Педагогика әдіснамасының мәнін зерделеу ұстанымдары
Автор: Elvira0211 • Сентябрь 26, 2021 • Контрольная работа • 11,123 Слов (45 Страниц) • 479 Просмотры
2-ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
2.1. Педагогика әдіснамасының мәнін зерделеу ұстанымдары
Әдіснаманы, көптеген ғалымдар, танымның жалпы әдістері туралы ілім, қоғамдық өмірді зерделеудің диалектикалық-материалистік ұстанымдары мен тәсілдеріне негізделген идеялар жиынтығы деп анықтайды. 90-жылдарға дейін кеңестік ғалымдар өз зерттеулерінде ресми қоғамдық-ғылыми теория болып табылатын марксизм-ленинизм әдіснамасын басшылыққа алған болатын. Әдіснаманың мемлекеттік идеологияға тікелей бағынышты болуына байланысты, зерттеулер түрлі салаларындағы партиялық-мемлекеттік саясат жетістіктерін насихаттау бағытында жүргізілді. Дегенмен, қайта құрудың соңғы кездерінде ғылыми еңбектерде партиялық ұстаныммен қатар, тарихилық және объективтілік ұстанымы жиі қолданыла бастады. ХХ ғасырдың 80-90 жылдары маркстік-лениндік әдіснамадан ғылыми зерттеудің көп түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдануға көшу байқалды.
1990-жылдары біздің елімізде болған әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар ғылыми зерттеулер әдіснамасының өзгеруіне әкелді. Жаңа қоғамдық-экономикалық жағдаяттың пайда болуы еліміздің тарихи өткен жолында қалыптасқан ұғымдарды, тұжырымдамалар мен тұғырларды қайта бағалаумен қатар жүрді. Осы жылдары ғылымдағы өткір дағдарыстың көрінісі қоғамтанудағы бұрынғы әдіснамалық ұстанымдарды жаппай сынға ұшырату болды. Оның ішінде, жаңа қоғамдық құрылысты бастап алып жүретін күрделі үдерісті зерттегенде диалектика ұстанымы да одан тыс қалған жоқ. Қазіргі уақытта, ғалымдардың пайымдауынша, алынып тасталған әдіснаманың орнына жаңа әдіснама орныққан да, жасалған да жоқ. Қазіргі зерттеулер түрлі теориялық және дүниетанымдық бағдарларды басшылыққа алады.
Педагогика әдіснамасының қалыптасу үдерісін талдап қорыту, оны түсінудің белгілі ұстанымдарын біріктіретін ортақ белгіні анықтауға және олардың айырмашылықтарын белгілеуге мүмкіндік береді. Мұны талдауда Ю.К. Бабанский, В.И. Загвязинский, Б.С. Гершунский, В.Е. Гмурман, В.В. Краевский, М.Н. Скаткин және басқалардың әдіснамалық еңбектеріне сүйенеді.
Айталық, ғалымдар педагогика әдіснамасы мәселелерін шешу философиялық және ғылымтану әдебиеттерінде түрліше түсіндіріледі деп пайымдады. Бір авторлар әдіснаманы – әдістер туралы ғылым, басқалары - философиялық үдерістер қолданылатын сала, үшінші біреулер - әдіснама тек жалпы емес, сонымен қатар, нақтылы (басқа терминология бойынша – арнаулы) зерттеу әдістерін жинақтауға арналған деп түсіндіреді. Аталған қарама-қарсы көзқарастар әдіснамалық мәселелердің өрісін не қисынсыз тарылтады, не ұлғайтып жіберетіні белгілі. Педагогика әдіснамасының мәнін ашып көрсету бағытындағы алғашқы тұғырлардың бірі гносеологиялық деп аталады. Бұл атау педагогикалық әдіснама ұғымына туыстас «әдіснама» ұғымы ғылыми әдебиетте «гносеология» немесе «таным теориясы» ұғымдарына жақындығымен сипатталады.
Аталмыш тұғырды жақтаушылар педагогика әдіснамасының бір бағыты – педагогикалық болмысты танып-білу әдістеріне немесе педагогикалық объектілерді тану үдерісінің өзі туралы ғылымға баса мән береді. Бұл ретте, педагогикалық болмысты тану және түсіндіру әдістерін толықтыру, жаңартудың факторлары мен бастаулары, сондай-ақ, педагогикалық болмысты қайта құру әдістері туралы ғылым ұзақ уақыт назардан тыс қалып келді. Педагогикалық әдіснаманы бұлайша түсінуге сәйкес, белгілі отандық әдістемеші М.А. Данилов былай деп жазды: «Педагогика әдіснамасы – дамушы қоғам жағдайында үздіксіз өзгерістегі педагогикалық болмысты дәл сипаттап көрсететін ғылымды қалыптастырудың қағидалары, тұғырлары және тәсілдері туралы педагогикалық теорияның бастапқы ережесі, негізі және құрылымы туралы білімдердің жүйесі болып табылады».
Педагогика әдіснамасын гносеологиялық мектептің (И.С. Ладенко) дербес ғылыми пәні
...