәрбие

Автор:   •  Ноябрь 28, 2018  •  Реферат  •  2,445 Слов (10 Страниц)  •  2,682 Просмотры

Страница 1 из 10

Халық педагогикасындағы экологиялақ тәрбие

  1. Қазақ халқы табиғатты қорғауға ерекше мән берген . Біздің халықтын алғашқы өмірі көшіп-қонудан басталғаны белгілі .Қазақтың жағрапиясы – кең дала , өзен,көл, бетпақ дала ,бұлғыр тау ,адыр мен озендер, сай-сала, сұлу көл , қамысты көл ,шөл дала, қарағай өскен кеңістік , т.б  Қазақ халқы өзінің кең даласын кең пейілге,кең дүниеге теңейді.  Сыртқа шықса көз алдында дала тұрды . Табиғат-халқымыздың төл бесігі .Оның суығына тоңса да, ыстығына күйседе,айсыз түнде адасса да, батпағына батса да, қазақ халқы одан айныған жоқ . Басқаның шырайлы жеріне қызықпады. Тағдыры көшумен байланысты болды . Табиғаттың сырларын терең білмесе де , қазақ көне заманнан бастап айға ,күнге табынды.

         Табиғат аясында өмір бойы көшіп-қонып жүріп, біздің ата-бабаларымыз оңын сырын игерген ,сан сапалы кұбылыстарын бағалай білген . Табиғат кұбылысына қарай өз шаруашылығын ұымдастырды. ‘’Дауыл болмай, жауын болмас , сәуір болмай, тәуір болмас’’ деп қыстың  түсуін, құстардың жылы жаққа қайта бастағанын аңғарады. Мамыр айы басталмай, қозы-лағын қорадан шығармады. ‘’Қауыс- кәрі-құртанды тауыс’’ деп, қысқы бағымға көнбейтін жадау малдарынан кұтылу керектігін ойлады.

         Жерге табыну мекенге, қонысқа, жайлауға байланысты болды. Ата-бабалар қонысы- ұрпақ үшін тек ардақты ғана болмай, қасиетті де болды.Оның айналасын таза ұстап , малын маңына жаймады. Мекенге ат қою, елдің,ел ақсақалдарының есімін мәңгі қалдыру ниетінде болды. Жер атаулары сол араға орнатылған ескерткіштермен бірдей.Ата-баба жерленген мекендерді  қорым дейді. Ал аса шүйгін шөбі,шабындығы бар жерлерді қорық дейді . Дала кейде шексіз, шетсіз деген ұғымды береді. Сол даланы мекендеген қазақтың көптеген қасиеттері де далаға ұқсас . Олар; ақкөнілділік,мырзалық, қонақжайлылық,қайырымдылық.

  1. Шаман дінінде табиғатқа және жануарларға табыну үлкен орын алды. Әсіресе , ата-баба рухына табыну күшті көрінді . Қазақтардың ең биік құдайы – Тәңір болып есептелді. Барлық қайғы-қасірет, жұт,бақытсыздық қазақтар санасында Құдайдың бұйрығымен байланыстырылды. Табиғаттын басқа күштеріне күн, ай, жұлдыз енгізілді.Одан куаты аздауға тау, көл,қырларды жатқызды. Ата-баба аруағына табыну ұзақ уақыт сақталды.

       Қазақ халқының арғы аталары табиғи климат, ауа райы жағдайларына назар аударды. Қазақтардың осы қабілеті туралы М.Дулатұлы; ‘’Қырғыз табиғи, әәлеуметтік ортада бірден-бір тіршілік көзі мал үшін өмір сүреді … мал бағу –ең басты, бірден бір мақсаты… Осыған байланысты қазақ халқында әр түрлі ауа райының сәл өзгерісін тез байкап қалу қабілеті дамыды ..  Қазақтар 12 жылды есептеп , қоян жылы құрғақшылық , боран, көктайғақ болатынын білген’’.-деп жазды.

190 бет

Адамдардың шаруашылық өмірі табиғатпен тығыз байланысты болып,әлеуметтік өмірмен ұштасып, рудың үлкендерін сыйлауды, өз руластарына көмектесүді талап етті . Этнолог жазушы  А .Сейдімбек  ‘’Көшпелі өмір дәулет әкелу үшін, ең алдымен, уақыт және кеңістік ұғымын менгеру керек болды’’,-дейді. Көшпелі қазақтар уакытты кеңістіктен бөлген жок. Мысалы, ‘’ұзақ’’уакытқа да,кеңістікке де қатысты айтылады.

       Малдың төрт түрін өсіру үшін жақсы жайылым тандау жеткіліксіз екенін сезген халық, оларды кай уакытта бағу керек екенін  белгілеген. Халық түсінігінше ‘’Әрбір айдың өз мінезі бар .Олай болса, жайылымның қасиеті, сапасы уакытқа тәуелді. Осы байланыс орнап, бақылау өмір тәжірибесіне, өмір тәжірибесі ережеге, содан соң заңдылыққа айналу керек’’ Заңдылық өмірге еніп, әдеттегі құбылысқа айналады. Қазақтың халық педагогикасындағы асыл мұралардың бірі-табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі мен оны аялаушылық касиеті . Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз туған жер,өлке,өскен ел, атамекен ,өзен,көл,асқар тау сияқты тұла бойыңа нұр беріп, жүрегінді шымырлататын аса қымбат сөздермен қатар тұрады. Қазақ халқының бар өмір –тіршілігі табиғатпен тікелей байланысты болған. Адам баласы табиғатты ‘’Ана’’деп құрметтейді. Ата-бабамыз туған жеріне кіндік қанын ғана тамызып қойғмаған, қажет болса,жүрек қанын да төге білген. Ата-бабаларымыз баланы құрғақ өсиет, ақыл айту мен емес, жеке бастың үлгісін көрсету, насихаттау арқылы қоршаған ортаны қорғауға, аялай білуге тәрбиеленген . Ол үшін табиғат пен адам өміріне байланысты қызықты ертегілер, әнгімелер,өлендер,мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтып, халықтық болжамдар мен тұжырымды үнемі үлгі етіп отырған.

...

Скачать:   txt (25.1 Kb)   pdf (210 Kb)   docx (19.3 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club